Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет68/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   116
Кірістен етсең саған серт.
(“Ер Қосай”).
Туыстас тілдердің осы дерегін салыстыра отырып‚ Ен дария емшек 
сүтім кіріш тұтар деген жолдарды қайта оқысақ‚ «дариядай емшек 
сүтім садақтың тартылған кермесіндей (кірісіндей) кесе-көлденеңдеп 
сені жібермейді” деген бейнелі мағынаның бар екенін байқаймыз [19, 7 б.].
АРАПШЫ< Тіліміздегі “азғырушы”‚ “əзəзіл” мəнінде арапшы сөзі 
бұрын да‚ қазір де сирек қолданылатын сөз болғандықтан, түсіндірме‚ 
орфографиялық сөздіктерімізге ілінбей‚ ұмыт қалып жүр. Бұл жайт 
кезінде 10 томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне” баспасөз 
бетінде пікір жариялаған белгілі ақынымыз М.Əлімбаевтың да назарын 
аударған болатын. К.К.Юдахин құрастырған сөздікте дəл біз көрсеткен 
мағыналарда арапчы сөзі қырғыз тілінде де ұшырасатынын көрсете 
кетуді міндетіміз деп білеміз [КиргРС].
Арапшы сөзінің түп-төркіні түркі тілдері екендігін жөне құрамы 
жағынан екі түбір‚ бір қосымшадан тұратындығын мынандай тілдік 
деректермен дөлелдеуге болады. Ежелгі түркі жазба ескерткіштерінің 
бірінде ар - “алдау”‚ “азғыру”‚ “өтірік айту” мағынасын нұсқайды [ДТС]. 
Екінші түбір сөз де бергісі түркі-монғол‚ арғысы тұңғыс-маньчжур 
тобындағы тілдерден табылады. Бурят тілінде аб (кейде аба) - “арбау”‚ 
“сиқырлы күш” мағынасын меңзесе‚ тұңғыс-маньчжур тобындағы 
тілдердің бірінде апта - “сиқырлау”‚ “дуалау”‚ ертедегі монғолдардың 
жазба тілінде аб - “сиқырлық”‚ “көз бояушылық” мағынасын білдірген.
Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде екеуінің қос сөз қалпында 
қолданылғанын көруге болады: ар+аб. Сөз соңындағы -шы - белгілі бір 
кəсіппен айналысатын адамдарды айқындау үшін қосылатын жұрнақ 
екендігі баршаға аян. Сөйтіп‚ арапшы-мағыналас екі түбірден туында-
ған‚ қазақ тіліндегі қазіргі ұғымы - “алдаушы”‚ “сиқыршы”.
БАЛДЫЗ қазіргі түсінігімізде бұл сөздің мағынасы - “əйелдің жа-
сы кіші туыстары”. Мысалы: Мырзаханның бұрынғы əйелі өліп‚ бал-


139
дызы Қайманы алды (К.Оразалин. Ақ жазық...). Алматы‚ Жамбыл 
өңіріндегі қазақтар тілінде балдыз сөзі тек қана қыз балаларға қатысты 
қолданылады. Мұны еске салып отырған себебіміз - сөз төркінін іздес-
тіру барысында осылайша қолданудың қолдау табатын жағдайы бар. 
Якут тілінде балдыз сөзімен тұлғалас балыс та кездеседі. Мағынасы –
1. жасы кіші адам; 2. қарындас [ЯкРС]. Мұндағы екінші мағына‚ 
сөз жоқ, туынды. Ал монғол тілінде балчир – “кішкентай” (адамға 
қатысты айтылады) жəне “жас”‚ “нөжік” [ҚазМС]. Ертедегі түркі-жазба 
ескерткіштері тілінде əйелдің сіңлілері балтыр тұлғасында ұшырасады.
Келтірілген тілдік деректерді саралар болсақ‚ сөздің ілкі бал түбі-
рінің о бастағы “кіші”‚ “жас” дегенді білдіргенін аңғаруға болады [20].
ШАҚША ... шақша атауы өзі жасалған заттың атынан‚ яғни мүйізге 
қатысты пайда болған. Ертеректе қазақтар малдың мүйізін шақ‚ шах 
деп атаса‚ өзбектер оны шох деген. Өзбекстандағы қазақтар тілінде 
шақ - “мүйіз”. Əдеби тіліміздегі “мүйізің шықты ма?”‚ “мүйіз шықпас” 
сөз орамдары мұндағы тұрғындар тілінде “шақ шықты ма?” түрінде 
айтылады [21]. Батыс Қазақстан тұрғындары тіліндегі шақыл сөзінің 
мағынасы – “ай мүйіз” [22] Қарақалпақстанда тұратын бауырларымыз 
тілінде “Сиырдың шақына ұрсаң‚ аңдалы сырқырайды”“Адам - 
тілінен‚ мал - шақынан секілді мақал-мөтелдер кездеседі [23]. 
Сонымен,шақша сөзінің шығу тарихы мүйізге жəне бір кезде ті-
лімізде мүйіздің синонимі ретінде қолданылған шақ сөзіне байланысты 
екен. Кішірейту мағынасын беретін -ша жұрнағы жалғанып‚ о баста қол-
ға ұстауға ыңғайлы‚ “кішкене мүйіз” деген мағынаны білдірген демекпіз. 
Ал сөз төркініне үңіліп‚ тіл тарихына тереңдеп барсақ‚ шақ сөзі 
өзбек‚ тəжік тілдері арқылы ауысқан парсы сөзі екенін байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет