Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет24/37
Дата21.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10063
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37

БҰРҚ  е  л  і  к.  Ауыр  заттың,  кенеттен  оқыс  құлаған  дыбысын 
бейнелейтін сөз.
Бұрқ етті. а) Кенет бір будақ шаң, түтін көтерілді. Атылған мылтық 
түтініндей болған бір шуда, айқын көк түтін шоқ қарағайдың үстінен бұрқ 
етіп көрініп те қап еді (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Дүние, пәни шындығы бұл 

190
да  мәңгі,  Көз  жасымен  ұзату  қимағанды.  Жүз  жыл  бұрын  бір  топырақ 
бұрқ ете қап, Жүз жылдан соң жеріне ол оралды! Біз де соған шүкір қып, 
кәне, жұртым, Оралды деп ойлайық Би-ағаңды! (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 
Анық хабарды сол әкелер, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін сол жасар 
деп  тұрғанда  көз  ұшынан  шаң  бұрқ  етті  (Ғ.Мұстафин,  Көз  көрген).  Сол 
екен, тағы бір Снаряд кеп түсті. Бұрқ етіп жалыны, Окобым көкке ұшты 
(С.Жиенбаев, Алтын қалам). ә) Қан, тер бірден шықты. Нұрқат бір тостаған 
айранды  қағып  салды  да,  екіншісін  сұрап  ішіп,  қалтасынан  орамалын 
алып, бұрқ еткен маңдай терін сүртіп, содан соң тіл қатты (З.Шашкин, 
Сенім). Бұрқ еткен қан Айғыз бетін тілімдеп аға бастады (Аялы жандар). 
Қатарға  қайтып  қосылмас  Тиген  жері  бұрқ  еткен  (Базар  жырау,  Шығ.). 
б) Гүрс етіп құлап түсті. Ескі дұшпаны жырынды бандымен шаппа-шап 
алыса түсті. Бірақ бір айналуға келместен-ақ жау бұраң етіп, Бекболдың 
астына барып бұрқ ете түсті (М.Әуезов, Таңд. шығ.). г) Кенеттен оқыс 
ашуланды. Ыңылдап өлең айтып Құрымбай келді. Ыңылдағанда айтқаны: 
“Бай менен молданы қойдай қу қамшымен”, – деген өлең. Әбітайдың әйелі 
бұрқ  ете  түсті  (Б.Майлин,  Шығ.).  Берен  үйден  шыққанда  қара  келіншек 
жарылып кететіндей боп бұрқ етті (Б.Майлин, Шығ.). д) Күтпеген тосын 
әңгіме,  хабар,  сөз  гу  ете  қалды,  тарады.  Екі  жеті  өткеннен  кейін  қазақ 
уряднигі Сизухин келді деген хабар бұрқ ете қалды (М.Қаратаев, Далада.). 
е) Аяқ асты, күтпеген жерден пайда болды, басталды. Бірақ, ұзақ баурай 
алмай нұр көкті, Үш күннен соң соғыс өрті бұрқ етті. Әкең сонда еңсесін 
тік көтеріп, Бойында кек қайнап тасқынды (М.Шаханов, Ғасырлар.). и) Көк 
бірден шықты, жер бірден көгерді. Май орталанса, егін көгі бұрқ етейін деп 
тұр (Ж.Молдағалиев, Жүрек.).
Бұрқ  еткізді.  а)  Бір  қайнатып  алды.  –  Сонан  кейін  туралған  ет  пен 
салманы тұздықтың үстіне салып, бір бұрқ еткізіп қайнатып алады – дейді 
(Келіншектер). ә) Кенет, күтпеген жерден, ойда жоқта. Мұныңыз қалай, 
Әбсат  жолдас?  Министрлікпен  байланысыңыз  жоқ.  Көрші  газет  бұрқ 
еткізіп беріп жіберсе, қайтесіз (Ә.Сатыбалдиев, Ақмарал). б) Бірден жазып 
тастайды (көркем туынды туралы). Газетші деген мұндайда ақ мылтық, 
факты мен керекті цифрларды алады да, очеркті әп-сәтте бұрқ еткізеді 
(М.Иманжанов, Менің махабб.). 
БҰРҚ-БҰРҚ е л і к. 1. Топырақ, қар сияқты майда заттардың ауадағы 
қозғалысын,  бұрқылдауын  бейнелейтін  сөз.  Ашыққан  жылқы  кетпендей 
тұяғымен  қалың  қарды  бұрқ-бұрқ  лақтырады  (Ғ.Мүсірепов,  Оянған 
өлке).  2.  Түтіннің  будақ-будақ,  бөлініп-бөлініп  шығуын  бейнелейтін  сөз. 
Ал жібердім, қарды бердім, қимылда, Түтін бұрқ-бұрқ, соқа жылт-жылт 
шыңылда.  Біріккен  күш,  бірлескен  іс  ұласып,  Төгілген  нұр  жайнатты  ой-
қырын да (Қ.Әбдіқадыров, Таңд. өлеңд.). Әр жерде шоқ-шоқ біткен селдір 

191
ағаштар болмаса, көпсік қалың қар басып, аппақ боп созылған жазық жер 
бетінен дәрі түтіні бұрқ-бұрқ ұшты (Ә.Нұрпейісов, Күткен күн).
Бұрқ-бұрқ  етті.  а)  Топырақ-тозаң  бұрқылдап  көтерілді.  Оның  үстіне 
екі пар қисық-қыңыр көшелерінің бұрқ-бұрқ еткен майда топырағынан аяқ 
алып жүрудің өзі күшке түседі (“Лен. жас”). ә) Сақырлап қатты қайнады. 
Қайнауы жеткен ашу – қызуы жеткен құрттай. Бір жер емес, қазан беті 
әр тұстан бұрқ-бұрқ етеді (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Бұрқ-бұрқ қайнады. Ду 
етіп көтерілді. Неше заманнан бергі халықтың айтуға аузы бармай жүрген 
сөздері енді бұрқ-бұрқ қайнап шыққан (С.Сейфуллин, Тар жол.).
БҰРҚ-САРҚ е л і к. 1. Бұрқылдап қатты шыққан дыбысты бейнелейтін 
сөз. 2. а у ы с. Ашушаң, тез ашуланғыш (адам). Кейбіреулер сияқты сығалап 
кіріп, абайлап та шықпайды, мінезі де бұрқ-сарқ (“Қаз. әдеб.”).
Бұрқ-сарқ  етті.  а)  Долданып,  бұрқанды.  Бұрқ-сарқ  етіп  жатқан 
долы өзеннің гүрілінен басқа дыбыс естілмейді (Ә.Әбішев, Терең тамыр.). 
Уақыт  деген  кері  ақпайтын  бұл  өзі  Бұрқ-сарқ  етіп  таудан  құйған  тас 
бұлақ  (Т.Айбергенов,  Мен  саған.).  ә)  Бұлқан-талқан  болып  ашуланды.  ... 
Маған десең өртеніп кет, – деп, Әбдібек ызалы ашуға булығып, бұрқ-сарқ 
етті де қара сумкасын асынған бойы шығып кетті (А.Байтанаев, Асан). – 
Отырамысың омалып, жүр тез машинаға! – деп, есінен айрылғандай бұрқ-
сарқ етіп, Ызбаркүл бұйыра сөйледі (Б.Қыдырбекұлы, Ешкім.).
Бұрқ-сарқ қайнады. а) Бұрқылдап қатты қайнады. Есік ашылып, бұрқ-
сарқ қайнаған самауырды көтеріп Бәйтемір кіреді (“Лен. жас”). ә) а у ы с. 
Қызу қимыл үстінде болды. Байтақ республикамыздың түкпір-түкпірінде 
бұрқ-сарқ қайнап жатқан осынау өмірді көріп, ойға қаласың (“Қаз. әдеб.”). 
БҰРТАҢ  е  л  і  к.  1.  Өкпелеген  я  ренжіген  кейіп,  қылық,  мінезді 
бейнелейтін сөз. – Тағы не қыл дейді, жаратқан? – Әйелдің емешесі құрымаса 
да,  қалжыңды  жарататыны  анық,  дауысында  жарасымды  бұртаң  бар 
(Т.Тілеуханов, Өмір.). // а у ы с. Бүліншілік, қырғын. Ол бір естен кетпейтін 
сұмдық бұртаңның орны бұрқыраған түтін (Б.Нұржекеев, Күй толғақ). // а 
у ы с. Түнерген. Белестер жатыр безеріп, Өзендер кепкен кезеріп. Бұлт та 
бұртаң төбеңде, Тұрғандай оған кезеніп (А.Хангелдин, Өткен күн.). 
БҰРТАҢ-БҰРТАҢ е л і к. Бұртаңдаған, тұштаңдаған мінез, қылықты 
бейнелейтін сөз. Бұртаң-бұртаң, Жыртаң-жыртаң. Ой, сезім жоқ көк есек. 
Бұқа мойын, Тұтам бойын Көрмеген мен – көбелек (М.Жұмабаев, Шығ.). 
Бүгінгі елтең-селтең, қалтаң-құлтаң, Шойқы етік, шолақ шашпау, қиқаң-
сиқаң, Жария жалаң балтыр, жалаң төс, Мінезсіз, бейпіл ауыз, бұртаң-
бұртаң  (Ғ.Қайырбеков,  Көнсадақ).  Бұртаң-бұртаң  етті.  Тұштаңдаған, 
шошаңдаған мінез, қылық көрсетті, бұртаңдады. Әсіресе Әлмен бұртаң-
бұртаң етіп Болатқа жолар емес (Ә.Қалдыбаев, Ә.Нұрпейісов, Қан мен 
тер). 

192
БҰРТЫҢ е л і к. Өкпелеген, кейіген мінезді бейнелейтін сөз.
Бұртың  етті.  Өкпелеген,  кейіген  мінез  көрсетті.  –  Е,  неге  берем? 
Құлжаң керек емес, бермеймін, – деп Марат бұртың етіп, жауапты шарт 
қайырды (Ә.Қалдыбаев, Көк дөңгелек). Ағайын жоқ нәрседен етер бұртаң, 
Оның  да  алған  жоқ  па  құдай  құлқын?  Бірлік  жоқ,  береке  жоқ,  шын  пейіл 
жоқ, Сапырылды байлығың, баққан жылқың (Абай, Тол. жин.). 
БҰРТЫҢ-БҰРТЫҢ е л і к. Қайта-қайта ренжіген мінезді бейнелейтін 
сөз. Бұртың-бұртың етті. 
БҮГЕЖЕК  е  л  і  к.  Қорқып,  тоңып  т.б.  күйге  түсіп  қалтырауды 
бейнелейтін  сөз.  //  Бүгежек  етті.  //  Әр  кез  бұғып  қала  беретін  именшек, 
қорғаншақ.  Қамқорды  туған  жеңгесімен  шатастырған  өсектің  өзі 
шығарманың  бүкіл  өн  бойынан  қалмайды.  Сол  үшін  Қамқор  дос  алдында 
бүгежек, қас алдында қаймыққыш (“Қаз. әдеб.”).
Бүгежек қақты. а) Қалтырап қатты тоңды. Бүгежек қаққан аңшылар 
от  жағып,  жылынуға  кірісе  бастады  (“Ана  тілі”).  ә)  Қорқып  қалт-құлт 
етті,  дірілдеді.  Бір  сәтте-ақ  торға  түсен  қояндай  “Әлде  қайтеді”  деп 
бүгежек  қаққан  мүсәпір  жігіттің  қазіргі  сиқы  аярлық  еді  (“Лен.  жас”). 
Жалғыз-ақ  шайқалғанда  балауса  леп,  Сұлу  ши  теңселеді  желге  елеңдеп. 
Жапалақ жалпақ қағып көкте ойнаса, Көгалда көкше қоян қағад бүгежек 
(І.Жансүгіров, Шығ.). б) Құрдай жорғалады, асты-үстіне түсті. Бүгежек 
қағып, айтқанын орындады (Ауызекі). 
БҮГЕЖЕК-БҮГЕЖЕК е л і к. Қайта-қайта бүгежектеуді, бүгежек 
қағуды, қорқуды бейнелейтін сөз.
Бүгежек-бүгежек етті. Қалт-құлт етті, дір-дір етіп, қорықты. Ал, сонда 
қалай. Биыл бесеу жазыңдар десем, Ақат Кәріпжанович бұлай болмайды деп 
қылжалақтайды. Сен де бүгежек-бүгежек етесің (С.Бердіқұлов, Пердесіз.).
БҮГЖЕҢ е л і к. Иіліп, иығы құнысып бүкіреюді бейнелейтін сөз.
Бүгжең  қақты.  Басын  төмен  иіп,  құрдай  жорғалады,  иіліп  қызмет 
көрсетті. Оның үстіне арыстандай ақырып тұрған кезімде мына апайың 
бүгжең қағатын (“Қаз. әдеб.”). 
БҮГЖЕҢ-БҮГЖЕҢ е л і к. Иығы құнысып, ішке қарай иіліп, бүрісіп, 
қайта-қайта қозғалақтауды бейнелейтін сөз.
Бүгжең-бүгжең етті. Қайта-қайта бүкірейіп, бүкшеңдеді. Екі баланың 
көзі  апалақтап,  сасып,  дабдырап  бүгжең-бүгжең  етті  (Ә.Көпбаев, 
Мақтаныш).  Солардың  ішінде  бүгжең-бүгжең  етіп,  бойы  бір  қарыс  боп 
Маша да жүрген (Р.Тоқтаров, Терістік.). 
БҮГЖІҢ е л і к. Бүкшеңдеп бүкірейген қимылды бейнелейтін сөз. Мұның 
адымдап жүргенінің өзі бүгжіңге ұқсайды екен (Е.Қонарбаев, Түнгі от). 
БҮКЕҢ е л і к. Бүкшеңдеп, тез жүрген қысқа қозғалысты бейнелейтін 
сөз.

193
Бүкең  жүріс.  Бірқалыпты  бүлкілдеген  жүріс.  Бүкең  жүріспен 
отырғанның өзінде бір сағатта-ақ жетеді (З.Шашкин, Тоқаш Бокин).
Бүкең  қақты.  Бүкшеңдеп,  бүкең-бүкең  етті.  Келін  кетті.  Балам 
қалды.  Келінсіз  үй  қараң  қалды.  Кемпір  сорлы  бүкең  қағып,  “Келін  тап!” 
деп  мазамды  алды  (Б.Майлин,  Шығ.).  Дауыстап  қалғанда  аты  аталған 
балалары  үйден  аяғының  ұшынан  басып,  бүкең  қағып,  жорғалап  шығады 
(Б.Соқпақбаев, Балалық.). 
БҮКЕҢ-БҮКЕҢ  е л і к. Бүкшең-бүкшең, еңкең-еңкең еткен қайталама 
қозғалысты  бейнелейтін  сөз.  Екі  арыстан  елінен,  Жолға  шығып  жөнеді, 
Ақ  найзасы  қолында,  Бүкең-бүкең  желеді  (Батырлар  жыры).  Тағалары 
тықылдап,  Танаулары  желпілдеп,  Бүкең-бүкең  еңкеңдеп,  Жүздеген  аттар 
келеді (С.Мұқанов, Таңд. шығ.).
БҮКЖЕҢ е л і к. Бүкшеңдеген, бүкірейген ылдым-жылдым қимылды 
бейнелейтін сөз. Молда қайда ауру, қайда жаназа, бүкжең-бүкжең сонда 
жүреді (С.Жүнісов, Өшп. іздер). 
БҮКШЕҢ  е  л  і  к.  Бүкірейген,  бүкшеңдеген  қимыл-қозғалысты 
бейнелейтін сөз.
Бүкшең қақты. Бүкірейіп алып, ылдым-жылдым қозғалды, бүкшеңдеді. 
Кейде  аюдай  бүкшең  қағып,  Ыстық  тасқа  тері  тамып,  Баспалдақсыз 
жылтыр жардан, Асты талмай біздің мерген (Ә.Тәжібаев, Жастық.). Мінген 
атым “катерпелер”, Бүкшең қағып, бүлкіл желер, Қызыл туым желбіресін, 
Сылап, сипап майда жел үр (Б.Майлин, Шығ.). Ұршығын қолына ұстап ап 
біреулердікінен асығыс қайтып келе жатқан бір кемпір анадайда бүкшең 
қағады (А.Жүнісов, Өмір ізі). 
БҮКШЕҢ-БҮКШЕҢ е л і к. Бүкірейген, ылдым-жылдым қайталама 
қозғалысты бейнелейтін сөз
БҮЛК е л і к. Сәл ғана қыбыр етіп қозғалуды, судың қайнауын және 
т.б. осы сияқты қысқа әрі көмескі қозғалысты бейнелейтін сөз.
Бүйрегі  бүлк  етпеді.  Қаперіне  кіріп-шықпады,  елемеді.  Мәжілістің 
көбінде  стакандар  соғыстырылды.  Мұндай  расходтарға,  тіпті,  бүйрегі 
де  бүлк  етпеді  (І.Жансүгіров,  Шығ.).  Бүркіттің  қалай  қытықтасаң  да, 
қымсыну түгіл бүйрегі бүлк етпейді (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.).
Бүлк етпеді. Мән бермеді, елемеді, елең қылмады. Сағыныш жоқ, Алар 
адам  мазасын,  Бүлк  етпейсің,  Бәрінен  де  тазасың  (Қ.Мырзалиев,  Мәңгі 
майдан).
Бүлк  еткізді.  Қайнатып  алды.  Екі  мың  шақырымдағы  Қызылқазан 
кенішінен ақ топырақ тасимыз, зауыт пешінде неміс оқымыстысы ойлап 
тапқан  Байер  қазанжаппа  әдісімен  ұнтақтаймыз,  сүземіз,  қайнатамыз, 
суытамыз,  елейміз,  кептіреміз,  аппақ  ұнтақ  –  глинозем  күйінде  Ресейге, 
Қытайға жөнелтеміз. Олар ғой қазанына сап бүлк еткізіп бір қайнатып, 

194
аппақ  қалайы  шығарады.  Глиноземнің  тоннасы  алты  жүз,  ал  қалайының 
тоннасы мың доллар, кейде бұдан да асып жығылды (“Егемен Қазақстан”).
Бүлк  ету.  Қыбыр  етіп  қозғалу.  Бидің  бағып  біреуі  қас-қабағын,  Бүлк 
етуден  бишара  жасқанады.  Бірде  бәрі  жабылып  біреуіне,  Жемтік  көрген 
бөрідей  бас  салады  (М.Мақатаев,  Шығ.).  Бүлк  етті.  а)  Бірден  өліп  кетті, 
қақ  айырылды  деген  мағынада.  Итке  салса  ыңқ  еткен  Нарға  салса  бүлк 
еткен, Шүберектей қуарған, Айдаһардың қанына Жан қалмас деп суарған, 
Атамнан қалған зұлфұқар, Бабамнан қалған зұлфұқар, Қарыс қара жерінде 
Қырық мың ердің құны бар (Ер Қосай). ә) Ренішін жеткізді, өкпесін білдірді. 
Мені жаңа көріп тұрсың ба, айтатын жосығыңды айта бер жұртқа, бірақ 
мына халық айтқаныңды ұғатын болсын! – деп, енді Нартайлаққа бүлк етіп 
қалды тағы да (А.Жүнісов, Өмір ізі).
Беті бүлк етпеді. Ұялмады, қызармады, шімірікпеді. Соғыстан жүдеп 
шыққан қоңторғай халықтың азғана несібесін жыруға келгенде беті бүлк 
етпейді  (Т.Ахтанов,  Қаһарлы  күн.).  –  Коммунист?  –  деді  комендант,  еті 
іскен сүзілме көзді семіз беті бүлк етпестен (Қ.Исабаев, Ажал құрсауы.).
Жүрегі бүлк етті. Қатты әсерленді, қобалжыды. Галкин айтқан кезде 
Қазыбектің де, Мұраттың да жүрегі бүлк етті (Ә.Әбішев, Замана.).
Жүрегін  бүлк  еткізді.  а)  Қатты  қобалжытты,  көңілін  алаңдатты. 
Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр, Бүлк еткізбес қалайша соқса тамыр 
(Абай, Шығ.). ә) Ғашық етті, ынтықтығын оятты. Қою қара қасты, ойлы 
жүзді балғын жігіт кездесті. Алғашқы көргенде-ақ қыз жүрегін бір бүлк 
еткізді (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.). Құсайын осы арада қыздың жүрегін де 
бір бүлк еткізейін деп, әңгімені қайтадан иіп әкелді (С.Жүнісов, Ақан сері). 
БҮЛК-БҮЛК  е  л  і  к.  Сұйық  заттың  немесе  жұмсақ  дененің  сәл 
бүлкілдеп,  қайта-қайта  қозғалуын  бейнелейтін  сөз.  Оның  жас  жүрегі  де 
кейде бүлк-бүлк соғады (Ж.Аймауытов, Шығ.). Сағат шық-шық еткенінің, 
тамыр бүлк-бүлксоққанының арасы қандай бірдей болса, сөз сөйлегендегі 
дауыс  ырғақ-ырғағының  арасы  да  сондай  бірдей  болады  (А.Байтұрсынов, 
Шығ.).
Бүлк-бүлк еткізді. Жұмсақ денені сәл ғана қайталай қозғалтты. Қызық 
көріп ұйықтаған баланың бетіне қарап едім, жаңа ғана жапырақ жарған 
гүлдей  ернін  бүлк-бүлкеткізіп,  анасының  ақ  мамасын  емгендей  болады 
(А.Лекеров, Түз гүлі).
Бүлк-бүлк етті. Жұмсақ дене сәл ғана қайталай қозғалды, бүкілдеді. Аш 
қапсың  ғой,  тыртығым,  Бүлк-бүлк  етіп  құлқының,  Құмға  шыққан  тікендей, 
Бітісін қара мұртының (М.Мақатаев, Шығ.).
Бүлк-бүлк желгізді. Жылқыны жайлы, майда жүріспен тепектетті. Жирен 
атты  бүлк-бүлк  желгізіп,  өстіп  дел-сал  боп  келе  жатқанда,  қарсы  алдынан 
жарқ етіп судай жаңа қара “Волга” шыға келді (С.Мұратбеков, Дос іздеп.).

195
Бүлк-бүлк желді. Жайлы, майда жүріспен тепектеді. Өзі қызу адам, арақ 
қызуымен қыза түсіп, өзі де, жүрісі де екпінді. Қасындағы аяңы аз екеуі ере 
алмай, кейде бүлк-бүлк желеді (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). Жал-құйрығы күзелмеген, 
ақ қаптал, қысқа сирақ, домалақ жирен ауылдан үш жүз метрдей жердегі көлдің 
сол жақ жиегін қуалап шығатын жолмен бүлк-бүлк желіп келеді (Ж.Мұзапаров, 
Қаби қарт.).
Бүлк-бүлк қайнады. Жайымен шымырлады, бабымен, бүлкілдеп қайнады. 
Қазан  бүлк-бүлк  қайнап  жатыр,  ішіндегі  жылқы  етінің  иісі  бұрқырап, 
мұрныңды жарады (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). Тай қазандарда қой еті мен балық 
бүлк-бүлк қайнайды (Т.Ахтанов, Дала сыры).
БҮЛКЕК-БҮЛКЕК  е  л  і  к.  Бірнеше  қайталанған  бүлкектеп,  бүлкек 
қаққан  қимыл-қозғалысты  бейнелейтін  сөз.  Жанымда  жұдырықтай  ғана 
болып, бүлкек-бүлкек еріп келе жатқан бураның ертеңгі тағдырын ойладым 
(О.Бөкеев, Біздің жақта.). Сонадай жерде бүлкек-бүлкек желіп келе жатқан 
ақ жаулықты әйел бізге жақындай берді (О.Бөкеев, Біздің жақта.). 
БҮЛКЕҢ-БҮЛКЕҢ  е  л  і  к.  Бүлкеңдеген  жай  қимыл-қозғалысты 
бейнелейтін  сөз.  Бүлкең-бүлкең  еткен  көп  қоян  бар  емес  пе?  Ескі  үйдің 
түбіне  солар  жеткен  екен  (Б.Соқпақбаев,  Бастан  кеш.).  Шолақ  торысын 
сауырлай бір салып, бүлкең-бүлкең желе жөнелді. Артынан ала мойнақ ерді 
(О.Бөкеев, Қайдасың.). Қаракер бие аяңымен кейде ілесіп, кейде ілесе алмай, 
бүлкең-бүлкең желеді (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.). 
БҮРЖЕҢ  е  л  і  к.  Бүржеңдеген,  бүржек-бүржек  еткен  қимылды 
бейнелейтін сөз.
Бүржең тартты. Күші қайтты, бүржеңдеді, босаңсыды. Кәрілік әскеріне 
пілен  болдым,  Сұрасаң  міне,  балам,  менің  жайым.  Адымым  құлаштаған 
бүржең  тартып,  Бойыма  әзер  сіңді  ішкен  шайым  (Ә.Тәңірбергенов, 
Ұмытпа.). 
БҮРЖІҢ е л і к. Бүрсектеген, дірілдеген қимылды бейнелейтін сөз.
Бүржің  қақты.  Бүрсектеп,  діріл  қақты.  Мен  келгенде  қызыл  үй  сегіз 
қанат,  Сүйрелеп  түк  қоймайды  түңлік,  үзік,  Басында  бүржің  қағып 
отырсам да Соңында жүлде алдым қамал бұзып (Айтыс).
БҮРСЕК е л і к. Тоңып, бүрсеңдеген қимылды бейнелейтін сөз.
Бүрсек қақты. Тоңып, бүрсектеді. 
БҮРСЕҢ е л і к. Қалтырап, дірілдеген, бүрсең-бүрсең еткен қимылды 
бейнелейтін сөз.
Бүрсең  қақты.  Дірілдеп  қалтырады,  бүрсең-бүрсең  етті.  Кедейдің 
өзі  жүрер  малды  бағып,  Отыруға  отын  жоқ  үзбей  жағып,  Тоңған  үйін 
жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып (Абай, Шығ. 
жин.).  Аязда  торығатын  таппай  пана,  Емес  бұл  ертедегі  құба  дала. 
Мұз  қатып,  иегіне  қыс  қысылып,  Кіре  алмай  бүрсең  қағып  тұр  қораға 

196
(С.Мәуленов,  Алыс  кетіп.).  Түнде  тұрған  бозқырау  әлі  еріп  біткен  жоқ. 
Жайлау  құмар  қазақтар  жазғытұрым  тастай  қашқан  қыстауларына 
бүрсең қағып қайта келіп жатыр (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).
БҮРСЕҢ-БҮРСЕҢ  е  л  і  к.  Бүрсең  қаққан,  бүрсеңдеген,  қалтырап-
дірілдеген қимылды бейнелейтін сөз. Көк мылтықтың астында көзіңе көк 
шыбын үймелеп, бүрсең-бүрсең жорытқаныңды енді бір көрсем арман жоқ, 
– деді ол (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).
Бүрсең-бүрсең  етті.  Бүрсек  қақты,  бүкшиіп,  бүрсең  қақты,  қалтырады. 
Атышулы күреңтөбел қабырғасы ыржыңдап бүрсең-бүрсең етеді (Ғ.Мұстафин, 
Миллионер). 
БЫДЫ-БЫДЫ  е  л  і  к.  Былдырла,  түсініксіз  болып  шыққан  дыбысты 
бейнелейтін сөз. Қанша сайрасам да, тілім аузымның ішінде домалап жүрген 
сияқты, бір түрлі быды-быды (Ү.Уайдин, Ендігісін.). 
БЫЖ е л і к. Кенет шыжылдап шыққан дыбысты бейнелейтін сөз.
Быж  етті.  Быжылдаған  дыбыс  шықты.  Саптыаяқтағы  сүт  быж 
етті, буы бұрқырап бүлк-бүлк қайнады (І.Жансүгіров, Шығ.). 
БЫЖА-ТЫЖА е л і к. с ө й л. Ретсіз, бейберкет. »Быжа-тыжасы 
шықты.
Быжа-тыжа болды. с ө й л. Астан-кестен болды. Аттарға желдің 
біресе өз жалыңмен өзіңді сабап, омырауынан төмпештеп, быжа-тыжа 
боп тұлынын түтіп долданғаны, біресе теріңді сүртіп, еркелете сипап, 
асты-үстіне түсіп жәреукелегені қызық (Ә.Кекілбаев, Дала.). /76 б/
БЫЖ-БЫЖ е л і к. Кенеттен қайта-қайта шыжылдаған дыбысты 
бейнелейтін сөз.
Быж-быж  болды.  Тызылдап  күйіп-пісті,  күйгелектеді.  Екі-үш 
сағаттан кейін қонақтар қайтып келіп, ақ үйге жайғасып, қолдарына 
су құйған кезде ауыл басшылары быж-быж болып күйіп-пісті де қалды.
Быж-быж еткізді. Қайта-қайта быжылдатты. Әділ жанқалтасынан 
шишақпақ  алып,  шиді  тұтатып,  саусақтың  басын  быж-быж  еткізіп 
күйдірді (Ш.Мұртазаев, Қара маржан).
Быж-быж  етті.  Қайта-қайта  быжылдады.  Қоңырқай  самогон 
мөлдіреп, сыра бұрқырап, быж-быж еткен қуырдақ пен тәтті пирожок, 
варениктер  қаптап  кетті  (Т.Бердияров,  Солдат.).  Алғашқы  бетте 
быж-быж  етсе  де,  артынан  будақ-будақ  бу  да  көтерілді,  тері  қазан 
бүлк-бүлк қайнай бастады (Б.Шалабаев, Өмірде.). Жалт беріп үлгерген 
Медетбектің үстіне бүрке шашыраған металл шоқтары быж-быж етіп 
жабысты  да,  брезент  спецовканы  ойып-ойып  түсті  (Ә.Сатыбалдиев, 
Ақмарал).
Быж-быж  қайнады.  а)  Көпіршіп,  шымырлады.  Той  дастарқаны 
жайылып, колхоздың қара сабалары күмп-күмп пісіліп, түн асқан сары   қымыз 

197
түйіршік  майлары  бетінде  қалқып,  быж-быж  қайнап,  сырлы  аяқтарға 
құйылып жатты (Ғ.Мұстафин, Өмір не өлім). Шарапқа масаң жігіт өзі 
де құдды шампан шарабындай быж-быж қайнап, қарсы алдындағы сұлу 
қызға лықсып, шапшып қап, тасып төгіліп тұр (З.Қабдолов, Өмір ұшқ.). 
Балтық  көбігі  быж-быж  қайнап,  бұрқана  тулайды  (С.Мәуленов,  Таңд.). 
ә) Құжынады, қаптады. Көшесі ағаш жапырақты. Ән салып, әртүрлі құс 
тұрған сайрап, Суықтан тоңып өлген шыбын-шіркей, Тіріліп, қанат қағып, 
быж-быж қайнап. Аспанда күн күркіреп, от жарқылдап, Жылы жел қара 
бұлтты  тербеп  айдап  (М.Жұмабаев,  Шығ.).  Көлеңкесі  самал  жел  Быж-
быж қайнап жүрген адам, Көшкен бе, әлде, қалың ел! (Б.Майлин, Шығ.). 
б) Быжылдады, быж-быж етті. Үгілген қара шымның арасында ұсақ қара 
бүргелер  быж-быж  қайнайды  (Ғ.Мұстафин,  Көз  көрген).  Бай  ауылдың 
жұртында  қалған  барлық  қара  шыбын  енді  осы  жалғыз  қарайғанға 
жиналып, үйдің іші быж-быж қайнады (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке).
Быж-быж  қылды.  Шатастырды,  шашыратты.  Іштей  дауысын 
бір  қалыпқа  келтіре  алмай  “Екі  жиреннің”  ырғағын  быж-быж  қып 
қожыратып  жібереді.  Шыпылдап  маңдайынан  тер  шықты  (І.Жақанов, 
Махаббат вальсі). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет