Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет66/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   116
АДА-ЖҰДА< қазіргі тілімізде “біржола‚ мүлде” мағыналарын 
беретін бұл қос сөздің сыңары жеке қолданылмайды. Кездесе қалған 
күнде жергілікті тіл ерекшелігі қалпында ғана көрінеді. Мысалы: “Езгі 
тіршіліктің ескі жұртынан ада-жұда қол үзіп‚ жаңа тұрмысқа біржо-
ла қоныс аударып жатқандар да аз емес” (Ө.Қанахин. Дəмелі). Түркі 
тілдерінің кейбіреуінде‚ мəселен‚ якут тілінде адъчас сөзі біздегі “тіпті‚ 
мүлде‚ өте” мағыналарын ұғындырады [ЯкРС, 32 б.]. Қазақ тілінде осы 
сөз “с” дыбысынан ажырап‚ қос сөз құрамында ғана сақталған. Қос сөз-
дің келесі сыңары Шымкент‚ Қызылорда‚ Алматы‚ облыстарын ме-
кендеген қазақтар тілінде «жүдə»‚ «жұда»‚ «жүде» түрінде жиі қол-
данылып‚ əдеби тілдегі “өте”‚ “тым”‚ “тіпті”‚ “мүлде” мағыналарын 
түсіндіреді. Бұл өңірдегі тұрғындарға иран тілдерінен енген: парсы 
тілінде джода - “бөлек”‚ “жеке”‚ “айырылған”‚ “оғаштанған”. Осылайша 
қос сөздің алғашқы сыңары түркі тілдерінің меншігі де‚ соңғысы иран 
тілдерінің еншісіне жатады. Бір мағына төңірегіне топтасқан қос сөзді 
қазіргі ұғымымызға сөйкестіре айтсақ‚ “өте-мөте”‚ “тіпті”‚ “мүлде-
мүлде” сияқты бір сөздің қайталауы пайда болады >
АЗЫҚ-ТҮЛІК< Түсіндірме сөздіктегі бұл қос сөздің мағынасы
“əр алуан тамақтық зат”.
Қос сөздің алғашқы сыңары көптеген түркі тілдерінде жөне осын-
дай тұлға‚ сөйкес мағынада парсы тілінде де кездеседі. Газа немесе ғэза‚ 
ал көпше түрі – ағзийе – “тамақ”‚ “тағам”‚ “ас” [ПерРС]. Белгілі түрко-
лог ғалым‚ түркі тілдерінің көптомдық этимологиялық сөздігін түзуші 
Э.В.Севортян Г.Дерфердің дерегіне сүйене отырып‚ бұл сөз парсыларға 
түркі тілдерінен ауысқандығын айтады. Расында да, бұл - шындықтан 
алшақ кетпейтін пікір. Тіліміздегі азық тұлғасын “астық” сөзінің 
дыбыстық өзгеріске түскен түрі деп қарауымызға əбден болады. Якут 
тілінде астық– “жұғымды”‚ “тоқ” [ЯкРС]. Адамға тамақ‚ нəр болар-
лық заттардың осы басты қасиеті атау болып ауысуы əбден ықтимал. 


136
Дыбыстық өзгеріске түскенде де түркі тілдеріндегі заңдылықтан тыс 
кетпейді: астық‚ тык-аз (т)‚ ык-азык-азық. 
В.Радлов сөздігіне сүйенсек‚ қос сөздің екінші сыңары төлүк 
(шағатай тілінде) – “тамақ”‚ “ас”‚ ал сағай‚ қырғыз тілдерінде түлүк – 
“ішіп-жем заттар”‚ “солардың қоры” [РадCл. ІІІ‚ 2‚ 1262‚ 1570 бб.]. Бұл 
дерек қос сөздің екінші сыңары да (түлік) “азықтың” түркі тілдеріндегі 
синонимі екендігін анықтайды. Мұнда да мағына жағынан қайталау 
байқалады. Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінің бірінде азық сөзін 
“ауызбен” байланыстырып‚ соның ауыспалы мағынасы деп ескертеді 
[ДТС‚ 21 б.]. Бұл да сенбестік дерек емес [20, 6 б.]. >


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет