ХЫХ-ТҮФ подр плеванию тьфу; этмек плевать, сплевывать /712/.
ХЫХ-ХЫХ-ХЫ подр тихому, сдержанному, презрительному смеху /712/.
ХЫ-ХЫ-ХЫ подр негромкому смеху хи-хи-хи /712/.
ХЫШЫ-ВЫШЫ 1 подр невнятному шепоту, неразборчивой речи; этмек
говорить шепотом; 2 слухи, толки, молва; обада гүррүңлер пейдаболды по
селу пошли слухи /712/.
ЧАГЫШ-ЧУГУШ подр шелесту, шороху /716/.
ЧАРП подр сильному плеску, шуму воды, удару волны; урмак а)
барахтаться (о животных); сувда уруп ятмак барахтаться в воде; б)
хлопотать, суетиться /724/.
174
ЧҮМҮШ-ЧҮМҮШ подр – о б ощущении пробегающей по телу дрожи
или боли /741/.
ШАБЫР-ШАБЫР подр шуму дождя /749/.
ШАГЫР-ШАГЫР подр шороху, шелесту, шуршанию /750/.
ШАЙЫРТ-ШАЙЫРТ подр скрипу; аягың ашагында гар
эдйәр под ногами скрипит снег /750/.
ШАЛТ-ШАЛТ подр звуку, возникающему при ходьбе некоторых
животных ;сыгыр эдип гечди мимо протопала корова /751/.
ШАМ-ШАМ подр голосу быстро и громко говорящей женщины (часто
о сплетнице) /751/.
ШАҢҢЫР-ШУҢҢУР подр позвякиванию металлических украшений,
звону монет; эдип гелмек идти, позвякивая украшениями /752/.
ШАП1 1) подр звуку падаюших капель; 2) подр чмокающему звуку
чмок; этмек чмокнуть; 2 перен соответствовать, подходить, быть по
размеру; болмак быть как раз , в самый раз; костюм маңа болды костюм
сидит на мне хорошо, костюм мне впору /752/.
ШАРТподр треску; этмек треснуть; йүп эдип елунды веревка с треском
разорвалась /753/.
ШАР-ШАР подр журчанию воды, быстрому движению машины /753/.
ШАТ подр щелканью, треску /753/.
ШИРТ подр слабому треску; эдип дөвүлмек сломаться со слабым
треском (напр о ветке дерева) /759/.
ШИР-ШИР подр журчанию, шелесту /759/.
ШИТИР-ШИТИР подр шуму редкого дождя; дашардан эшидилйәр
снаружи слышится тихий шум дождя /759/.
ШОВI V подр шуму, вою ветра /760/.
ШОКУР-ШОКУР подр шуршанию сухой выделанной шкуры и т п /760/.
ШОК-ШОК подр звучному сосанию (напр теленка, ребенка) /760/
ШЫБЫР-ШЫБЫР подр шелесту, шороху листьев, шуму мелкого
дождя /764/.
ШЫГ подр свисту, шуму (напр чайника перед закипением) /764/.
ШЫГЫР-ШЫГЫР подр легкому шуму, шороху, шелесту /764/.
ШЫК подр щелканью чего-л щелк /764/.
ШЫКЫРТ 1) подр щелканью; 2) подр шуршащему звуку, возникающему
при прикосновении к бумаге /764/.
ШЫЛДЫР-ШЫЛДЫР подр тихому журчанию воды в арыке /764/.
ШЫРК подр звуку, производимому щелчком щелк; гапы эдип япылды
дверь щелк – и закрылась /765/.
ШЫТДЫК-ШЫТДЫК подр шлепанью, возникающему при ходьбе в
туфлях без задников шлеп-шлеп /765/.
175
ШЫТЫР-ШЫТЫР подр звуку, возникающему при падении редких
капель дождя /765/ .
ӘХЕМ 1) подр звуку, издаваемому при откашливании; 2) подр звуку,
напоминающему покашливание (издается с целью обратить на себя внимание)
/799/.
ЯЙК-ЯЙК подр – о равномерном покачивании туловища при ходьбе
/808/.
ЯЛДЫР-ЯЛДЫР подр – о сверкании (пламении и т п ) /812/.
ЯЛП подр – о мгновенной вспышке молнии и т п ;этмек сверкнуть,
блеснуть; йылдырым этди блеснула молния /812/.
ЯҢКА-ЯҢКА подр : эдишмек см яңкалашмак /816/
ҚОРЫТЫНДЫ
Имитатив лексика қорының қалыптасуы мен дамуын жоғарыда
көрсетілген үрдіс, тәсіл, заңдылықтардың жүзеге асырылуын тәптіштеп
зерттеп, қазақ тіл білімінде бұрын-соңды арнайы сөз болмаған бұл теорияға
осы тәрізді ғылыми үлес қосудың да өзіндік практикалық мәні бар деп білген
жөн. Бұл құбылыстың тілдік табиғатын саралап, шығу төркінін, жасалу
тәсілдерін талдап-таратып көрсету ең алдымен жалпы сөздік қорымызды
іштей жіктеп көрсетуге керек болса, екіншіден, сол сөздік қорымыздың
мағына-мазмұнын анықтауға қажет. Еліктеуіш сөздер жалпы тіл заңдарына
сәйкес қалыптасса да, олардың өзіндік семантикалық ерекшеліктері де
баршылық. Олардың бойынан әр уақытта сезім, түйсік, экспрессия, эмоция
нышандары байқалады. Еліктеуіш сөздердің қосарланған, қайталама, т.б.
күрделі тұлғалары жеке-дара тұрудан да тіркес, сөйлем құрамында тұруға
бейім. Қазақ тілінің көне де байырғы түбір сөз қорының ұйытқысы, негізі
болып тұрған еліктеуіш ілкі түбірлерінің қалыптасу және пайда болу тарихи
эволюциялық процестерін талдап-тарату арқылы дәлелденеді.
Қазақ тіл білімінде еліктеуіш сөздердің табиғаты қаншама зерттеліп
келе жатса да, олардың ашылмай жатқан көптеген қыр-сырлары бар,
олардың тура лексикалық мағыналарынан туындайтын ауыспалы, астарлы
реңктерінің кең көлемде дамып, көбейіп жатқандығын тұрақты тіркестерден
де айқын көруге болады.
Еліктеуіш сөздер семантикалық жағынан алып қарағанда, біріншіден,
табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысып-
соқтығысуынан туатын, неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстауына,
әртүрлі әрекет қимылдарына еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе,
екіншіден, сол сан алуан құбылыстар мен заттардың және жан-жануарлардың
сыртқы пішіні мен қимылдарының көріністерінен пайда болатын түсініктерді
де білдіреді.
176
Қорыта келе айтарымыз, еліктеуіш сөз қорын арнайы зерттеп, оның
тілімізге атқаратын неше алуан қызметтерін атап айтқанда, өмірде болатын
небір күрделі құбылыстың, бейнелі әрекеттер мен динамикалық процестердің
ою-өрнегін, бояу-нақышын келтіре суреттеуін саралап көрсетудің мәні аса
зор. Бұл тек сан алуан еліктеуіштердің ауқымын анықтау үшін ғана емес,
сонымен қатар мағыналарын да тап басып, дәл көрсету үшін де қажет.
Бұл құбылыс қазақ тіл білімі үшін жаңа зерттеле бастаған теория ретінде
бір жұмыспен ғана шектелмесе керек. Оның ең жемісті сәттерін мағынасы
күңгірттенген көптеген бір буынды түбір деңгейіндегі моносиллабтар мен
олардан туындаған тұлғалардың төркінін айқындап, этимологиясын ашудан
көруге болады. Басқаша айтқанда, сөздік қорымыздағы көне де байырғы
лексемалар төркіні шамамен 25-30% еліктеуіш түбірлерді саралау арқылы
шешіледі.
Қосымша А
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. І – ХV том . – Алматы:
Арыс баспасы, 2006-2013.
- А -
АҒАРАҢ е л і к. Ақшыл тартқан, кенеттен ақшыл болып көрінген
түсті бейнелейтін сөз. Қайдан жарық түсіп тұрғанын біле алмадық,
әйтеуір осы қапас қуыстың іші-ақ шамдағыдай ағараң сәулеге бөлеп
жатыр (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).
Ағараң етті. Ақшыл тартты, кенеттен ақшылданып көзге түсті.
Сасыр болған бөкендей шаршап-шалдығып, екі-үш жылда-ақ тап он
жас қартайып, самайы ағараң етіп шыға келді (Б.Аманшин, Жар мұңы).
Тояттағандай, бір сәт арғы-бергіге алаңдай бастағам. Әлдене ағараң ете
қалды (Б.Нұржекеев, Күйтолғақ).
Ағараң тартты. Ақшыл тартты, ақшыл боп көрінді, ақшылданды,
ағарды. Семіз жұмыр күрең аттың тершіген ұзын түктері қырауытып,
сауыры ағараң тартты (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен) .
АДЫРАҚ е л і к. Көздің бадыраюын бейнелейтін сөз. ≈ А д ы р а қ,
а д- ы р а қ қараған көздер. // Бақырайған, бажырайған. Төребекке көзім
түсіп еді, оның жылтыр өңі одан сайын сұрланып, адырақтау көздерінің
айналасы жіпсіктене қалған екен (М.Омарбеков, Ақ жаңбыр).
АДЫРАҚ көз. Бадырақ көз. Жалғыз-ақ Рақым дейтін адырақ көз
мұның қасына келді (Б.Майлин, Шығ.).
АДЫРАҢ е л і к. 1. Ебедейсіз, дөрекі түрдегі бір реттік қимылды
бейнелейтін сөз. » А д ы р а ң е т т і 2.а у ы с. Тұрпайы мінезді, едіреңдеген. Ол
әлдекім сияқты алкеуде, іші тар адыраң да, аузынан сөзі түсіп болбыраған
ынжық та емес (З.Жәкенов, Таң самалы).
177
АДЫРАҢ-АДЫРАҢ е л і к. Бірнеше дүркін қайталанған ебедейсіз,
дөрекі қимылды бейнелейтін сөз. Адыраң адыраң етті.
АЖЫРАҢ е л і к. Кенеттен бақшаң ете қалған көзді бейнелейтін сөз.
Ажыраң сөз.
АЖЫРАҢ етті. Бақшаң етті, бақшию. Шәкеннің көздері ажыраң ете
түсті (Қ.Сақабаев, Өткел.).
АЖЫРАҢ-АЖЫРАҢ е л і к. Бірнеше мәрте бақшаңдаған көзді
бейнелейтін сөз.
АЖЫРАҢ-АЖЫРАҢ етті. Бақшаң-бақшаң етіп, едіреңдеп күш
көрсетті. Өкіл амандық жоқ, саулық жоқ, аттан түсер-түспестен
завфермаға: – Шошқалар қайда? – деп ажыраң-ажыраң етті (Ә.Омарбеков,
Кәрлен.).
АЛАҚ е л і к. Шошына я болмаса жаратпай жалт қараған қимылды
бейнелейтін сөз.
АЛАҚ етті. Көзі шарасынан шыға бажырайды. Осы сәтте қоңырау
шыр ете түсті. Сарықыз көзін шалға бір алақ еткізді де, басекеңнің
бөлмесіне кіріп кетті (“Қаз. әдеб.”).
АЛАҚ-АЛАҚ е л і к. Жан-жағына жалтақ-жалтақ көз салып, алақ-
жұлақ қарай берген қимылды бейнелейтін сөз.
АЛАҚ-АЛАҚ етті. Алақ-жұлақ етті, алақтады. Ылдиға түсе сала,
Қартқожа артына алақ-алақ етіп, шауып барады (Ж.Аймауытов, Шығ.).
АЛАҚ-БҰЛАҚ е л і к, ж е р г е. Алақ-жұлақ. Жүректері дүрсілдеп,
біріне-бірі қарағанда көздері алақ-бұлақ етеді, қорқыныш ұялаған үрейлі
көздер (Қ.Исабаев, Ажал құрсауы.).
АЛАҚ-ЖАЛАҚ е л і к. с ө й л. Алақ-жұлақ. Нұри көзін ойнақшыта
жан-жағына алақ-жалақ етіп бір қарап өтті (М.Иманжанов, Көк белес).
АЛАҚ-ЖҰЛАҚ е л і к. Сасқанда, қорыққанда т.б. жан-жаққа
алақтап, жалтақтап қарағыштаған қимылды бейнелейтін сөз. Ала ат
мінген терең шаттың дәл аузына аттанғанда алақ-жұлақ қаранды да, тоқтады
(Ж.Аймауытов, Шығ.).
АЛАҚ-ЖҰЛАҚ е т т і. Жалтаңдады, жалтақтап қарай берді.
Нұртаза үлкен бір алыс-жұлыстан шыққандай ентігіп, қаршығаның
қанатын далақтата көтеріп, аспанға қарап алақ-жұлақ етеді (С.Жүнісов,
Ақан сері).
АЛАҢ 4 е л і к. Елең етіп жалт қараған қимылды бейнелейтін сөз.
АЛАҢ етті. Алақ-жұлақ етті, алақ-жұлақ қарады. Бір сәтте қасында
тұрған біреу түртіп қап: “Жүрейік” дегендей болды. Абай жаңа оянғандай,
алаң етіп жалт қарады (М.Әуезов, Таңд.).
АЛАҢ-АЛАҢ е л і к. Жан-жағына жалт-жұлт қарағыштаған
қимылды бейнелейтін сөз.
178
АЛАҢ-АЛАҢ етті. Жан-жағына алақ-жұлақ, жалт-жұлт қарады.
Ол ұрылар құсап жан-жағына алаң-алаң етіп, сүмелеңдеп кетіп барады
(З.Шашкин, Теміртау). Мұз сыртылдап майысады. Аттарымыз да дірілдеп,
қорқып тәлтіректейді. Өздеріміз де алаң-алаң етеміз (С.Сейфуллин, Тар
жол.).
АЛАҢ-БҰЛАҢ 2 е л і к. Алақ-жұлақ етіп, жалтақтаған қимылды
бейнелейтін сөз.
АЛАҢ-БҰЛАҢ е т т і. Алақ-жұлақ етті, жалтақтады. Көшеде тағы
бір оқыған қазаққа жолықты. Омбылық екен. Алаң-бұлаң етіп, сөзіне құлақ
қоймады (Ж.Аймауытов, Шығ.). /365 б/
АЛАҢ-ЖҰЛАҢ е л і к. Жан-жағына жалтақтап, алақтап
қарағыштаған қимылды бейнелейтін сөз. Өйткені өзі қуыстанғандай жан-
жағына алаң-жұлаң үркектей қарап, асығыс келе жатқан таныс келіншек
машинаның артқы есігінің тұтқасына қолы тиген бойда лып етіп ішке сүңгіп
кетті (Б.Шаханов, Қаратау.).
АЛАҢ-ЖҰЛАҢ е т т і. Жан-жағына алақтап қарағыштады, үрпектеді.
Тиянақ, сенім, сүю көрмей өтті, Алаң-жұлаң етіпті, тентірепті. Алассыз дос
таппады, сыр таппады, Неше мың жыл кезсе де төңіректі (Абай, Таңд.).
АЛАҢ-ҚҰЛАҢ 2 е л і к. Алақ-жұлақ етіп, алақтап қараған қимылды
бейнелейтін сөз.
Алаң-құлаң етті. Алақ-жұлақ етті, алақтады. – Апыр-ай, ә? – деді ол
әлденеге аяқ астынан дал болып. Бірдеме айта ма деген ойда бұл бұрылып еді.
Қараңғыда беті көрінбеді. Бірақ қасында отырған бурыл бас өкілдің әр кездегідей
аңғалақ көзі алаң-құлаң еткенін біліп, езу тартты (Ә.Нұрпейісов, Күткен күн).
АЛП е л і к. к ө н е. Ауыр, қорқынышты, қауіпті, маңызды жүрісті
бейнелейтін көне тұлға. Алп, алп, алп басқан, Арабы торым өзіңсің, Алп, алп,
ал сауын (Шалкиіз). Алп сөзінің мағынасын контекске қарап, “қорқыныш (бар),
қауіп (бар), сондықтан сақтан (сауын)” деп отырған тәрізді. Қайткенде де бұл
– көне тұлға, қазақ тілінде сақталған көне сарқыншақтардың бірі (Р.Сыздықова,
Сөз сөйле.).
АЛШАҢ е л і к. Кең адымдап, аяқты маңғаздана басқан жүрісті
бейнелейтін сөз.
Алшаң басты. а) Кең адымдады. Күлте жалды, қамыс құлақты,
алшаң басқан мама биелерді ауыл маңынан ұзатпайды (С.Әлжіков, Дала.).
Аяқтарын басып алшаң әсем, тез, Кезегіне келіп қалды сақшылар, Ауыр
жүкті көтергендей сәл аттап, Жылжыдық біз, бір күбір жоқ, тыныш
түн (Қ.Бекхожин, Мамырстан). ә) Ештемеден тартынбай, еркін жүрді,
қаймықпады. Қуанып жан-жануар, алшаң басып, Қалмады қайғы-уайым
ешбір ойда. Нұрлы күн алтын шаша бастап, Шықсын деп қысқы ызғар
өткен бойға (М.Жұмабаев, Шығ.). С онау жастық кезімнің Мекенісің
179
саялы. Ақыныңмын өзіңнің Алшаң басқан баяғы (С.Мәуленов, Алыс кетіп.).
Сен келесің алшаң басып, Жау қарасы батты дейсің. Елімізге туды бақыт,
Алтын шапақ атты дейсің (Сәлем саған.). б) Кеудесін көтерді, кердең
жүрді. Алшаң басып асфальтпен адымдасам, Адам жүрер мекеннен
табылмасам, Қайтер еді? Мейірі түскен жанды, Мекерсініп, менсінбей
қабылдасам (М.Мақатаев, Өмір-өзен). Мен боламын демеңдер, Аяқты
алшаң басқанға. Екі көзің аларып, құр қарайсың аспанға (Абай, Тол. жин.).
/466 б/
АЛШАҢ-АЛШАҢ е л і к. Аяқты алшаң тастап тым еркін,
қаймықпай басқан жүрісті бейнелейтін сөз.
Алшаң-алшаң басты. Тым еркін жүрді, ешкімнен қаймықпады,
тартынбады. Енді екеуі де қожасыз үйдің әулісінде алшаң-алшаң басады
(Ш.Мұртаза, Жұлдыз.). Бұрынғы Далабай емес, аяғын алшаң-алшаң басады,
жұлдызы оңынан туды (Р.Әутәліпов, Қыр әңгім.).
АП 2 е л і к. Ауыр затты көтергенде, әуп деген дыбысты бейнелейтін
сөз.
Ап деді. а) Әуп деп көтерді. Ол сенің не жиенің, не нағашың болар,
әйтеуір сен сияқты, о да. Қасқыр осыны айтып қозыны “ап” деп, иығына
салып ала жөнелді (Д.Әбілов, Ақын.). ә) Б а л а т і л і. Тамақ асағандағы
ерекше дыбысты бейнелейтін сөз. Тамақ етті, жеп қойды. Жанба дейсің,
жаңадан от саласың, Алсын дейсің, әлдеқайдан аласың? Туғанымды көрмеп
пе едің қасқырдан Ашыққанда “ап!” дейтұғын баласын (С.Дөнентаев,
Таңд.).
Ап етті. Шап етті, қарсыласты. Болғанда сен іздеген, мен сұраған,
Іздеген сұрағанға деген келген. Ап етпей, қап етпестен, Кенен құрбым,
Азырақ сынасалық өлеңменен (Айтыс).
АПЫР-ТҰПЫР 2 е л і к. Опыр-топыр қимылды бейнелейтін сөз.
Апыр-тұпыр етті. Дүсірледі, тарсылдады, тасырлады. Жорға жүрістің
жайлысын-ай! Аттың төрт аяғының апыр-тұпыр, апыр-тұпыр еткені ғана
естіледі (М.Гумеров, Шыңырау).
АР4 е л і к. Иттің, қасқырдың т.б. кенеттен күтпеген жерден арс ете
қалған дауысын бейнелейтін сөз.
АР етті. Ырылдады, сес көрсетті. Шабдар ат ар ете қалғандай, шапшып
түсті де, шаңды басына көтеріп құйғыта жөнелді (М.Жұмағұлов, Қыран.).
Шығармаңдар дыбыстарыңды! – деп, Арыстан ар ете қалды (С.Сауытбеков,
Аютас). /573 б/
АРБАҢ е л і к. ж а ғ ы м с ы з. Икемсіз қимыл-қозғалысты, жүрісті
бейнелейтін сөз. Арбаң-арбаң арбалар Көшеден көше доңғалап Көше толы
халыққа Тым-ақ қарап таң қалар (Ж.Аймауытов, Шығ.). Арбаң қақты. Икемсіз
тез қимылдады, арсалаңдады, арбаңдады. Игнат еркелеген тентек баладай
180
арбаң қағып, арсалаңдап келіп, Омарды бас салды (Б.Тілегенов, Аққайнар).
Арбаң етті. Оғаш қимыл жасады, икемсіздік білдірді. Алма-кезек мылтық
дауыстары тарс-тұрс атылды да, ажалды қарақұйрық арбаң етіп құлап
түсті (М.Рашев, Бетің қисық.).
АРБАҢ-ҰРБАҢ е л і к. Икемсіз, арбаңдаған, арсалаңдаған жүрісті
бейнелейтін сөз. Қорбаңдаған аюдай арбаң-ұрбаң, қампиған қарындары
оралар құшаққа да, тиісер басқа да қолайлы келген жоқ (Ғ.Сланов, Очерк.).
АРП е л і к. Иттің кенеттен, күтпеген жерден арс ете қалған дауысын
бейнелейтін сөз.
Арп етті. Арс етті, арс ете қалды. Арп еткен иттің дауысынан сескеніп
қалды (Ауызекі).
АРП-АРП е л і к. Арпылдаған, арпылдап үрген иттің дауысын
бейнелейтін сөз.
Арп-арп етті. Арпылдап үрді. Екінші ит басынан қарғып, жалт беріп
кері қашты да, алыстан арп-арп етіп, әрі жолдасын жоқтағандай ұли үрді
(Ұ.Доспанбетов, Кәрі қобыз). /
АРС е л і к. Айбат көрсете кенеттен арп ете қалған иттің дауысын
бейнелейтін сөз.
Арс етті. а) Кенеттен арп етіп үрді. Тұрғанда “арс” етіп, азу тістері
ақсиып ырылдай түрегелді (М.Әуезов, Қараш.). Осылай көкжал қасқыр
барып қалды, Арс етіп алқымынан алып қалды. Сақтанбай саяқ жүрген
жас өгізді, Жайратып жұқа шаптан жарып салды (Ө.Тұрманжанов, Менің
кітабым.).
АРС-АРС е л і к. Қайта-қайта өршелене үрген иттің дауысын
бейнелейтін сөз.
Арс-арс етті. Арсылдады, айбат көрсете үрді. Сонша ашуланатындай
не айтты бұл? Тиіп кетсе “алжыған” деп арс-арс етеді (Ж.Нәжімеденов,
Ақ шағыл). Жалбақтап тек бай нөкері, Айтаққа ерген төбеттей, Оразға
арс-арс етеді (Ж.Молдағалиев, Шығ.).
АРСАҢ е л і к. Жайраңдаған, мәз болған адамның оғаштау қимылын
бейнелейтін сөз.
Арсаң қақты. Қуанды, мәз болды. Арсаң қағып баладай, Құшақтады
Қалабай, Қырау сақал, мұртында (І.Жансүгіров, Поэм.). Бір бұшпақ бар
қалатын шынжыр жетпей, Кірген кісі құтылмас соған кетпей. Арсаң
қағып адамды аю қуса, Бай тұра ма қуанып, ермек етпей (Ш.Құдайбердиев,
Шығ.). Баянды алмақ түгіл көрген де жоқ. Арсаң қағып жылқыға келді
жетіп (Қозы Көрпеш.). /645 б/
АРСАҢ-КҰРСЕҢ е л і к. Арсаңдаған, арсалақтаған оғаштау қимылды
бейнелейтін сөз. Әлдененің арсаң-күрсең қимылын жел лебі таяу жерден
жеткізіп тұрғандай болды (С.Бегалин, Шығ.).
181
АРС-ҰРС е л і к. Арсылдаған, арпалыса үрген иттердің дауысын
бейнелейтін сөз. Ақ қасқа, сар қасқа төбеттері бұрынғыша ауылды айнала
жортып қара көрінсе, арс-ұрс үріп, дүсірлете шауып қуа жөнеледі (Д.Әбілов,
Арман.).
Арс-ұрс етті. а) Арс-арс етті, абалады, арпалыса үрді. Сайдағы ауыл
жақтан көп иттің арс-ұрс, шәу-шәу етіп үргені естіледі (М.Әуезов, Қараш.).
Ауыл иттері өзара таласып қалысты ма әлде қасқыр кеп таласты ма, анда-
санда шаң-шұң, арс-ұрс етісіп те қалады (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). ә)
Арсылдады, шуылдады, дабырлады. Осындай арс-ұрс еткен арпалыс арасынан
айқайлаған біреудің даусы естіледі (К.Оразалин, Көктем.).
АР-ҰР е л і к. Арылдаған, гүрілдеген дыбысты бейнелейтін сөз.
Ырылдасып жатқан иттердің ар-ұр даусы көпке дейін толастамады
(О.Бөкеев, Қайдасың.).
Ар-ұр етті. а) Арылдады, гүрілдеді. Өзекті меңдеген түнгі тыныштықты
Талдыбұлақтың ар-ұр еткен даусы ғана беймазалайды (О.Бөкеев, Қайдасың.).
ә) Ұрысып-керісті. Дәмемен мүлдем ажырасуға тәуекел қылғам. Ар-ұр еткен
тіршіліктің несі сән? (З.Иманбаев, Солма. гүл).
АСЫР-ТАСЫР е л і к. Тасыр-тұсыр, тарс-тұрс еткен дыбысты
бейнелейтін сөз. Фронттан қайтқан жаралы солдатша басын байлап
алыпты. Өзі де бір асыр-тасыр жүретін жан. Аттан құлап, басын жарып
алған шығар (Х.Есенжанов, Ақ Жайық). Әзіліне әзіл соқ, жасырма сыр,
Ағайың сәл жымиып, шашын қасыр. Алдында аға-жеңгең, жез-самауыр, Ал
ауызғы бөлмеде асыр-тасыр... (М.Мақатаев, Шығ.).
АСЫР-ТҰСЫР е л і к. с ө й л. Опыр-топыр қимылды бейнелейтін
сөз. Тұяқ та асыр-тұсыр ойындарға араласпады, еш адаммен сөйлеспеді
(И.Салахов, Көкшетау.). – Қансері бар ғой, кейінгі кезде адамға онша үйір
болмай барады. Баяғы асыр-тұсыр мінезі жоқ (“Лен. жас”).
- Ә -
ӘКІРЕҢ е л і к. Орынсыз құр қоқыраңдаған жағымсыз дөрекі іс-
әрекетті бейнелейтін сөз. Гүлнаш – құр әкіреңге көнбейтін әйел. Не жөндеп
отас, не төркініне апарып сал, – деді Шәйгүл (Т.Әлімқұлов, Ақбоз ат). Жүгіріп
бригадирге бардым, әлгі әкірең неме ше, сол екен қаматқан (Д.Досжанов,
Тұлпар.).
Әкірең етті. Қоқыраң етті, қожаңдады. Кісіге әкірең етті.
ӘКІРЕҢ-ӘКІРЕҢ е л і к. Қайта-қайта қоқыраңдаған, қожаңдаған,
ақиып дауыс көтерген іс-әрекетті бейнелейтін сөз.
Әкірең-әкірең етті. Даусын көтерді, әкіреңдеді. Әншейін бір жақсылық
хабарды жеткізейін... десем, әкірең-әкірең етесің (О.Сәрсенбаев, Бақыт.).
Әкірең қақты. Әкірең-әкірең етті, қожаңдады. Әңгүдік, әкірең қаққан, албыт
182
сөзді, Көк ешкінің жыртық көзді. Алтайдың кәр жынындай бақылдаған, Көк
сақал, азбансынған, бұл кім өзі? (І.Жансүгіров, Таңд.).
Достарыңызбен бөлісу: |