185
«Жабағы» сөзіне сəйкес тұлғаны монғол тілінен де кездестіреміз.
Онда
даага сөзі тіліміздегі «тай» ұғымында айтылады,
даахь – «ұйыс-
қан, шырмалған, жабағы жүн».
Тұлғасы мен мағынасы жағынан бұл атауға жуық сөздер ертедегі
түркі жазба ескерткіштерінде де кездеседі. Бұл тілдік деректерді
қарастырар болсақ,
жабағы сөзінің түпкі төркіні түркі, моңғол тұңғыс
тілдеріне ортақ та, бертін келе олардың
бірінде жылқы төлінің құлын
мен тай аралығындағы жас мөлшерін білдіретін, ал екінші біреуінде
«құлын» мағынасын білдіретін өзгеріске түскендігі байқалады. Сөз
мағынасының тууына себепші тағы бір жай –
жабағы сөзінің екінші
мағынасы «малдың» көктемдегі ұйысқан жүнімен астас. Ескі жүннің бір
түрінің
жабағы аталуы қырғыз тілінде де бар.
Қорыта айтқанда,
жабағы сөзінің моңғол, түркі тілдеріне ортақ,
алғаш «жүн» мағынасын меншіктеген
даахь сөзінен өрбіп, қалыптасқан
деуімізге болады. Монғол, түркі тілдерінде,
олардың ішінде қазақ ті-
лінде
даага алғаш кездерде біздегі
тай сөзімен жарыса қолданылған
да, бері келе мағынасына қосымша реңк беру нəтижесінде жылқы
төлінің 6 айдан бір жасқа дейінгі жас мөлшерін білдіретін атау ретінде
қалыптасқан. Ал дыбыстық жағынан
даага-ның «жабағыға» дейін өзге-
руі мына қалыпта көрінеді:
даага > жаага > жа(б)ага > жабага >
жабағы.
ТАЙ. Тай – бір жастан асқан, екі жасқа əлі толмаған жылқы төлі
[ҚТС, 607 ]; [MK ІІІ, 173 ]. М.Қашқари сөздігінде
тай сөзінің екінші
қосалқы мағынасы «
жас жылқы» деп көрсетілген [ MK, 527 ].
Қазіргі түркі тілдерінің көбінде жылқының жас төлін осылай (тай)
атайды. Түркімен тілінде
тай сөзі –
гулун (құлын) сөзінің синонимі,
яғни ол «жылқының жас төлі» деген мағынада жалпы атау болып
есептеледі [ТүркмДС].
Р.Панзарбекова: Бұл атау кейбір түркі тілдерінде кішірейткіш
жұрнақпен айтылып, «жаңа туған» немесе «бір жасқа дейінгі құлын»
мағынасында да жұмсалады: əзірб.
daiча, өзбекше (диал.)
таічік» [49].
ҚҰНАН. Құнан – екі жасқа толып, үшке аяқ басқан еркек
жылқы малы [ҚТТС, 477]. Р.Панзарбекова
құнан сөзі - жылқы төлінің
жыныстық жағынан жетіле бастаған кезін əрі жасын білдіретін
жалпытүркілік атаулардың бірі деп санайды. Бұл атаудың жалпы түркі
тіліне ортақ интеграциялаушы семантикалық элементі «жылқының 2-3
жас аралығындағы төлі». ...Ал
қазақ тіліндегі, сондай-ақ, өзге түркі
186
тілдеріндегі кездесетін
құнан, құнажын, дөнен, дөнежін сөздерінің
*гу-,
*ду- түп тұлғасы жазба монғол тілінде
gиrвап «үш»,
дорбен «төрт» деген
сан есіммен гомогендік байланыста екені қазіргі кезде дау туғызбайды»
- дейді [48].
А.М.Щербак мақаласында бұл атау
ғунан тұлғасында келтірілген:
«Слово
ғунан относится к третьей возрастной группе, в которую входит
молодняк лошади в возрасте двух-трех лет. ...
ғунан может выражать в
пределах указанной возрастной группы принадлежность к определенному
естественному полу, ср. башк.
конан, казах.
кунан, ног.
кунан «жеребец
двух-трех лет»; кирг.
кунан, тув. (
хунан) ат, турк., уйгур.
ғунан, узб.
ғу-
нан (узб. диал.
ғунан, хунан) «лошадь двух-трех лет» деген пікір айтады
[15, 71 б.].
Кейбір зерттеушілер «
дөнен» жəне «
құнан» сөздерін монғол тілінен
енген деп тұжырым жасайды. Монғол тілінде 4 жасар баланы да
осылай атаған [4, 278]. Ғалым А.Бобровников өзінің «Монғол-қалмақ
грамматикасы» атты еңбегінде
гунан-гунчин,
дөнен-дончин сөздерінің
бірінші түбірлері ... (
гурбан – «үш»); (
дорбэн – «төрт») сан есімдерін
білдіреді деген пікірлер келтіреді.
А.М.Щербактың айтуынша,
ғунан сөзі жылқыдан басқа да мал
төлдерін атауда кездеседі. Мысалы, алт.
кунан бозу «2-3 жасар бұзау»;
башқ.
конанугэз «2-3 жасар өгіз»; қазақша
құнан бұзау «2-3 жас
аралығындағы бұзау»; қырғ.
Кунан өгуз немесе
кунан бука - «2-3 жас
аралығындағы өгіз»; ноғ.
кунан өгуз «3 жасар өгіз»; тув.
хунан казира
«қашар».
Құнан сөзіне -
жын жұрнағы қосылу арқылы жасалған
құнажын сө-
зі жылқы малының 3 жастағы ұрғашысын білдіреді.
-
жын аффиксі туралы А.М.Щербак: «аффикс
–jін имеется в
монгольском письменном языке (монг. –ж, например гунж, дөнж).
То, что в тюркском материале он прослеживается только в словах,
заимствованных из монгольского языка, позволяет говорить о его
монгольском происхождении. Есть все основания утверждать, что и сам
способ морфологического выражения различий пола,
хотя бы в преде-
лах рассматриваемой группы слов, нетипичен для тюркских языков.
Указанные различия, при отсутствии специальных слов для особи
того и другого пола, обычно выражаются описательно, посредством
присоединения к названиям животных слов, имеющих значение «самец
(производитель)» и «самка». Для возрастных групп лошади такими
187
словами могут быть
аскир и
бэ,
эр и
кис в тувинском языке, например:
Достарыңызбен бөлісу: