Алматы «Сардар» баспа үйі


Көлік – түркі тілдерінің көбінде кездесетін көне түркі тілдерінен  келе жатқан көл-



Pdf көрінісі
бет65/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   116
Көлік – түркі тілдерінің көбінде кездесетін көне түркі тілдерінен 
келе жатқан көл- ‘запрягать’, түбіріне есім тудырушы -к//-ік жұрнағын 
жалғау арқылы жасалған сөзден (көл-ік) қалыптасқан сөз. Көл түбірі 
көлік туынды түбір түрінде бүгінгі түркі тілінде жеке-дара кездеспейді. 
Біздің байқауымыз бойынша,к?л түбірі «атты жегу», «жегілген ат» 
мағынасында тек хакас тілінде ғана (к?лік) «тяговое животное» кезде-
седі. Бұл сөздің «үй малы» мағынасына ауысуы функционалды се-
мантикаға байланысты.
ТЕҢГЕ – Қазақ респубикасының мемлекеттік валютасы, ақшасы, 
100, 200, 500, 1000, 5000, 10000 теңгелік купюрасы, қағаз ақшасы.
Теңге – көп вариантты, бір буынды түркі моңғол тілдеріндегі 
дөңгелекті, шеңберді, жер бетінен дөңкиіп шығып тұратын биіктікті, 
«дөң, төбе, жота» формасы «дөңгелек, шеңбер, доғалақ» заттарды 
білдіретін түбірге əр түрлі жалғау жалғанып жасалған туынды атау: қаз. 
döŋ ( ‘колесо’, teg (tegermes) қар. ‘тоңгелек’, 
‘арбаның, машинаның дөңгелегі’, dij ( ‘мельница’, teg ( 
- ‘беті жайпақ үлкен табақ, kersen’; teg ( - ‘киіз үйдің сыртқы 
кенересіне дөңгелек етіп жапсырылатын өрнек’ teң ( ‘купюр 
ақша’; уйг. d?g ( ‘круглый’ t?g (t?gməн) ‘мельница, мукомолня’, 
d?η ( үст. ‘деньги’; dug~‘круг, что-либо круглое’; t?g 
( тугрик (денежная единица МНР); круг, кружочек [МонгРС, 415 
б.] т.т.


135
ТҮЛКІ – ит, қасқыр тұқымдас, терісі қымбат, сол үшін ауланатын 
жабайы аң.
Түлкі барлық түркі, моңғол тілдерінде қолданылатын, В.Бангтың 
пікірі бойынша, ХІ ғасырда МҚ сөздігінің тілінде қатталған t?kli сөзінің 
жаппай метатезаға ұшырасуынан, t?lki болып өзгеріп айтылуынан 
пайда болған түркі сөзі. Түкті түркі тілдерінде «жүнді», «қылшықты» 
мағынасында қалыптасқан етістік ретінде қолданылған сөз» [15, 135 б.; 
15, 30-31 бб.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет