148
сөзі - “күдер үзу”‚ “дүниені тəрк ету” дегенді білдіреді. Көпшілік
иаса
деп əуелі қылуетті‚ кейінірек шаһарды түгелдей атаса керек.
Зерттеуші А.Ибатов:«йасауи» сөзінің соңындағы
иФараби‚ Хорез-
ми сияқты есімдердегі парсылық изафет емес.
Бұл атау йаса сөзімен
түркінің еуи (үйі) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан» [31, 8] деп
санайды.
АРШЫН “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде”,
аршын сөзіне
“метрге тең өлшем”‚ “кез” деген түсінік берілген [ҚТТС І, 355]. Шын-
дығында, оның өлшемі метрге жетпейді‚ небəрі - 0‚711 метр
немесе
71 см. Бұл сөз орыс тілінде де ұзындық өлшемі ретінде қолданылады.
Алайда сөздің түпкі төркіні иран тіліне тіреледі. Оларды “əрші”
тұлғасы‚ “шынтақ” деген ұғымды білдірcе [51‚ 522-523], ал В.Радлов
арш–«шынтақпен саусақ ұшына дейінгі аралықтың ұзындығы”‚ – дейді
[РадСл. І, 331]. Демек‚ иран тіліндегі “арш” түркі тілдеріне‚ оның ішін-
де қазақ тіліне ауысып келгеннен кейін
ын қосымшасын қабылдап‚
аршын түрінде қалыптасқан; одан əрі түркі тілдерінен орыс тіліне енген.
Яки əу баста
аршын - шынтақ пен саусақ ұшына дейінгі ұзындық атауы
ретінде жұмсалса‚ кейін ұзындық өлшемі болған.
ЕЖЕГЕЙ Тамақтың бұл түрінің дəмі қышқылдау болып келетінін
еске алсақ‚ ол өз атауын бойына тəн осы қасиетін байланысты алған
деуге болады. Сөз түбірі түрк‚ моңғол тобындағы тілдерге ертеден ор-
тақ болса керек.
Тіліміздегі ащы сөзі якут тілінде –
аһыы; туваша –
ажып; ал моңғолдарда
ашу‚ ашыту етістіктері мағынасын
эсгэх‚ эсэх
тұлғалары‚
қалмақ тілінде исгси сөзі береді. Осылардың ең алғашқы
түбірі бір болғанда‚ кейін əр тілдің өздеріне тəн заңдылықтарына
сөйкес дыбыстық өзгеріске түскен. Демек‚ “а”-ның орнына “э”‚ “ш‚ ж‚
с” дыбыстарының сəйкестігінен
бір тілде ащы (қазақтарда)‚
ажығ
(туваларда)‚ үшіншісі
эсех (моңғолдарда) тұлғаларына дейін өзгерген.
Уақыт өткен сайын мағына ажырату қажеттігінен қазақтарда “ащы”
тағам дəмінің бір қасиетіне меншіктеліп‚ моңғолдардағы бұл мағынаны
беретін
эсех тұлғасы белгілі бір тағамның атауы болып қалыптасқан.
Сөйтіп‚ тіліміздегі
ежегей сөзінің даму сатысы былай болған:
эсех -
ежех - ежег - ей (жұрнақ) -
ежегей.
Моңғол тілінде біздегі “ірімшік” мағынасын
ээзгий тұлғасы береді.
“Ежегейдің” алғашқы түбірі‚ “эсех” екеніне күмəн жоқ. Біздегі
ірімшік
пен
ежегей тағамдарының дəмі де осыны қуаттайды. Ірімшік дəмі тəтті-
леу де‚
ежегей- қышқылдау. Анығырақ айтсақ‚ біздегі
ежегей-ірімшік
149
пен құрттың аралығындағы тағам.
Ежегейді қазақтар моңғолдардан
ауысып алған деген пікір айтуға да болады. Бірақ М.Қашғари сөздігінен
“қышқыл” төркіні түрк‚ моңғол тобындағы тілдерге бұл сөзді (түбірді)
ортақ деуге қолайлайтын тəрізді.
Достарыңызбен бөлісу: