Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет64/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   116
ƏБДƏСТЕ – көне қолжуғыш, мойны жіңішке, тұмсығы имек құман.
Иран тілдерінен қазақ тіліне парсы, не тəжік тілдері арқылы 
ауысқан сөз. Əбдəсте- [ab-dasman] ‘маленький кувшин’ [ПерРС, 12 б.]
тұлғасындағы сөз. Ол о баста діндар адамдардың дəрет алуы пай-
даланылған. Парсы тілінде – абдаста үш элементтен: біріншісі – аб-
‘су, сұйықтық’, екіншісі – даст – «рука» жəне үшіншісі – сөзжасам аф-
фиксі – ан-нан тұрады. Бұл сөз парсы тілінде намаз оқу алдында дəрет 
алу əдетін атқару үшін қолданылатын ыдыстың атауы саналады.
Түркі тілдеріне қабылданып, қалыптастырылған бұл сөздің вариан-
ты тəжік тілінде айтылуына (obdasma). В.В.Радловтың [РадСл, 73 б.], 
М.Рясяненнің [2, 2-3 б.] жəне А.Махмұтовтың [ҚТҚЭС, 16 б.] жобалауы 
бойынша – тəжік тілі əсер еткен. Г.Жаркешованың, А.Махмұтовтың 


134
топшылауы бойынша – əбдəсте – ‘қол сүртетін орамал’ мағынасында 
қабылданған деген жорамалдармен таласуға болады.
БАҚАНАС – Іле өзенінен бөлініп, тарам-тарам болып Балқаш 
көліне құйып жатқан өзендердің бірі.Бақанас – екі атаудың қосылуынан 
қалыптасқан күрделі гидроним. Оның бірінші компоненті – ұшы аша, 
айыр таяқшаны білдіретін заттың (бақанның) атауы ретінде, өзеннің 
тарамданып, арна-арнаға бөлініп жатқанына байланысты ұғымды 
білдірсе, -ас – көне түркі тілінде «өзен, су» деген мағынаны білдіреді (ср. 
Талас < Тал+ас, Келес < Кел+ес, Арыс < Ар+ыс, Күнес < Күн+ес т.т.). 
Сонда бұл атаулар сияқты түбір мағынасына өзен атауларын білдіретін 
ас аффиксоиды жалғанып тұр. Бақанастың – бірінші этимоны тарам-
тарамданып көлге құятын өзен де, екіншісі – көл. Сонда бұл атау о бас-
та тарамданған арналарын қазір де сақтауы мүмкін. 
КӨЛІК – арбаға, шанаға жегілетін, мінілетін үй малдары (ат, жыл-
қы, түйе, сиыр т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет