сөздермен байланысып барып анықталады. Яғни кіру қимылы шаң-
ғышылардың қозғалысы, шаңғымен қозғалу жерде болады,
кіру
елді мекеннің (селоның) террнториясына енгендігін, қозғалыс ба-
ғыты даладан селоның ішіне бағытталғандығын
кір
етістігімен
байланысқан сөздермен (село, шаңғышылар) байланысты анықта-
лады.
Кір
сөзі басқа сөздермен байланысып басқашалау мағына-
лық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы,
1920 жылы комсомол ұйы-
мына кірдім
(Ш. Өтепов). Соңғы мысалымыздағы
кір
сөзі қозға-
лысты білдіріп тұрған жоқ.
Біз тіркес (кең мағынада контекст) сөз мағынасын жасайды
немесе сөздің мағынасы тіркестерде жасалынады деген пікірге қо-
сылмаймыз. Жоғарыда мысал ретінде келтірілген
кір
етістігінің
екінші бір мағынада қолданылуы олардың екі сөз ретінде бой көр-
сетуімен емес, керісінше, олар бір сөздің екі лексико-семантикалық
варианты. Бірінші мысалымыздағы
кір
етістігімен тіркескен актант-
тын, мекен мағынасы болғандықтан да оның шекара, қозғалыс се-
малары лексикалық мағынасына негіз болады. Екінші мысалымыз-
да болса,
кір
етістігі тіркескен актант ұғым атауы, сондықтан да
онда
кір
сөзінің бір-ақ семасы — арасына ену, бірі болу бой көрсе-
тіп тұр. Мұндай мағыналық өзгеріске ену белгілі бір қатынастағы
мағынадағы басқа сөздерге де (сын есім мен үстеулерге) тән.
Етістіктердің сигнификаттық мағына компоненттері де, зат есім-
нің сигнификаты сияқты жалпыланған, дерексізденген заттардың
қозғалысына, қалпына негізделінген. Осы жалпылау ғана етістік-
тердің мағынасын басқа сөздермен байланыстырып, сөйлем қүра-
мына енгізеді. Етістіктер жеке тұрып, басқа сөздермен байланыс-
пай-ақ сигнификаттық мағынаға ие болады, бірақ нақты болмайды.
Етістіктердің көпшілігінің бойындағы полисемантикалық қасиетті
осы сигнификаттық мағынаның кең, жайьілыңқы болуынан іздеу
керек. Кей етістіктердің семантикасындағы мағыналық өзгерістер
өте нәзік семантикалық талдауды талап етеді. Мысалы, қозғалыс
етістіктерінің кейбіреулері бір тіркесте қарым-қатынас етістігіне,
басқа тіркестерде ойлау етістіктерінің құрамында қолданылуы
пікірімізге мысал бола алады. Салыстырыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: