БАРАҢ II ир. көне матаның жұқа түрі; бараңдан қылған көк чепкен
(ф о л ь к) бараннан жасалған көк шекпен; кашгардың бараң чепкени
тығыз етіп қолдан тоқылған мақта мата (Юд. II Кр. PC 109). Бірінші
жəне екінші жағдайда да «иран тілдерінен енген» жəне «көне» деген
белгімен берілген баран сөздерінің екі түрлі омоним ретінде сипатталып
тұрғандығы осы мысалдардыңөзінен-ақ байқалып тұр. Бұлардың ма-
ғыналарында ортақ бір арнаға саятындай ұқсастық жоқ.
Алайда бірінші жəне екінші омонимдерде оларды қазақ тіліндегі
беренI (мысалы, «мылтық» мағынасы) жəне беренII («матаның түрі»,
«қымбат мата» мағынасы) сөздерімен жақындастыратын жəне басын
біріктіретіндей ортақ мағына сақталған.
Берен-бараң сөзінің семантикалық дамуы мен игерілуінің тағы
бір қырын оның өзбек тілінде қолданылуын қарастыру арқылы да
айқындауға болады.
ФАРАНГ (п-т-а) көне1) Француз; 2) Француздық немесе европа-
лық; фаранг милтик – ескі білтелі мылтық;Фаранг румал –жұқа, жеңіл
əрі жылтырағы бар орамал, 3) а у ы с. шебер (аударма –біздікі). Бұл
жерде деберен сөзіне «көне» деген түсінік беріліп, əуелде арабтардан
тəжік-парсы тіліне енген сөз ретінде қарастырылады.
Фаранг «мылтық», əрі «орамал» сөздерінің тұрақты анықтауышы
ретінде жұмсала отырып, сонымен бірге сол заттардың шығу тегі, жа-
салуы «француздық» (европалық) дегенге мегзейді. Сөз болып отырған
омонимдер семантикасындағы қайшы құбылысты ұйғыр тілінің фактісі
де айқындай түседі. Қазіргі ұйғыр тіліндегі пəрəң өзара байланыссыз
екі түрлі мағынаны білдіреді: 1) қызыл, ал қызыл, қызғылт: пəрəң яғлиқ
«қызыл (жібек, үлдір, үлбірек) орамал», пəрəңдəк қизил «пəрəңдей
қызыл» (плеонастық тіркес) жəне 2) «француз/француздық» пəрəң кон-
сул «француз консулы» (Шыңжан ұйғырлары тілінде).
203
Сонымен, жоғарыда қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр тілдерінен келтір-
ген мысалдарда берен (баран), баран(фаранг), пəрəң сөздері бұл тіл-
дерде өзара байланысы жоқ əр түрлі ұғымды білдіретін тəрізді:
1) Жауынгердің жау жарағы: сауыт, мылтық, семсер, қылыш т. б. жа-
салатын жоғары сапалы құрыш, болат; 2) матаның таңдаулы түрі,
барқыт; 3) пистонды мылтық; 4) француз, француз дықнемесе европалық;
5) қызыл, ал қызыл; 6) қара қоңыр, қара кер (жылқы малының түсі).
Шар. Қазіргі қазақ тілінде 20-дан астам шар деген сөз кездеседі.
Олардың біразы жеке-дара айтылса, көпшілігі белгілі сөз тіркесінде
немесе біріккен сөз құрамында қолданылады екен. Шар дегенде бірден
көз алдымызға домалақ, жұп-жұмыр, дөп-дөңгелек зат, не үрлеген қа-
рын тəрізді резина елестеуі мүмкін. Дəлірек айтсақ, шар революциядан
бұрынғы би-болыс сайлауларында дауыс беруде қолданылған ақ, қара
түсті домалақ тастар; осыдан келіп шар салу, шар тастау тіркестері
пайда болған; екінші бір шар– о бас та аспанға көтерілу үшін ішіне
газ толтырылған ұлкен аэростат, ішіне жел толтырылып, əсемдік үшін
жасалған резина шар болса, үшіншісі –жұмыр дүниенің атауы – жер
шары. Бұл «шарлардың» барлығы қазақ тіліне орыс тілінен енгендігі
көпшілікке аян.
Тілімізде шар қой, бұқа шар, құнаншар, шар тарту, шар қою, шөп -
шар, дay- шар, шар ете қалу (оқыстан ащы дауыс шығару мағынасында)
сияқты «шарлар» тағы бар. Көпшіліктің назарын аударып, біздің
арнайы тоқтағалы отырған ендігі бір топ «шарлар» (сəр, шəр, шер, шир
варианттары да бар) мыналар: шарбақ, шаруа, шарайна, шардақ (төрт
тағанды үйдің шатыры, төбесі), шартарап(дүниенің төрт бұрышы),
шарайтоп, шаршау, шарқат(төрт бұрышты, шаршы орамал, кей жерде –
мойын орағыш), шаршы (квадрат, тік бұрыш), шар болат, ширек,
шерутүлік, шəрияр (əдетте: төрт шəрияр –пайғамбардың төрт серігі),
шертер(төрт ішекті музыкалық аспап), сəрсембі (күн аты) т. б.
Ең алдымен ескертетініміз: шар-шəр-шер, сəр-шир сөздері, түптеп
келгенде бір-ақ сөз. Оның төркіні парсы тіліндегі (сондай-ақ тəжік,
иран, пушту, т. б. иран туыстас тілдеріндегі) чар-чаһар түрінде айтылып,
«төрт» мағынасын білдіретін түбірлес, мағыналас сөздерге барып сая-
ды. Шар компонентімен келген бұл сөздер мен сөз тіркестері қазақ
тіліне əр дəуірде, əр түрлі жолмен еніп, əбден сіңісіп, төл сөзіміздей
болып кеткендіктен, өзінің о бастағы «төрт» деген мағынасын сақтама-
204
ған. Сондықтан да олардың əрқайсысы бізге əр түрлі сөз болып көрі-
неді. Дегенмен бұл сөздердің төркінін, құрамын, өзара жақындығын,
мəн-мағынасын білгеннің кімге болса да артықтығы жоқ. Мəселен:
шарбақ: шар–«төрт» жəне бақ,яғни о баста «төрт жағы бірдей бақ»
деген мағынада қолданылса, шаруа: шар–«төрт» жəне уа болып өзгерген
парсының па-пай «аяқ» деген сөздерінен туып, «төрт» аяқты «мал» де-
генді білдіреді. Сол сияқты: шардақ парсыша – «төрт тағанды, қырлы
күмбез», шарайна парсыша – «төрт бұрышты айна», ширек парсы-
ша – «төрттің бірі», шаһар парсыша – «төрт қабырғалы қала», шертер
парсыша – «төрт ішекті», шар тарап парсыша – «төрт жақ, төрт құбыла»,
шеру түлік– «төрт түлік» (түлігі қазақша), сəрсембі о баста парсы-
ша –«төртінші күн». Ал енді шəрияр дегенніңөзі парсыша «төрт жар,
пайғамбардың төрт қолдаушысы» бола тұра, оған кейде алдынан тағы
да «төрт» сөзін қосып айту бар. Төртке төрттің қосылуы, əрине, шəр
сөзінің мағынасы ұмыт болғандықтан туған плеонастық қайталау.
Қорыта келгенде, тілімізде осы сияқты түбірлес, туыстас сөздер өте
көп. Олардың өзара қатыстығын білу –тіл табиғатын тереңірек түсінудің
бір шарты.
205
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ қауымында этимологиямен қызығушылар көп те, бірақ
сонымен нақтылы шұғылданушылар өте аз. Қазақ тілі бойынша бұл
мəселенің зерттелуі – ұзақ жылдық сипатқа ие күрделі зерттеу ны-
саны. Оның үстіне этимологиялық зерттеу кешені тек сөздік жасау-
мен ғана шектелмейді.
Бүгінгі күні қазақ мақал-мəтелдері мен фразеологизмдер құра-
мындағы мағынасы күңгірт сөздердің, этномəдени атаулардың, не
шет елдерден қабылданған сөздердің этимологиялық сөздіктерін жа-
сау мəселесі күн тəртібіне қойылып, зерттелуде. Себебі ғасырлар бо-
йы халықтың көкірегінде жатталып, жадында сақталған көне та-
мырлы сөздердің төркініне үңіліп, тілдік тұрғыдан табиғатын бар-
лап, жасалу жəне сақталу жолдарының тілдік құралдарын анық-
тау, мағыналық даму заңдылықтарын көрсету мен көнеру (мүжі-
лу) себептерін ашу т.б. мəселелер қазақ тіл білімінде ерекше
мəнге ие болып отыр. Нақты айтқанда, қазіргі қазақ қоғамын-
дағы ұлттық рух жаңғырып, салт-дəстүрлер қайта жанданып жат-
қан кезеңге сай рухани-əлеуметтік құбылысты дұрыс бағалап, бағ-
дарлайтын, негізін түсіндіретін заңдылықтар адамның рухани дү-
ниесімен байланысты екенін қазіргі қазақ тіл білімінің антропоөзек-
тік бағыттағы зерттеулері дəледеп отыр. Осымен байланысты қазір-
гі қоғамдағы ұлтты рухтандырып, оның ішкі-сыртқы келбетін өр-
нектеп көрсететін сипаттардың бірі тіл деп сезіну тіл зерттеу мəсе-
лесіне бұрынғыдан басқаша талап қойып отыр.
Сондықтан да қазақ этимологиясының ғылыми-теориялық не-
гіздері жаңаша айқындалып, этимологиялық сөздік жасаудың ғы-
лыми принциптерінің тұтастық (концептуалдық) кешенді сипаты
сараланады. Осы тұрғыдан алғанда қазақ тілінің этимологиялық
сөздігін жасаудың ғылыми-əдіснамалық негізін белгілеуге арналған
іргелі зерттеу нəтижелерінің ұсынылуы – қазақ тіл білімі жаңа
206
деңгейінің көрінісі, болашаққа жалғасатын арналардың басы деп
ойлаймыз.
Мұның нақты дəлелі, ғылыми-деректік дəйегі ретіндегі алғы-
шарты – қазақ тіл білімінің соңғы кездегі ғылыми жетістіктері:
«Қазақ əдеби тілінің сөздігі» (15 том); «Қазақ тілінің аймақтық сөз-
дігі»; Ə.Қайдар «Қазақтар ана тілі əлемінде» атты қазақ тілінің эт-
нолингвистикалық сөздіг»; Р.Сыздық «Сөздер сөйлейді» т.б.
Сонымен, ұсынылып отырған зерттеуіміз бүгінге дейін баста-
лып, жинақталған мағлұматымыз негізінде, ғылыми-теориялық дең-
гейі мен практикалық тəжірибеміз нəтижесінде, қоғамдық өмірдің
қажеттігін қамтамасыз ететін зерттеу қорытындысы болып санал-
мақшы.
Тіл білімі жоғары дамыған елдерде тілдің бұл мəдениетімен
шұғылдану, этимологиялық талпыныстарды ескеріп, оның ғылы-
ми-теориялық негіздерін айқындап, бұл салаға жол-жорық көрсету,
атап айтқанда этимологиялық сөздік жасап отыру ғылыми да прак-
тикалық мəні өте зор құбылыс,əрбір өркениетті елдің өсу жолын-
дағы өрелі əрісінің айғағы.
207
Достарыңызбен бөлісу: |