150
Осылайша алғаш жалдан жасалған əбзел өз атауын соны да-
йындаған заттан ауысып алған. Оны
делбе не
делбег тұлғасына дейін
қалыптастырған -
бе‚ бэг жұрнағы.
ЖАБЫ Түсіндірме сөздіктегі анықтамасы бойынша‚ бұл сөз “қазақы
жылқының байырғы қара байыр тұқымы” деген мағынаға ие. Сөздік-
тегі мысал: “
Жалы бар деп жабыдан айғыр салма” (мақал). Мақалдағы
алтай‚ төлеуіт тілдерінде
йабы–«жүдеген»‚ «арықтаған»‚ «жарамсыз»‚ ал
қазан татарлары‚ қырғыз жəне бараба татарларында
йабык–«арықтау»‚
«жүдеу»‚ «əлсіздену» деген мағыналарды береді.
Йабы жəне
йабык
сөздері
жабы тұлғасына жақын келетіні даусыз. Жылқының бұл түрі
онша реңді бола бермейтінін ескерсек‚ “жарамсыз” сияқты мағыналар-
дан да алшақ кетпейді. Ендеше
жабы-ны
йабы сөзінің дыбыстық түрі
деп қарап‚ оның төркіні түрк тілдері деу орынды.
Алайда жүйесі басқа тілдің елеңдетер дерегіне тап боламыз. Парсы
тілінде бұл сөз үнемі
жылқы сөзімен тіркесте көрінеді:
иабу- 1. «жүк
артатын‚ жүк таситын жылқы»; 2. «тұқымы нашар‚ көтерем ат» [ПерРС
ІІ‚ 738]. Қазақ тілінде де
жабы көбіне-көп
жылқымен байланысты
қолданылады. Бірақ сөз төркінін парсы тіліне апарып тіреуге күмəн
тудырарлық тағы бір себеп бар сияқты. Ол - парсы тіліндегі
йабу-дың
екінші мағынасында кездесетін “көтерем”‚ “арық” мағыналары. Осы
мəліметтерді салыстырсақ‚
жабы сөзінің алғашқы төркіні түрк тілдері
болған жəне ол ертеде тек
жылқы‚ ат сөздерімен тіркесіп қана қоймай,
басқа да атаулармен жанаса алған.
Бұдан шығатын қорытынды - түрік тілдері меншігіндегі
жабы сө-
зі парсыларға ауысып‚ онда тек
жылқы сөзімен тіркескен де‚
қазақ ті-
ліне кері оралған.
АЗАТ Азат сөзінің қазақтың төл сөзі еместігін байқаймыз.
Парсыларда
азад дыбыстық қалыпта айтылып - “еркін”‚ “ерікті”‚ “бос-
тандықтағы” мағынасын береді. Оларда “Азад” сияқты адам есімін
де кездестіреміз. Ахмед Игунекидің “Ақиқат тартуы” атты нақыл
поэмасында
азатсөзі келтірілген.
Азат сөзінің қазақтың төл сөзі қалпына жеткендігі сондай‚ оған
тілімізде жұрнақ жалғануын туындаған онға жуық сөз қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: