201
да), 2) «қанжар» немесе «семсер» (қанжар, семсер сөздері бола тұра),
3) «мылтық» (мылтық сөзі бола тұра) деген мағыналарда қолданылады.
Дегенмен, солай бола тұра, қазақ тілінде сөйлеушілер
берен сөзін
бұл заттардың тікелей атауы екендігінен
гөрі ең алдымен сол құрал-
қарулар (сауыт, семсер, қанжар, мылтық) əзірленетін заттардың атауын
білдіретінін айқын түйсінеді. Олай болмаған жағдайда, бір сөздің
осыншама əрқилы заттар мен ұғымдарды білдіруі мүмкін болмас та еді.
Бұл жерде
берен сөзінің қандай қасиеті жоғарыда аталған «ер қаруы –
бес қарудың» бəріне ортақ болып тұр?
Берен сөзінің мылтық, сауыт тəрізді атаулардың анықтауышы ре-
тінде қолданылу фактісіне қарағанда, шындығында, ол бастапқыда «бес
қарудың» бəріне бірдей қатысты ортақ нəрсені білдіргенге ұқсайды.
Қазақ лексикографтары
берен сөзінің мағынасына тəн
бұл ортақ
белгіні үзілді-кесілді болмаса да, «Жоғары сапалы болат, болаттың
ең жақсы түрі» деген мағынада деп көрсетеді. Сонымен, жоғарыда
байқағанымыздай, «сауыт» мағынасындағы берен сөзіне «ең
жоғары
сапалы болаттан жасалған» деген түсінік ілесе жүреді, «байырғы
мылтықтың түрі» деген мағынаны білдіретін
берен (ең жоғары сапалы
болаттан жасалған) сөзі де осы тəрізді.
Бұл түсініктердің бəрі де қазақ тіліндегі берен сөзінің номинативті
мағынасының дұрыс берілмеуіне өзінше түсінік болады. Демек, қазақ
тіліндегі
берен сөзінің сол кезеңдегі қолданылуынан «сапалы болат»
(болаттың бұл түрінен ертеректе жауынгердің ең таңдаулы жау жарақтары
жасалатын болған) немесе соған ұқсастау бір номанациялық мағынаны
бөліп көрсетуге болады. Осындай негізде
берен сөзінің «ер жүрек
жауынгер», «шыныққан», «төзімді» (жауынгер туралы) деген ауыспалы
мағынасыныңөpic алуы əбден-ақ мүмкін.
2.
Ендігі сөзберенII жөнінде. Жұмсалу ортасы мен қолданылу
ерекшелігіне қарағанда,
беренII сөзі «қымбат мата», «барқыттың таңдау-
лы түрі» дегенге меңзейді: мысалы, берен бешпет тіркесі «барқыттың
ең жақсы түрінен тігілген бешпет» дегенді білдіреді. Н. И. Ильминский-
дің көрсетуінше
берен– «барқыттың ең таңдаулы түрі».
3. Ал енді басқа да түркі тілдерінің дерегіне назар аударсақ,
бе рен
сөзінің əр түрлі тұлғада, əр қилы мағынада кездесетінін байқаймыз.
Мысалы, туыстығы жағынан қазақ тіліне жақын тілдердің бірі қырғыз
тіліндегі
бараң сөзіне лексикографиялық еңбектердің бірінде (К. К.
202
Юдахин. Қырғызша-орысша сөздік. М., 1975) омоним сөз ретінде
сипаттама берілген:
БАРАҢI ир.
(эпос тілінде) пистонды мылтық (шақпақпен от
алатын пілтелі мылтықтан басқа) əр түрлі тұрақты анықтауыштармен
қолданылады:
ақ бараң, көк бараң, қара бараң, сыр бараң –мұндай
тұрақты анықтауыштар мылтықтың сырт тұрпатына байланысты аталуы
ықтимал;
бараң эмес, милтелүч қара мылтық –пистонды емес, пілтелі
жай мылтық;
Алмамбеттин сыр бараңайдалыға илди эми (ф о л ь к).
Алмамбеттің мылтығын, иығына асады.
Достарыңызбен бөлісу: