Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет4/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
чөрек,
немісше 
das Wrot.
Тіпті мұндай бір мағы- 
наны басқа-басқа сөздер арқылы беру туыстас тілдер арасында да 
байқалады. Мысалы, қазақша 
қара,
әзірбайжанша 
бах;
қазақша 
жалаңаіи,
әзірбайжанша 
лүт, чылпаг;
қазақша 
аяныиі,
әзірбай- 
жанша 
языг, ейф,
құмықша 
язығ, ажиз,
татар тілінде 
кызганыч,
т. б. Сондай-ақ бұл анықтама сөздердің көп мағыналық қасиеті 
мен синоним, антоним сияқты тілдік құбылыстардың басын ашып 
бере алмайды. Сол үшін де кей ғалымдар бұл анықтаманы сәл 
күрделендіріп: «Сөз — дыбыстар мен мағынаның тұтастығы, ақи- 
қат заттың, құбылыстың жиынтық бейнесі»,— деп жүр (Кеңес- 
баев 75, 10) *. Соңғы анықтамада сөздің мағынасын ғана сәл күр- 
делендірген. Жоғары оқу орындарына арналған осы оқулықта 
(лексика тарауын жазған Ғ. Мұсабаев) сөздің дыбысталу форма- 
сына да көңіл аударылады. Бірақ талдауға қиын соғатын, басқа 
тарауларда айтылған ойға қайшы келетін пікірлері де жоқ емес. 
Мысалы, 
үшін, сайын, гөрі
сияқты шылаулар туралы айта оты­
рып: 
«үіиін, сайын, гөрі
дегендер сөз емес, бірақ мұнда жүйелі 
дыбысталу бар»,— деп қорытынды жасайды (Кеңесбаев 75, 14). 
Ең алдымен айтарымыз — шылаулар да сөз болып саналады. Ав- 
тордың қандай негізге сүйеніп оларды сөз болмайды дегенін түсі- 
ну қиын. Соңғы кездерде жарық көрген окулықтарда да бұл 
сұрауға жауап жоқ. Мысалы, 1979 жылы жарық көрген Ә. Бол- 
ғанбаевтың оқулығында: «Сөз дыбысталу мен мағына бірлігінен 
тұрады. Әрбір сөз — белгілі бір құбылыстың аты»,— деп ашық 
жазылған (Болғанбаев 79, 8) *.
Адамзаттың қатынас құралы болатын тілдің (Ленин В. И.) 
дыбыстық тіл болатындығы даусыз. Ым тілі (мимика, түрлі дене 
мүшелерінің әрекеті), жазба тіл осы дыбыстық тілдің кемшілігін 
толықтырып тұратын қосымша тіл екендігі хақ. Сондықтан да тіл 
дегенде біз дыбыстық тілді түсінеміз. Бір айта кетерлік белгілі 
жағдай — дыбыс немесе сөздердің дыбысталынуы сөздердің ма-
О


териалдық жағы болып саналатындығы. Бұл қағида, әрине, тіл- 
дер тек дыбыстар тізбегінен ғана жасалынады деген пікірге алып 
келмеуі керек. Жас балаға тіл үйреткенде дайын сөздерді (мағы- 
на мен дыбыстар бірлігін) үйретеміз де, оған біртіндеп мағынаны 
ажыратуды көрсетеміз. Екінші сөзбен айтқанда, тіл үйренгенде әр 
адам жаца тіл не жаңа сөз жасамайды, ертеден келе жатқан, ата- 
бабадан мүра болып берілетін даяр форманы қабылдайды, біртін- 
деп оны үйренеді. Тіл үйренгенде тіл үйренуші адам сөздің жеке 
фонемалық элементтеріне, сөздердің грамматикалық формалары- 
на назар аудармайды. Сөйлем құрап, оның ең жоғарғы формасы- 
на көтерілгенде ғана сөздердің тұлғасына, байланысу тәсіліне, 
сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне, т. б. көңіл аударады.
Сөз бір дыбыстан да, дыбыстар тіркесінен де жасалынады. Сөз 
құрамындағы дыбыстардың орналасуында да белгілі бір заңды- 
лықтардың бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Сондай-ақ 
сөздердің түрленуінің де, тұлғаларының. өзгеруінің де тілдік заң- 
дылықтарға бағынатындығы анық. Салыстырыңыз: қазақ тілінің 
заңдылығы бойынша 
ң
мен 
й
дыбыстары сөз басында, 
б, ғ, г, д
дыбыстары сөз соңында, ерін дауысты дыбыстары сөздің екінші 
буындарында кездеспейді. Ал 
а, е, ы, қ, т, м, ж, н, с
сияқты дыбыс­
тар буын талғамайды, сөздің барлық деңгейінде қолданыла бере- 
ді. Демек 
еж
не 
ақы
сияқты дыбыстар тізбегінің қолданылуы 
қазақ тілінің дыбыс заңдылығынан тыс жатқан құбылыс емес, бі- 
рақ олар сөз емес. Ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет