Алматы «Сардар» баспа үйі


МҰРТТАЙ. Мұрттай сөзіндегі -тай



Pdf көрінісі
бет89/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   116
МҰРТТАЙ. Мұрттай сөзіндегі -тай бөлігінің салыстыру ма-
ғынасындағы жұрнақ екенін айыру қиын емес. Тілімізде осы -тай, -дай 
қосымшасы жалғанып барып жасалған əуелгі мағынасы күңгірт сөздер 
көптеп кездеседі: алпамсадай, баданадай, мұнтаздай т.б. Бірақ атал-
мыш сөздің түбірі ерінге шығатын мұрт (усы) деп ойлауға ешбір қисын 


166
келмейді. Бұл екі сөздің сырттай ғана ұқсастығы болмаса, мағынасы 
бір-бірінен сонша алшақ жатыр. Болмаса мұрт пен ұшудың арасында 
қандай байланыс бар? Мұрттай ұшып дегеннің мағынасы «жалп етіп, 
қалпақтай түсті», «ұшып түсті» болса, еріндегі мұрт қырғанда олай 
түспесе керек. Бұл сөздің түп-төркініне үңіле қарасақ, оның басқа мұрт 
екенін көреміз, ол алмұрт (груша) мағынасындағы парсы тілінің моруд 
сөзінен жасалған тəрізді. Түрік тіліне енгенде бұл сөз кейбір дыбыстық 
өзгерістерге ұшыраған: о дыбысы ұ-ға, д дыбысы т-ға айналып, екінші 
буындағы утүсіп қалған. Демек, мұрттай ұшу алмұрттың сабағынан 
үзіліп түсуінен шығып, кейін мағыналық өзгерістерге ұшырап, тұрақты 
тіркеске айналған» [40, 28-29]. 
НІЛДЕЙ (көз алдыңда өзгеру, бұзылу). Өлдім-талдым дейтін 
себебі, бесінші класқа дейін өзге балалар секілді бірсыдырғы тəп-тəуір 
оқып келе жатқан да, алтыншыға жете бере аяқ астынан нілдей 
бұзылған (Нұрғали Ораз. Қазығұрт оқиғалары). Талай күннен бері жол 
бастап, ел аралатқан кетік шал батырдың аулына беттегенде ніл-
дей бұзылды (Т.Əлімқұлов, Кертолғау).
Нілдей бұзылды. «Аяқ астынан айнып қалды, тез өзгерді, құбылды» 
[ҚТТС VII, 364]. Қазақ халқында көк, көгілдір түсті ніл сөзімен беру
де бар. Ежелгі үнді тілінде nila – «көк», «қара» деген мағына береді. 
Қазақ тілінде ніл – қара көк, қою көк түсті білдіреді. Мысыр еліндегі 
таулардың басында неше алуан тастар бар. Бояу шығаратын кварц т.б. 
Сол таудан аққан судың ағысы неше түрлі түс береді, бірде көк, бірде 
қара. Ніл өзеніне құятын бұл сулар өзгеріп отырады. Ніл өзенін Көк
өзен дейтін себебі сондықтан болар. 
Зерттеушілердің пікіріне қарағанда ніл сөзі – түркі тілдеріне 
будда дінін уағыздаушы жазба ескерткіштерді көне ұйғыр тіліне 
аударуға байланысты енген санскрит сөзі. Мысалы: nilapuspa< санскр. 
nilapu?up<санскр. nilapuspa – «көк түсті шешек ататын эквалипт аға-
шы» (Uig. ІІ 25
17
). Тəжік, өзбек тілдеріндегі нилифар (су лилиясы, лотос) 
сөзі санскрит формасымен байланысты. Сонда нілдей бұзылу «көк 
бояудай бұзылу» деген мағынаны аңғартады жəне оның Ніл өзенімен 
тікелей байланысты болмауы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет