137
Кемақыл сен білмесең мен айтайын
Құс атасы болады Шегір Баян
Сахалар (якуттар) тілінде аңшы (саятшы), балықшылардың желеп-
жебеуші пірі
бауанау немесе
бауйанау деп аталады [17, 185 б.]. ... Қазақ
тіліндегі құс атасы
Баян мен саха тіліндегі бауйанау сөздерінің түп-
төркіні бір. Қазақ саятшылары қыран құстың алғаш ілгенін
тырнақал-
ды десе‚ оның тұңғыш саятқа шығып‚ ауыздануын
бауашар деп атай-
ды. Осындағы бау сөзі
баудай түсірді деген
тұрақты сөз орамындағы
баумен өзара төркіндес.
Əдетте, мифологиялық атаулардың қазақ тілінде көбіне тұрақты
эпитеті болады.
Баянның‚ тұрақты эпитеті –
шегір. Құсбегілер қыран
құсты көз алмасының түсіне қарай –
ақ шегір‚ сары шегір‚ кер шегір‚
сондай-ақ сыртқы түріне
байланысты көк шегір‚ құм шегір‚ ақ шегір
дейді.
ҚИЯЛ Кейде көне сөздерді сыртқы тұлғасы ұқсас омонимдес сөз-
дермен де шатастырып алуымыз ықтимал. “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”
жырының В.В.Радлов нұсқасында:
Тілімді алсаң осы жолға барма‚ балам‚
Қарабайдың Қодары қиял‚ балам‚ –
деген жолдар бар. Осындағы
қиял сөзін араб тілінен енген қиял
мен (ой-қиял) ұштастыра қарауымыз да мүмкін. Шындығында‚ жырда-
ғы
қиял түркі-монғол тілдеріне ортақ сөз. Алтай тілінде
қиялды “күнəлі”‚
монғол тілінде
қиял “нəпсі”‚
қиялты “нəпсіқұмар”‚ “əйелжанды” деген
мағынада қолданылады екен [18, 24 б.]. Міне‚
мұндай салыстырмалы
дерекке қарағанда жырдағы немесе байырғы қазақ тіліндегі
қиял
“нəпсіқұмар”‚ “əйелжанды”‚ “қызғаншақ” деген мағынада қолданыл-
ған деуге болады.
КІРІШ “Қозы Көрпештегі” мағынасы мүлде түсініксіз сөздердің
бірі –
кіріш. Осы жырда Қозының Баянды іздеп шығатын сəтін баяндай-
тын мынадай жолдар бар:
–
Қайғыменен көкірекке сана салған‚
Сұм балам санаменен болған алаң
Ен дария емшек сүтім кіріш тұтар‚
Өтерсің онан нағып‚ жазған балам?
–
Шешеке‚ бір сұмдықты енді біліп‚
Жүре алман бұрынғыдай ойнап-күліп.
Ен дария емшек сүтің керіш тұтса‚
Өтермін онан дағы кеме мініп.
138
Жырдың əртүрлі
басылымдарында кіріш “ақ”‚ “аппақ” деген
мағынадағы сөз деп түсіндіріліп жүр.
Кіріш сөзіне берілген мұндай
түсінік‚ біздің байқауымызша‚ дəл емес.
Кіріш - түркі тілдес халықтардың
байырғы сөзі. Қазіргі түрік тілінде
кіріш “сіңір”‚ “тарамыс”‚ “ішек”
(музыкалық аспаптың ішегі)‚ “садақтың көрмесі”‚ “бөрене”‚ “сырық”
төрізді мағынада қолданылады[ТурРС‚ 552-б.].
Ертеректе қазақтар
садақтың кермесін
кіріс деп атаған:
Атқаныма шыдамай‚
Достарыңызбен бөлісу: