Б, д
дыбыстары жа-
зылуда сөз соңында жазылса да айтылуда
п, т
дыбыстарындай
айтылады (Хозирги 1, 47) *. Сөз басында келгенде
б
дыбысы
м
дыбысындай айтылады. Мысалы,
бундай-мүндай, бурун-мурун
,
буюм-муюм
т. б. Сөз ортасында екі дауысты дыбыстың аралығьін-
да келген
г
дыбысы
и
дыбысына айналып кетеді. Мысалы,
кигиз-
кийиз, сигир-сийир, тегиб-тийиб
т. б. Сөз соңындағы қатаң
қ
ды
бысы айтылуда
ғ
болып айтылады. Мысалы,
ңуруқ-қуруғ, учук,-
учуғ, башық-боиіиғ
т. б. (Хозирги 1, 68).
Тілдің баска да дыбыстарға байланысты зандылықтары бар.
Бірақ бұлардың барлығы да дәуірлер бойына қалыптасқан, олар
мағына мен формалардың арасындағы байланыстың қалыптасуы-
на жағдай жасаған '. Сондай-ақ қазақ тілінің заңдылығы бойын
ша езу дауысты дыбыстар сөздің барлық буынында кездеседі.
Ал
дауыссыздардан
ж, м, с, т, к, қ, н, з
сыяқтылар сөздің барлық дең-
гейінде қолданыла береді; ң тек сөз басында қолданылмаса,
б, д,
г, ғ
дыбыстары сөз соңында қолданылмайды. Сондықтан да
бем
,
ғаж, гек, саж, мез
дегендердің құрамындағы дауыссыз дыбыстар-
дың қолданылуында қазақ тілінің дыбыс заңдылығына қайшы
келетін қасиет жоқ. Демек мұнда заңдылық, жүйелілік бар, бірақ
оны сөз деп есептемейміз. Сөз болу үшін жоғарыда мысалға кел-
тірген дыбыстар тізбегі белгілі бір мағынамен байланысып келуі
керёк. Мағынамен байланыспаған жүйелі дыбысталу сөз де, мор
фема да емес.
Сөздердің лексикалық мағынасы жоқ немесе сөздер жеке тур-
ганда мағына білдірмей контекстің құрамына енгенде ғана лекси-
калық мағына білдіреді деушілердің барлығы да бірдей сөздердің
лексикалық мағынасының табиғатын түсінбейді деү дурыс бол-
майды. Мұндай қорытындыға келуіне олардың кейбіреулерінің
методологиялық көзқарасы, кейбіреулерінің зерттеу методтары-
мен байланысып жатқан принципиал мәселелері де жоқ емес. Мы
салы, тілді формал методпен зерттеушілердің кейбіреулері сөздер-
1 Дыбыстардың сөз қүрамында келу тәртібі адамдардың дыбысталу мүша-
лерінің мүмкіндігіне, үн мен салдырдың қатынасуына да байланысты болады.
40
дің көп мағыналылығы, синоним, антоним, омоним сияқты тілдік
қасиеттермен бетпе-бет келгенде өздерінің зерттеу методтарының
бұл құбылыстарды түсіндіруге келгенде дәрменсіз екендігіне көз-
дері жеткен. Сондықтан да олар бір сөзде бір ғана мағына бар,
оларды алгебралық формулалар арқылы беруге болады дегек
қағидамен өз жолдарын қорғамақ болады. Осы мақсатта олар
полисемантикалық сөздерді (бұлар тілде өте көп кездесетін бол-
са да), синонимдерді, омонимдерді тілден тыс жатқан құбылыс
деп есептейді. Мысалы, А. А. Ветров «Омоним мен синоним фор-
маль методтың қолданылу өрісін тарылтады, бірақ оны жоққа
шығармайды»,— дей отырып, «Формаль зерттеулерге негізгі тос-
қауыл болатын синонимдер мен омонимдер деп атауға негіз бар.
Бірақ синонимдер мен омонимдер барлық тілдерге тән емес»,—
деп қорытынды шығарады (Ветров 73, 38—39) *. Автор бұл пікі-
рін ары қарай жалғастырып, тереңдете түседі де тілдерді тілдік
мағынаға сүйенбей, мағынаға көңіл аудармай зерттеуге болады
ма деген сұрау қояды. Кітапшада бұл мәселенің дұрыс шешілуі
қиын дей отырып, бірнеше (үш) ескертулерден кейін тілді мағы-
наға сүйенбей зерттеуге болады деген қорытынды шығарады
(Ветров 73, 40—41) *. А. А. Ветров бұл пікірін тек сөздерге бай-
ланысты ғана емес грамматикалық категорияларға да байланысты
қолданады. «Грамматикалық құрылымның дербес екендігі, оның
мағынаға байланыссыз екендігі тіл білімінде көптен бері белгілі
болатын»,— деп айтса да (Ветров 73, 16), ондай пікір айтқан өзі-
не дейінгі авторлардың атын көрсетпеген. Ол формаль методтың
ғылыми метод екендігін, тілдің ішкі заңдылықтарын ашуға себі
тиетіндігін көрсетумен бірге, ондай метод үшін сөз мағынасы,
жалпы мағына деген түсініктің жат екендігін де көрсетеді. Тілдің
функционалды қатынасын формаль методпен зерттейтін тіл білі-
мінде семантикаға орын жоқ екендігін ескертеді (Ветров 73, 65).
Эрине таза ғылыми мақсатта сөздердің, грамматикалық форма-
лардың мағыналарын саналы түрде есепке алмай, олардың тұл-
ғасын не тұлғаларының ара қатынасын зерттеуге болады. Бірак
бұл сөз мағынасын, грамматикалық формалардың мағыналарын.
жоққа шығару деген сөз емес (Общее 70, 118; Литвин 84, 4)*, тіл
элементтерін зерттеудің қосалқы бір тәсілі ғана.
Жалпы тіл білімінде сөздердің лексикалық мағынасын жок.
деушілер «структуралды тіл білімі» деп саналатын ағымның бір
саласы — глоссемантика мектебінің бірнеше өкілдерінің еңбек-
терінде де табылады. Совет тіл білімінде бұл пікірді қолдаушы-
лар түрлі мотивті сылтау етіп, түрліше дәлелдер айтып жүрген-
діктерін де айтқан жен болады (Звегинцев 67; Апресян 66; Коте-
лова 75) *.
Жеке сөздердің лексикалық мағынасы жоқ, олар мағынаны
сөйлем құрамына енгенде ғана қабылдайды деушілердің бір тобы
өздерінің пікіріне дәлел ретінде сөздердің көп мағыналылық қа-
сиеттерін көрсеткендігін жоғарыда айтқан болатынбыз. Шынды-
ғында да полисемантизм тілдердің барлығында кездесетін құбы-
лыс. Олар дыбысталу, жазылуы бірдей, мағыналары басқа-басқа
41
сөздер. Омоним сөздерге де нақ осындай анықтама береміз, бірак
•олар арасындағы семантикалық қатынас негізінде анықталатын
категория екендігі анық. Мысалы, зат есім деп есептелінетін
Достарыңызбен бөлісу: |