Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет23/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   130
ката
деп атаса, нағашыларын (ер адам- 
дарын) 
комуна
деп атайды (Леонтьев 81, 74) *. Қазіргі орыс 
тілінде бұлай бөлу жоқ, олар үшін бәрі — 
дядя.
Бұл сияқты 
сәйкес келмеу туыстас тілдер арасында да кездеседі. Мысалы, өз- 
бек тілінде 
сингил
сөзін еркектер де, әйелдер де қолдана береді. 
Мағынасы — өзінен жасы кіші қыз балаға байланысты қолданы- 
латын туыс атауы. Қазақ тілінде болса, еркектер өзінен жасы 
кіші қыз балаларға байланысты қарындас сөзін қолданады. Сон- 
дай-ақ 
жиен
сөзі екі тілдің екеуінде де қолданылады. Айырма- 
шылығы сол — қазақ тілінде 
жиен
сөзі күйеуге шыққан қыздың 
балаларына байланысты қолданылса, өзбек тілінде ағасының да, 
інісінің де, қарындасы мен әпкесінің де балаларына байланысты 
қолданыла береді.
Қорыта айтқанымызда, сөз мағынасы өте күрделі, бірнеше қа- 
баттардан құралатын тілдік категория. Сонымен лексикалық ма- 
ғына дегеніміз белгілі бір дыбыс не дыбыстар тізбегі мен шарт- 
ты, тарихй' және әлеуметтік байланысқа түскен объектив дүние- 
дегі заттардың, амал-әрекеттердің, түрлі кұбылыстардың адам 
санасындағы жалпыланған, дерексізденген бейнесі.
Сөз мағынасы объектив дүниедегі заттар мен қүбылыстардың 
толық бейнесі болып та саналмайды. Дүниедегі заттар мен зат­
тар, құбылыстар мен құбылыстар түрлі қатынаста болады. Мы­
салы, таза, ештеңемен байланыспаған қозғалыстың өзі болмай- 
ды. Қозғалыс белгілі бір кеңістікте, мезгілде болады. Айтылған- 
ның үстіне қозғалысқа түсетін субъект және қозғалыс бағытталған 
объект те болады. Осы сияқты карым-қатынастар сөз мағынасы- 
ныц құрамына еніп, бір сөздін екінші бір сөзден ажыратылып 
жатуына не байланысып жатуына себепші болады. Егер дублет 
сөздерді есепке алмасақ, кез келген сөз бірі екіншісінен әйтеуір 
бір семантикалық не семантико-грамматикалық белгісімен ерек- 
шеленіп жатады. Салыстырыңыз: 
семіз, жуан, толық.
Бұлар сино­
ним сөздер, бірақ өзара олар да мағыналық реңктері арқылы 
ажыратылып жатады. Тіпті кейбір сөздер мағына көлемі (аума- 
ғы) жағынан тар не кең болуымен де ажыратылады. Мысалы, 
дйел
мен 
келіншек, үстаз
бен 
мұғалім, кітап
пен 
оқулық
т. б. Сөз- 
дер арасындағы мүндай қатынастардың сыр-сипатын ашу үшін
45


сөз мағынасының ішкі құрылымдық элементтерін жіктеп, талдагт 
көру керек.
Сөз мағыналарының деңгейі, анықтығы барлық сөздерде де 
бірдей, тең дәрежеде бола бермейді. Сол үшін де атауыш сөздер- 
дің лексикалық мағынасы мен көмекші сөздердің мағынасын тең 
санау дұрыс болмайды. Тіпті зат есімдер мен сын есімдердің, зат 
есімдер мен етістіктердің мағыналарын тең деп санау жаңсақ 
пікір топшылауынан туған қорытынды. Зат есім, сын есім, сан 
есім, етістіктерді бірін екіншісінен ажыратып тұрған олардық 
категориялы мағыналары емес, лексикалық мағынасы да. Сын 
есімнің зат есім мағынасында 
(заттанып) қолданылуы сындық 
мағынаның мүлде жоғалып, таза заттық мағынада қолданылуы- 
мен байланысты емес; бұл олардың әрі семантикалык, әрі син- 
таксистік қызметінің өзгеруімен байланысты кұбылыс.
Сөз мағынасының ара қатынастарының ашылуымен байланыс­
ты анықталынатын бір мағыналылық (моносемантизм) мен көп 
мағыналылық құбылысы бар. Әрине бұл жерде әрі практикалық, 
әрі теориялық мәселелерге байланысты пікір айтылуы керек. Бұл 
мәселе кітапта арнайы зерттелінбестен, жол-жөнекей ғана сөз 
болып өтілді.
Сонымен, сөз мағынасы да күрделі категория делінді. Демек 
сөз мағынасының құрамында объектив дүниедегі заттардың бей- 
несі, адам ойының (миының) қызметі негізінде жасалынған жал- 
пыланған, дерексізденген бейнемен бірге тіл заңдылықтарымен 
байланысты қалыптасқан мағыналық ренктер де енеді. Сондық- 
тан да дыбыс не дыбыстар тізбегі белгілі бір мағынамен байла- 
нысқанда сол тілдің заңдылығын да есепке алады. Тіл заңдылық- 
тары сөздерге жеке тұрғанда эсер етпегенімен, сөйлем қүрамына 
енгенде шешуші қызмет атқарады. Күнделікті өмірде және тілдің 
даму тарихында үздіксіз қайталана берген соң ол тілдік занды- 
лықтар мағынаның ішкі құрамына да еніп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет