133
АДЫРНА ≈ адырна қайыс тарих. Садақтың кірісі; уықтың ұшын-
дағы кереге бекітетін бауы [14, 353 б.].
Адырна ≈ кіріс.
Адырнасын ала
өгіздей мөңіреткен (Махамбет).
Адырна – «айырушы, ажыратушы» мағынасында қолданушы туын-
ды түбір. Ол
-ад, -ат түбірінің (
айыр, ажыра, атыл туынды түбірле-
ріне негіз болған) ілкі етістік түбірінен туындаған:
адырғы, адырна,
адалбақан, атырау, жол айрығы т.т. сөздердің шығуына негіз болған
сөз. Ол жіптің, қамыстың керіп тартқандағы серпілісі арқылы, не қолмен
керу арқылы не ажырап, екі аша болып біткен затты (бақан) білдіру үшін
қолданылады. Бұл тұжырым көптеген зерттеулерде айтылады [ҚТҚЭС,
21 б.].
АЯҢ: өсек-аяң – елдің артынан айтатын əртүрлі қаңқу-саң, өті-
рік əңгіме, таратылған жалған сөз.
Этимологиясы күңгірттенген қос сөздің екінші компоненті
қалыптасқан заңдылық бойынша бірінші компонентінің (өсек) синони-
мі – «өсек сөзі», «өсек сөзінің айтылуы», кейбір түркі тілдерінде жеке-
дара қолданына береді. Мысалы,
қырғ. тілінде
айың//аяң ‘слухи,
разговоры’, «пересуды», «хула», «сплетня»;
айыңда- ‘хулить, поносить’,
‘порочить, сплетничать’ [КиргРС, 36 б.]. Демек,
аяң – жалпы түркі
тілдерінің
ая мен аффикс
-ң суффикісінен тұратын туынды түбір
десек, мағынасы ‘говорить`, `сказать`, `призводить речь’. Ол мынадай
туынды тұлғаларға түбірлес болады:
айтыс (>
ай+тыс),
айқай (>
ай-
қай),
айтты (>
ай+ттыр). Этимологиясы күңгірттенген сөздің көбінесе
мағынасын жоғалтуы қатар тұрған екі сөздің ұқсас мағынасының бірін-
ші компонентке біртіндеп ауысуы.
Достарыңызбен бөлісу: