Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет71/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   116
ҚҰРЫЛТАЙ моңғол жəне түрік халықтарына тəн атау. Ол қазіргі 
қазақ тілінде “ұлы жиын” (съезд) деген мөнде қолданылады. Моңғол 
тіліндегі хуралдаан сөзі де “құрылтай” мағынасын береді [МонгКТ‚ 629 
б.]. “Құру”‚ “құрау” тұйық етістіктерінің түбірі де - “құр”. “Мəжіліс 
құру”‚ “дүние құрау” т.б. тіркестердегі “құру”‚ “құрау” етістіктері 
əлденені жиюды‚ жинауды‚ топтандыруды білдіреді. Монғол тіліндегі 
хураак етістігінің мəні де осыдан алшақ емес. Қазақ тіліндегі құрыл мен 
моңғол тіліндегі хуралдың мағыналарында өзгешелік бар; бірі - етістік‚ 
бірі - зат есім. Хурал сөзіне -даан қосымшасы жалғану арқылы моңғол 
тіліне “құрылтай”‚ “мəжіліс”‚ “кеңес” деген мағына беретін хурадаан 
сөзі жасалған. Демек‚ моңғол тіліндегі хуралдаан сөзі тілімізге азғантай 
өзгеріспен құрылтай болып енген.
АБЫСЫН В.В.Радлов сөздігінде: абы қойбол тілінде əйел сөзінің 
орнына қолданылады [РадСл., 626 б.]. Ал Л.З.Будагов сөздігінде абысы 
тұлғасына жақын епчи сөзі де əйел мағынасын береді. Түркі тілдеріндегі 
епчисөзі қазақ тіліне абсы‚ абысын тұлғасына ауысқан. Түрк тілдерінде 
əйел мағынасын беретін абы не епчи сөзінен абысын шыққан >
САЛБУРЫН этн. «Қыс мауысымында аңшы, саятшылардың топ-
талып, бірнеше күнге аң аулауға шығу салты» [Қазақ əдеби тілінің сөз-
дігі, 12-том, 589]. Осы мағынада қырғыз тілінде де кездеседі. К.Юдахин 
осы сөзге “ұжымдасып‚ алысқа аңға шығу” деп анықтама береді. Сөз 
төркінін ашуға моңғол тілінде толық мағынасы бар золбирах - “кезбелікке 
салыну‚ қаңғыру‚ үй-күйсіздікке ұшарау‚ жақын адамдарынан оқ-
шаулану”‚ салбар‚ салбарлах - “бөліну‚ бөлектену‚ топтану” секілді 
тұлғалар септігін тигізеді [26, 8 б.]. 
БАСТАҢҒЫ бастаңғы сөзінің түркі төркіні түрік тілдерінде 
паштанчы‚ ал мағынасы “аспаз” екені көрсетілген. Тува тілі лексикасында 
паштанчы сөзі біздегі “аспаз” немесе “асшы” мағынасын ұғындырады. 
Мұндағы алғашқы сыңар паш сөзінің қазақ тіліндегі мағынасы - “қазан”. 
Енді біріккен бұл сөздің екінші сыңары - таң-ның түбірін моңғол тілін-
дегі чанах тұлғасымен байланыстырсақ‚ оның мағынасы біздің тіліміз-
дегі “пісіру” етістігімен сəйкес. Осылайша моңғолдың чанах тұлғасы 
танах-қа өзгеріп‚ одан əрі -ах жұрнағынан арылған соң‚ тан түріне 
дейін қысқарған деп жорамал жасауға болады. Осыдан кейін біздегі қа-
зан мағынасын беретін тува тіліндегі паш сөзіне “пісіру” не “асу” (моң-


143
ғол тілінде “ет‚ қазан асу” деген тіркестегі “асу” да чанах сөзімен бері-
леді) мағынасындағы тан сөзін қоссақ‚ паштан тұлғасы пайда болаты-
ны көрініп тұр. Бұл сөзге тува тілінің -чы жұрнағы (біздегі -шы жұрна-
ғы) жалғанып‚ паштанчы туынды сөзі дүниеге келген деп есептейміз.
Алғаш ортақ қолданыста болған паштаншы тұлғалы сөзі кейін 
қазақ тілінде өзгере келіп‚ бүгінгі бастаңғы қалпына дейін жеткендігі 
аңғарылды [27, 8 б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет