Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет110/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   130
Хан емессің
— 
жылансың
дегенде осы негізгі сема- 
лардың бірде біреуі қатьіспастан, оның қосалқы (көмекші) сема- 
сы — уландыратын, жамандық қана істейтін негізгі сема ретінде 
қолданылып, жана мағынаға ие болып тұр. Кейде мүндай сема- 
лардың ауысуы тіркестік мағынаға да сүйенеді. Мысалы, 
Сен жа-
ралы жолбарыс еқ, Мен киіктің лағы ем
(Абай) деген мысалы- 
мыздағы 
жаралы жолбарыс, киіктіқ лағы
тіркестері жаңа мағы- 
нада (ашынған, өшіккен, нәзік, әлсіз) қолданылып түр. Олардың 
мағынасының көшуіне негіз болған бір сөздің семасы емес, тіркес 
негізінде туған мағына.
Бірнеше сөздердің барлығына ортақ болған семалардың бар- 
лығын жалпылаушы сема деп атай беруге де болмайды. Мысалы, 
торай, күшік, бала, бота, лак,, қозы, қүлын
сияқты сөздерде жас 
мөлшерін білдіретін (сәби, жас) сема барлығына да ортақ, бірақ 
олар бір лексико-семантикалық топтың мүшелері емес. 
Бала
деген 
зат есімді 
қыз, үл, ата, ана
сияқты сөздермен бірге бір туысқандық 
атауды білдіретін тематнкалык топка енгізгенбіз. Олардағы жал­
пылаушы сема — туысқандық атауы болуы. 
Торай, бота, лақ, қозы
дегендерде туысқандықты білдіретін мағыналық элемент жоқ,
188


олар үй жануарларының атаулары және төл атаулары деген сияқ- 
ты семаларымен ажыратылып жатады.
Жалпылаушы сема тематикалық, лексико-семантикалық топ- 
тарға сөздерді топтастыруға негіз болады, ал айырушы сема сол 
топтың мүшелерінің жеке-дербес жасауына жағдай жасайтын 
сема болып есептелінеді. Жеке сөз таптарын лексико-семантика- 
лық топтарға бөлу дәстүрі басқа тілдерде қалыптасқан болса да, 
түркі тілдерінде әлі толық ондай топтарга бөлініп зерттелінген 
жоқ. Рас соңғы кездерде кейбір тематикалық топтар мен лексико- 
семантикалық топтардың табпғатын ашуға әрекет еткен еңбектер 
жарық көріп жүр, бірақ олар әлі жеткіліксіз. Сондықтан да казақ 
тілінің материалдары 
негізінде кей сөз табының тематикалық 
топтары мен лексико-семантикалық топтарынан үлгі көрсетуді 
жөн деп есептейміз.
Қазақ тіліндегі етістіктерді жалпылауыш семаларына карай 
мынадай лексико-семантикалық топтарға бөлуге болады (Ора- 
зов 83) *.
I. Амал-әрекет етістіктері. Бұл топтағы етістіктер белгілі бір 
объектіге бағытталған амал-әрекетті білдіретін жалпылауыш 
семаларымен байланысты топтастырылған. Оларды төмендегіше 
семантикалық тодітарға бөлуге болады. 1. Қоректенуді білдіретін 
етістіктер: 
іш, же, ұртта, аса, дәм тат, сорапта, жалма,
т. б. 2. Жа- 
сау, өндіру етіетіктері: 
жаса, соқ, жарат, тік, сал, құрастыр, қабы,
т. б. 3. Қирату, бүлдіру етістіктері: 
қират, бүлдір, бүз, сындыр, күл
талқан ет, күлін көкке үшыр,
т. б. 4. Бөлу, ажырату етістіктері: 
бөл, екиіе, ажырат, айыр, сүрыпта,
т. б. 5. Өлшеу етістіктері: 
метр-
ле, қарыста, білемде, литрле, адымда,
т. б. 6. Белгілі бір кұралмен 
орындалатын амал-әрекетті білдіретін етістіктер: 
балтала, бауыз-
да, бүрғыла, пыіиақта,
т. б.
II. Қозғалу етістіктері. Бұл топтағы етістіктердің жалпылаушы 
семасы қозғалысқа түскен заттардың не адамның орыннан екінші 
бір орынға өткендігін, орын ауыстырғандығын білдіреді: 
жүр, шап,
кел, кет, бар,
т. б. Қозғалу етістіктерін мынадай семантикалық 
топтарға белуге болады. 1. Жердегі қозғалысты білдіретін етістік- 
тер: 
жүр, кел, еңбекте, сырғана, жорғала,
т. б. 2. Судағы қозға- 
лысты білдіретін етістіктер: 
жүз, сүңгі, малты, жалда,
т. б. 3. Ауа- 
дағы қозғалысты білдіретін етістіктер: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет