Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет21/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   130
той
сөзі 
(Жастардың тойы болып жатыр)
мен етістік болып санала- 
тын 
той (Тамағыңды жеп тойып алғын да жүмысыңа бар)
сөздері 
.арасында мағыналық байланыс (нақ қазіргі күнде) жоқ. Ал 
жаз-
дың басы
дегендегі 
бас
сөзі мен 
судың басы
дегендегі 
бас
сөздері- 
нің арасында мағыналық байланыс бар. Сондықтан да бірінші 
мысалымызда келтірген 
той
сөздерін омонимдік сыңарлар деп 
санасақ, екінші мысалымызда келтірілген 
бас
сөздерін полисеман­
тизм деп атаймыз. Эрине бұлардың аралығында өтпелі кезең бо- 
латындығы, көп мағыналы сөздердің семантикалық байланыста- 
ры үзіліп 
омонимдер қатарына өтетін кездері болатындығы 
анык.
Түркі тілдерінің материалдарына сүйенетін болсақ, полисе­
мантизм зат есімдер, сын есімдер мен етістіктерде көп кездесетін 
құбылыс. Полисемантизмнің пайда болу, даму заңдылықтары бар 
екендігі анық. Ол заңдылықтар жалпы семантикалық заңдылық- 
тардан ала бөтен бөлініп жатпайды. Мысалы, 
қүлақ
сөзін алайық. 
Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде бұл сөздің 4 түрлі мағынасы бе- 
рілген. 1. Адам мен жануарлардың есіту мүшелері. 2. Бас киімнің 
құлақты жауып тұратын бөлігі. 3. Заттың ұстауға арналған жері, 
тұтқасы. 4. Музыкалық аспаптың ішегін қатайтатын немесе боса- 
татын тетігі (КТТС-6, 451—452) *. Сөздікте 2, 3, 4-мағыналардың 
тұсына ауыспалы мағына деп ашып жазып қойған. Демек негізгі, 
номинативтік мағынасы адамның немесе жануарлардың есіту 
мүшесі. Бірінші мағына мен екінші мағынаның арасындағы бай­
ланыс 
қүлақ
сөзінің атауы болған заттардың қызметіне байла- 
нысты емес, формасына байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, ку­
л а к — бастың калкиып, екі шетінде көрініп тұратын мүшесі. Бас 
киімнің кұлағы да нақ осындай, басқа мүшелерден ерекше бөлі- 
.ніп, сыртқа шығып тұратын бөлшегі. Бұлар сан жағынан да тура 
келеді. Бірінші мағына мен үшінші мағына арасындағы байла­
ныс та осы сырткы ұқсастыкка негізделінген. 
Самаурынның қүла-
ғы
дегенде осы самаурынның сыртка шығып тұрған (үстау үшін 
арнайы койылған) бөлшегі. Бұл жерде олар сан жағынан сәйкес 
келе беруі шарт емес. Мысалы, 
қазанның қүлағы
үшеу де, төртеу 
де болады т. б. Демек бұл жерде сөз мағынасының ауысуы үксас- 
тыкка (метафораға) байланысты семантикалық заңдылык бойын- 
ша өтіп тұр. 
Күлақ
сөзінің нак осындай мағынасы барлығын өз- 
бек тілі түсіндірме сөздігінің авторлары да көрсеткен. Олардың. 
қазақ тілінен айырмашылығы сол — өзбек тілінің сөйлеу форма- 
сында бұл сөздің косымша екі мағынасы (біреуі — автомобиль, 
тракторлардың баскарушы рулі, екіншісі — өсімдіктің жапырак 
шығаратын не бүршік шығаратын жері) бар (УТИЛ-2, 616— 
617) *. Татар тілінің түсіндірме сөздігінде берілген мағынасы да 
қазақ, өзбек тілдеріндегі кұлак сөзінің мағынасымен сәйкес келе- 
ді. Тек татар тілінде оның бесінші мағынасы ретінде жас өркен- 
нің шығарған алғашкы жапырактарын да 
қүлақ
сөзі аркылы бе-
42


ретіндігін 
көрсеткен. Мысалы, 
Углан яшьтән, тары колактан
беленер
(ТТАС-2, 130) *. Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде көрсе- 
тілмегенімен, Қазақстанның оңтүстік аудандарында мақтаға, қа- 
уын-қарбызға байланысты 
қүлақ
сөзі қолданылады да, жаңадан 
жерден шыға бастаған өркенді білдіріп, 
қос қүлақ, үш қүлақ
бо- 
лып қалды деген тіркес қолданылады.
Ю. С. Маслов жалпы тілдердегі полисемантикалық сөздер 
туралы сөз қозғай отырып, көп мағыналылық метафора, метани- 
мия, синегдоха сияқты құбылыстар негіз болады деген еді (Мас­
лов 75, 124—130) *.
Қөп мағыналылықтың пайда болуында контекстің ролі жоқ 
па? Қөп мағыналылықты контекст жасап тұрған жоқ па сияқты 
сұраулардың болатындығы анық. Егер көп мағыналылық кон­
тексте ғана жасалынады десек, онда контекст мағына жасайды, 
сөз мағынасы контексте пайда болады деген пікірді қолдаған бо- 
ламыз. Егер контекст сөз мағынасын жасамаса, онда сөздер (тым 
болмағанда кей сөздер) жеке тұрғанда да бірнеше мағынаға ие 
болады деген пікірді қолдаған боламыз. Пікіріміз анық болу үшін 
мысал алып, талдап көрелік. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде 
ауыз
сөзінің жеті түрлі мағынасы бар деп көрсетілген. 1. Адам- 
ның, жан-жануардың тамақ қабылдайтын мүшесі. 2. Дыбыстау 
мүшесінің бірі, артикуляциялық аппарат. 3. Адам, кісі мағына- 
сында. 4. Бір нәрсенің ашық жағы. 5. Бір нәрсенің кіріп, шығатын 
жері, есігі 6. Бір нәрсенің басталар жері. 7. Жараның, ісіктің 
ашылған жері, үстіңгі жағы, беті. 
(ҚТТС-1, 476—477) *. Бұл 
мағыналарды ажыратуда контекстің қызметі болатындығы анық. 
Сондықтан да полисемантизм туралы пікір айтқан ғалымдар 
контекстің қызметіне баға беруі дұрыс-ақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет