9. Заттың, ауаның температурасымен байланысты қолданыла-
тын сын есімдер:
жылы, суық, са.щын, дымқыл, ылғалды, ызғы-
рық,
т. б.
10. Адамның не жан-жануарлардың жас мөлшеріне байланыс
ты қолданылатын сын есімдер:
қарт, жас, кәрі, балғын, сәби,
т. б.
11. Заттардың сыртқы формасымен байланысты қолданылатын
сын есімдер:
дөңгелек, сопақ, үиікіл, тегіс, жүмыр,
т. б.
12. Табиғи құбылыстармен байланысты қолданылатын сын
есімдер: 1)
жарық, қараңғы, күңгірт,
т. б., 2)
жауынды, қарлы,
боранды, желді, дауылды,
т. б., 3)
аиіық, бүлтты, түманды, т. б.
13. Заттардың мөлшерлік сынымен байланысты қолданылатын
сын есімдер:
аз, көп, іиағын, қыруар, титтей, мардымсыз,
т. б.
14. Адамның тұрмыс жағдайымен байланысты қолданылатын
сын есімдер:
бай, кедей, жарлы, кембағал, дәулетті, сіңірі иіық-
қан,
т. б.
15. Дағдыланған әдетке байланысты
қолданылатын сын есім-
дер:
жылауықөтірікші, қаіиқақ, үялшақ, сөзуар, тапқыр, бақы-
рауық, үйқыиіыл,
т. б.
16. Адамның қадірі, заттардың құнына байланысты колданы-
латын сын есімдер:
қадірлі, қүнды, қимас, ардақты, тегін, ар-
зан,
т. б.
17. Адамның, жан-жануардың сыртқы сымбатына, көркіне бай
ланысты қолданылатын сын есімйер:
сүлу, келісті, сымбатты, кө-
ріксіз, мыржық,
т. б.
Лексика элементтері арасындағы синтагмалық қатынастар
Тілді система деп тануда параднгмалық қатынасты монындау-
мен бірге синтагмалық байланыстардыц бар екендігін де монын-
дау керек. Синтагмалық байланыс сөздердің сөйлем құрамында
келіп өзара байланысу негізінде жасалынады. Сондықтан да
В. М. Солнцев «Синтагмалы қатынас
деп сөйлеу кезінде ұзындық
бойынша (бірінен соң бірі келіп — О. М.) өзара байланысқан тіл
элементтерінің арасындағы барлық байланысты айтамыз» — деп
анықтама берсе (Солнцев 77, 70), И. И. Ковтунова «Синтагмалық
қатынас сөйлеу процесінде бірінен кейін бірі келу принципіне
сүйенеді, бұл бір уакыттың өзінде екі элементтіц қатар келуіне
шек қояды»,— дейді (Ковтунова 79, 288) *. Шындығында да сөй-
леу кезінде сөздер бірінен кейін бірі
келіп өзара тіркесіп қолда-
нылады да, олар арасындағы байланыс белгілі бір зацдылыққа
сүйенеді. Мысалы,
Қансонарда бүркітші шығады ақға,
Тастан
түлкі табылар ақдығанға
(Абай) деген үзіндініц құрамындағы
сөздер бірі екіншісімен байланысып тұр.
Бірақ бұл байланысты
парадигмалық байланыс негізінде анықтау мүмкін емес, басқаша
қасиетке не. Егер сөз табымен байланыстырып қарайтын болсақ,
олардың барлығы бірдей бір сөз табыиа енбейтіндігі, олар өзара
түрлену үлгісімен де,
синонимдік, антонимдік мағына байланыс-
тарымен де ұштасып жатпайды, бірақ араларында байланыс бар.
192
Қансонарда бүркітіиі шыгады аңға
дегендегі
шығу
етістігі басқа
сөздермен түрлі грамматикалық формаларда
келсе де байланыса-
ды. Сондықтан да
бүркітіиі шығады, аңға шығады, қансонарда
іиығады
деген тіркестерін айта аламыз. Бұл тіркескен сөздердің
табиғаты бір түрлі
болмағанымен, бірі предикациялық қатынасты
(бүркітіиі іиығады),
екіншісі объектілік қатынасты
Достарыңызбен бөлісу: