Алматы «Сардар» баспа үйі


қаншыр сөзі нені білдіреді? Ұзын аяқты, денесі жіп-жіңішке, тұрқы  шағын, сидам қаққан қазықтай тік тұратын құсты қаншыр



Pdf көрінісі
бет88/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   116
қаншыр сөзі нені білдіреді? Ұзын аяқты, денесі жіп-жіңішке, тұрқы 
шағын, сидам қаққан қазықтай тік тұратын құсты қаншыр дейді. Құсқа 
қаншыр деп ат қойған қазақтың сөзіне қарағанда, менің болжауымша, 
қан – адам, шыр – сөл, ет пен майды білдіреді. Мал мен адам арық бол-
са, семірмесе, əлгі ұғымды білдірген. Шыр – семіздік, еттілік, күйлі-
лікті білдіреді. Қан мен шырды бірге қосып, қаншыр деп жазғанда ұғым 
өзгеріп, “арық жүдеу”, “қан-сөлсіз”, “тыртиған”, “қатып”, “семіп қал-
ған” деген ұғымды білдіретін болған» [42, 32]. 
ҚАРШАДАЙ (жас, кішкентай). Тосын жағдайда бұлайша өз бойын 
жиып алып, өзгеге көмектесу кез келген адамның қолынан келмейтін 
ерлік десек, қаршадай қыздың мінез-құлқының, ерік-жігерінің сол кез-
ден-ақ қалыптаса бастағаны анық (Егемен Қазақстан). Халық арасына 
жайылған қазіргі түсінік бойынша – «тұлғасы кіші», «көзге қораш», «кіп-
кішкентай» деген мағынаны иеленіп, қаршадай бала, қаршадайынан 
сияқты сөз тіркесі мен жеке сөз қалпында жиі қолданылады. Сөз төр-
кінін іздестіруде мынадай дерекке кездесеміз.
Л.З.Будаговтың сөздігіндегі Вамберидің мəліметіне сүйене оты-
рып, карчэ деген тұлғаға «сұңқардың кішірек қара түсті тұқымы» деген 
түсінік аламыз [28, 9]. Мұның өзі біздің шамалауымызша, қазіргі қазақ 
тіліндегі қаршыға тұлғасының ертедегі қалпы болса керек. Қаршыға 
сұңқар тектес құсқа жатады. Дегенмен ойымыздың дұрыстығын басқа 
бір түркі тілі дерегімен дəлелдей кеткен орынды дейді Ə.Нұрмағамбе-
тов. Тува тілінде қазақ тіліндегі сұңқар (сокол) атауындағы құсты 
«хартыға» деп те атайды [РусTC, 550]. Бұл оның сұңқармен тектестігінің 
айғағы. Қазіргі «қаршыға» ертедегі түркі тайпаларында «карчэ» тұл-
ғасында айтылуы ғажап емес. Өзінің тұрқы сұңқарға қарағанда кіші бол-
са, атауы карчэ делінсе, осы тұлғаға ұқсату нəтижесінде –да қо-
сымшасының көмегімен карчэ-дей, одан əрі біздің тіліміздегі «қарша-
дай» теңеуі туған деп топшылайды [26, 168]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет