БЫЖ-ТЫЖ е л і к. Бейберекет, шашыраңқы, ретсіз қимылды
бейнелейтін сөз. // Шу, дау-дамай, талас. Басы таудай әңгіменің аяғы
быж-тыжға айналды (Ғ.Мұстафин, Көз көрген).
Быж-тыж болды. а) Астан-кестен болды, тым-тырақай, беталды
кетті. Бір күні не Үсейіннің, не бәйбішенің көзіне түссек быж-тыж
болатын тұрмыс емес пе? (І.Жансүгіров, Шығ.). ә) Шат-шәлекейі шықты.
Жоқ, қарағым, қазір оқыра кезі. Быж-тыж боп қашып кетер, өзім бағайын,
– дейді шал (Қаз. ертег.).
Быж-тыж қылды. Шат-шәлекейін шығарды, шатастырды, астан-
кестен етті. Әупілдектің үні Дәмештің қиялын быж-тыж қылды
(І.Жақанов, Екі жирен). /76 б/
БЫЖЫҢ-БЫЖЫҢ е л і к. Үзік-үзік және ақырын быжылдаған
дыбысты бейнелейтін сөз. Кеменің бір шетінен екінші шетіне домалана
жүгіріп быжың-быжың сөйлейді (Ә.Сәрсенбаев, Капитан.). Тоғайәлі
аспаз быжың-быжың күбірлеп, Жасағаннан тек қана дауыл талап етеді.
Кеме үстінде длмалана жүгіріп, быжың-быжың міңгірлеп, Тоғайәлі
пысқырынады (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.).
БЫҚ 3 е л і к. Қысқа, кенет шыққан қысаң дыбысты бейнелейтін сөз.
Бық етті. Кенеттен қысқа дыбыс шығарды. Анда-санда малдың
ыңыранған, бық еткен, қозғалған дыбыстары естіледі (С.Сейфуллин,
Әңгім.). Аяқ астынан жапалақ бық етіп ұша жөнелгенде, аты жалт беріп,
тастап кете жаздады (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).
198
Бық еткен жоқ [етпеді]. Елемеді, мән бермеді. Түйе байғұстар да бық еткен
жоқ (І.Жансүгіров, Шығ.).
БЫЛҒАҢ е л і к. Кенеттен күрт жасалған шалымы қысқа қозғалысты
бейнелейтін сөз.
Былғаң етті. с ө й л. Бұлғаң етті. Мойнындағы биноклі былғаң етіп
аударылып түсті (М.Әбдіхалықов, Ленин.).
БЫЛДЫР1 е л і к. Адамның былдырлаған түсініксіз тілін бейнелейтін сөз.
Былдыр етті. Былдырлап, түсініксіз сөйледі, айқын емес дыбыстар
шығарды. Өзгеден бұрын Оқас елең ете түсті. Қасындағыларға бірдеме деп
былдыр етті де, дереу атына ұмтылды (Б.Нұжекеев, Күтумен өт.).
БЫЛДЫР-БЫЛДЫР е л і к. 1. Баланың жаңа шыға бастаған тілін
бейнелейтін сөз. Мөлдір қара көздері, былдыр-былдыр сөздері, Құлдыр-құлдыр
жүгірген айналайын інімнен, айналайын үніңнен! (Ә.Табылдиев, Көңілді.). Ауық-
ауық күрсініп те алады, Біздің бала мінезіміз баяғы. Ал құрбымның қолындағы
бөбегі, Былдыр-былдыр сөйлегісі келеді (М.Шаханов, Ғасырлар.). 2. Бұлақтың,
арықтың сылдырап аққан дыбысын бейнелейтін сөз. Былдыр-былдыр бұлақтан
Сылдыр-сылдыр су ақты (Т.Айбергенов, Мен саған.). Ормандар судыр-судыр
гулесетін, Бұлақтар былдыр-былдыр тілдесетін (Т.Айбергенов, Мен саған.).
БЫЛҚ е л і к. Жұмсақ нәрсеге бір зат батқандағы тигендегі,
соғылғандағы қалып-күйді бейнелейтін сөз.
Былқ ете түсті. Кенеттен жұмсақ болып білінді. Ол әлі саябырланып
бітпеген маңға сүңги бергенде, Қармаланған қолына жып-жылы бірдеме
былқ ете түсті (С.Мұқанов, Ол күндер.).
Былқ ете түсу. Бірден көне кету, келісу. Директордың көмейі белгілі болды
Баймырзаға. Сонда мыңқ еткенге былқ ете түсуге бола ма (Е.Қопарбаев,
Түнгі от).
Былқ еткізбеді. Тырп етуге мүмкіндік бермеді, қозғалтпады. Өзіне
сеніп тапсырған кісілерін ертелі-кеш былқ еткізбей шаруасын жайлап
жүргенге әлдекімдер қызғана қарайды (“Лен. жас”).
Былқ еткізді. Былқылдатты, жұп-жұмсақ болып тиді. Манағыдай
емес, Раушан онша шошынбай былқ еткізіп қолын ұстата берді (Б.Майлин,
Шығ.).
Былқ етпеді [еткен жоқ]. а) Тырп етпеді, елең қылмады. Жартастай
толқын ұрса, былқ етпеген, Бұтақтай көктен бомбы құйып тұрса,
Сескеніп ер жүрегі бүлк етпеген (Қ.Айнабекұлы, Өлеңд.). Мұндайда
өзінен мықтырақ кісілердің ғана тілін алып дағдыланған ол мына бала
жігіттің өтінішіне былқ етпеді (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Раушанның
айтқанына Бәкен былқ етпеді. Сұрланып, тістенген күйі, көзінің жанары
жасаурап, мелшиіп жатып алды (Б.Майлин, Шығ.). Мәңгі мылқау кәрі
орман, Былқ етпейді түс көрер, Жел мінезді ессіз жан, Маған түрлі ой
199
келер (М.Жұмабаев, Таңд.). Содан кейін күймеге кеп, қатал дауыспен
“Қанаш! Тұр!” – деп еді, бала былқ етпеді (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
ә) Назар аудармады, көңіл бөлмеді. Тәкежан ауылы Базаралының ереуіл
сөзіне былқ еткен жоқ. Қар екі жауса да, үй іргесін шыммен көмдіріп алып,
тағы да ықтырмасын құрғызып қойып, күндіз-түн демей, кедей ауылдың
пішені мен қорығын аямастан жеді де отырды (М.Әуезов, Шығ.).
Былқ етті. а) Жұп-жұмсақ боп тиді, сезілді. Көкке көтеріліп
шырылдаған торғайша шыр-р еткен нәрестенің даусы шықты. Шәкібай
ұмтылып үйге кіргенде аяғына былқ етіп бір нәрсе оралды (Б.Майлин,
Шығ.). Әзер дегенде тырмысып терезеге еніп, қорған ішіне қарғып
түскенімде аяғыма бір нәрсе былқ ете қалды (І.Жансүгіров, Шығ.).
Аяғының астында бір нәрсе былқ етті, сүрініп кете жаздады (Т.Ахтанов,
Дала сыры). ә) Күрт сылқ етіп, құлап түсті. Қамқа былқ етіп құлап
жығылды да талған бойында жерде сұлық жатып қалды (М.Әуезов,
Шығ.).
БЫЛҚ-БЫЛҚ е л і к. Майысып, бұрала басқан қимыл-қозғалысты
бейнелейтін сөз. Былқ-былқ басып, бұралып, ханның қызы, жеңгелері
жанында, жақындады (Б.Майлин, Шығ.). Бірін-бірі сен деспеді, Мен артық,
сен кем деспеді. Бөдене ән сап, күйін шертті, Түлкі былқ-былқ билеп кетті
(Ө.Тұрманжанов, Менің кітаб.).
Былқ-былқ етті. а) Былқылдады, жұп-жұмсақ болды. Табалдырықтан
бастап төрге дейін төселген түкті кілемдер табаныңнан тартып былқ-
былқ етеді (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.). Отынға барғанда көрдім, жағалаудың
мұзы қабажақтай-ау, қабажақтай... Жас баланың еңбегі сияқтанып,
аяғының асты былқ-былқ етіп, ойыла жаздап жатыр (Ә.Нұрпейісов,
Қан мен тер). Жусан біткен бусанып, балқып жерге жабысып алған. Түйе
табанымен былқ-былқ етіп тапталып, қайтадан бой жазып тұрып
жатыр (Д.Досжанов, Құм жұтқан.). ә) Босады, қозғала берді, былқ-сылқ
етті. Тағы бір дүр еткізіп, сілкіндіріп, Тағы бір буырқантып, бұлқындырып,
Алар ма ек былқ-былқ еткен бос мойынды Басына бағындырып, тұрқын
бұрып (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). б) Семіздіктен ірк-ірк етті. Ал үйден
суарылатын қызыл қозылар дуадақтай-ау, дуадақтай! Есік алдынан былқ-
былқ етіп, құйрықтарын тарта алмай өтеді (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).
Арлан былқ-былқ еткен кебеже қарын семіз қара биеге екі-үш рет ұмтылды
(С.Жүнісов, Жапанда.). Шартаң қарын былқ-былқ еткен, Босаң дене сылқ-
сылқ еткен... Дәл осындай бюрократ, Ортаңызда бар болса, Қауым болып
аластат (Қ.Қуанышбаев, Өлеңд.).
БЫЛҚ-СЫЛҚ е л і к. 1. Қиралаңдаған, бұралаңдаған қмылды
бейнелейтін сөз. Барып шешесіне жармасып еді, ол да өлген адам сияқты
былқ-сылқ жатыр. Талып жатқан болу керек (Н.Оразов, Дос хаты).
200
Бөдененің етінен азық алдым былқ-сылқ (Халық әні). 2. Қалай болса, солай,
сұлесоқ. Балтаны ұстаған түрін қарашы: тұла бойы былқ-сылқ, осылай да
ағаш шаба ма екен (Б.Майлин, Шығ.).
[Аяғын] былқ-сылқ [етіп]басты. Бұралаңдап, мың бұралып, кербезденіп
жүрді. Қыз да жігіт ырқына көніп, аяғын былқ-сылқ басып, оның құшағына
кіре берді (І.Есенберлин, Айқас). Ақырын суға келіп жақындасып, Аяғын
былқ-сылқ етіп әрең басып, Ағытып түйме бауын, белін шешіп, Кеудесін
желге қарай қойды ашып (Ә.Найманбаев, Шығ.). Қарындасым, салмақтым,
Қорғасын құйған асықтай. Былқ-сылқ етіп басқаны Молдалар жазған
машықтай (М.Жұмабаев, Шығ.).
Былқ-сылқ етті. а) Буыны босады, былқылдады. Келіншек барып,
оятайын десе, Жұмакелдінің денесі былқ-сылқ етеді (Қаз. ертег.). ә) Еркелеп,
майысты, қылымсыды. Сұлу келіншек былқ-сылқ етіп қылмыңдап, Малтаны
алды, жеңін тағы ашпады (М.Жұмабаев, Таңд.). Сұлу келіншек “хи-хи-хи”
деп күлгендей, Дыбысы шықпай, ішегі қатып өлгендей. Былқ-сылқ етіп
түрегелді судырап, Судыр-судыр жансыз жібек бүргендей (М.Жұмабаев,
Таңд.). б) Солқылдақтық жасап, тайсақтады. Ағасы ғана емес, атаман Әли
мырза деген де, мына қара бура Қаранар да былқ-сылқ етеді (Р.Райымқұлов,
Болат.). Не болса, ол болсын, әйтеуір былқ-сылқ етіп, Шәкең отыр (Ел де,
Тұмарбай да “Шәкең» деп атаған соң, біз де “Шәкең” делік) (Ж.Аймауытов,
Шығ.).
Былқ-сылқ ету. Солқылдақтық көрсетіп, тайсақтау, айну. Әр кез осындай
бір негізгі мәселе шешілерге келгенде былқ-сылқ етуді әдетке айналдырып
алғандар аз ба?! (“Лен. жас”).
БЫЛП е л і к. Бір нәрсенің жұп-жұмсақ болып білінген қалып-күйін
бейнелейтін сөз.
Былп етті. Жұп-жұмсақ боп білінді. Шолақ саптың сіреу теріге былп еткенін
бұйым көрсін бе! Бірақ бұл дәуір Қойтекеге жайсыз келді, қажып қалған қары
қатты ұруға жарамады, ұрғаны өтпеді. Торшолақ аяңды азайтуға айналды.
Мына қыбырмен жуырда анау бес қараға жете алмасын сезді (Ж.Аймауытов,
Шығ.). Салмақтап-салмақтап ішіне және періп кеттім. Былп ете түседі, былқ
етпейді (О.Әубәкіров, Ұзын сөз.).
БЫЛШ е л і к. Сумен жүргенде, түкіргенде шығатын дыбысты
бейнелейтін сөз.
Бетке былш еткізді. Бетің бар, жүзің бар демей айтып салды. – Тергесең,
Қодар сұмдығын аңыз қып көпке жайып әкеткен елді терге. Ел тұрсын,
кейінгі жиында бетімізге былш еткізіп, жарып айтқан жатты терге... – деді
Құнанбай Сүйіндікке (М.Әуезов, Шығ.).
Беті былш етпеді [еткен жоқ]. Ұялмады, қызармады, міз бақпады. Алайда
бас кесер Фервурд беті былш етпестен өзі жүргізіп отырған осы озбырлық
201
режимді жерде жоқ жақсылыққа балайды (“Қаз. әдеб.”). Тарт, Әзімбай, арсыз
тіліңді! Әкеңнің аузы бармас арамдыққа бетің былш етпей сен барайын деп
пе ең!? (М.Әуезов, Шығ.). Бірақ көк мылжың қызыл ауыз сабаздың беті былш
еткен жоқ (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай).
Былш еткізді. а) Көп етіп түкіріп жіберді, төге салды. Түйе Байжанның
бетін былш еткізіп жынын шашып жіберді (С.Мұқанов, Шығ.). Байболат
астындағы сырмақтың шетін көтеріп, былш еткізіп түкіріп тастады
(С.Омаров, Дала қызы). Құдай соққан неменің “туф” деп былш еткізіп бетіме
түкіргені бар ғой (Қаз. ертег.). ә) Аузына келгенін айта салды. – Жаман айтады...
Сені мен мына келініңді жаман атқа тағады! – деп былш еткізгенде, Қодар: –
Өй, жаным, не шатып отырсың? – деп Бектен көсені таптап тастардай болды
(М.Әуезов, Шығ.). Қалмұрат бетің бар, жүзің бар демей былш еткізіп айтып
тастайды да отырады (О.Сәрсенбаев, Бақыт.). б) Сарт еткізді, қойып қалды.
Құтжан сия-сауытқа бармағын батырып алып, қағазға былш еткізгенде, Ардақ
астыңғы ернін тістеп қалды (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).
Былш етті. а) Жалп беріп, құлап түсті. Бұланбай тұтқын жігітті
Игіліктің алдына тастай берді де, құйрығына қамшымен бір тартып қалды.
Жігіт жерге былш етіп құлады (Ғ.Мүсірепов, Шығ.). Есіктің табалдырығына
сүрінген Варвара арғы коридорға былш етіп шалқасынан түсті (С.Мұқанов,
Аққан жұлдыз). Көлемі алақандай мата қиығы дөңгелек көк белгісімен бірге
асфальт үстіне былш ете түсті (Қ.Исабаев, Ажал құрсауы.). ә) Бар пәрменімен
тиді, сарт етті. Со кезде менің де басыма зілдей бірдеме, наганның түбі ме
былш ете түсті, тәлтіректеп барып құладым (З.Шашкин, Теміртау). Бірде
байқаусызда: – Осы, Бақыт, сен қызсың, иә? – дегені үшін, былш етіп тиген
жұдырықтан бет-аузын қан жауып кеткені бар (С.Мұратбеков, Көкорай).
БЫЛШ-БЫЛШ е л і к. Шылқылдаған сумен жүргенде, көп көлемді сұйық
зат шашырағанда, түкіргенде естілетін дыбыс. Жым-жырт, жан-жақ тып-
тыныш, Кәрі тау – кәрі қалыбы, Су дамылсыз былш-былш, Баяғы жұлдыз
жарығы (І.Жансүгіров, Шығ.). Тарс-тұрс, ерсілі-қарсылы сапырылысып, еденге
былш-былш қақырынып, сіңбіріп, самбырлап сөйлесіп, үйді бастарына көтерді
(М.Жұмабаев, Шығ.). Өң мен түстің арасындай мұнар дүние. Бетіме былш-
былш шашыраған балшықты сезем (Т.Ахтанов, Боран).
Былш-былш етті. Шалп-шалп етті, былшылдады. Құдай мықты жаратқан
үлкен жартас, Былш-былш еткен бет бұрып судан қайтпас. – Бұлт та суық
дауыл, жаймен сырлас, өзгені жан екен деп сырын айтпас (Абай, Тол. жин.).
Былш-былш жеді. э к с п р. Шылпылдатып күйседі, соқты. Жаңа ғана сары
қымыз бен сұр етке кекіре тойған жалмауыздар енді бағлан етін былш-былш
жей бастады (“Қаз. әдеб.”).
Былш-былш соқты [ұрды]. Үсті-үстіне тарсылдатып, қойғылады.
Неше түрлі тарғыл дауыс, жан ұшырған айқай арасында қан топырағын
202
араластырып, жентектеп, жаншып бір-бірін былш-былш соғады (Т.Ахтанов,
Қаһарлы күн.). Сосын былжырақтау иленген қамырды былш-былш соғып,
қазанды жерошақтағы қып-қызыл шоқтың үстіне төңкере салды (Ө.Қанахин,
Жер бас.). Ерден Ақботаны қамшының астына алып ұрады. Бас демей, көз
демей былш-былш ұрады (З.Шашкин, Ақбота).
Былш-былш түкірді. Қайта-қайта шылпылдатып түкірді. Ашы насыбайды
ауызға толтыра салып былш-былш түкірді, маужырады, ойы тәтті тұманға
айналды, көзі ілбие бастады (М.Жұмабаев, Шығ.). – Оңбаған, саған не сөз
салды, ат айдауыңды білсейші! – дегендей боп, Ыбекең оған ала көзімен қарап,
аузындағы насыбайын былш-былш түкірді (Б.Майлин, Азамат.). Ол айналасына
былш-былш түкіреді де отырады (Б.Аманшин, Көкжар).
БЫР-БЫР е л і к. Қайта-қайта бырылдап, қорылдап шыққан дыбысты
бейнелейтін сөз. Пәуескенің астында қара ала төбетпен бірге жабу төсеніп, ерін
жастанып быр-быр ұйықтаған жылқышыны төбеттің анда-санда маңқ еткен
дауысы, үйде қымызға тойғандардың күжілі дамыл-дамыл аунақшытып қояды
(Ғ.Мұстафин, Қарағанды.). Төңіректеген төбетім, тығылып үйде ықтайды.
Күзетер деген күзетшім, Бүркеніп быр-быр ұйықтайды (І.Жансүгіров, Шығ.).
Түс боп қапты, тұрған шығар біздің бай! Бай не тұрсын, быр-быр ұйықтап
жатыр-ай, Былшық сары Сағиласын құшақтай, құшақтай! (М.Жұмабаев,
Шығ.).
БЫРҚ е л і к. Бырқылдаған, бырс еткен дыбысты бейнелейтін сөз.
Бырқ етті. Бырс еткен дыбыс шықты. Сорлы баллон бырқ етті. Осы енді
дұрыс па? О, дөңгелек, дөңгелек, Желіңді шығармай нық ұста (О.Әубәкіров,
Жасыр.). Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса,
бырқ етіп айран шыға келді (Қаз. ертег.).
БЫРҚ-БЫРҚ е л і к. Үзік-үзік бырқылдап шыққан дыбысты
бейнелейтін сөз. Құйрық тағы жыртылды. Көнбіс ана бырқ-бырқ ұрса
отырып тағы жамайды (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.). Мотор біраз уақыт
бырқ-бырқ лықылдап тұрды да кілт өшті (Қ.Ысқақов, Бұқтұрма).
Бырқ-бырқ қайнады. Қатты қайнады, бырқылдады. Пеш үстіндегі
кішкене қазан бырқ-бырқ қайнап, бір-біріне жалғас шыққан мазасыз
дыбыстан әбден запыс боп болдық (“Лен. жас”).
БЫРС е л і к. Доп, шар, баллон үрлеген сияқты заттар оқыс жарылғанда
шығатын дыбысты бейнелейтін сөз.
Бырс етті. Оқыс жарылып, жел шықты. Инені плинтус пен қабырға
арасына басып қалсаңыз, бырс етіп кіріп кетеді (“Лен. жас”). Жуырда бір
баллон, Бырс етіп жарылды, Шопырдың тынысы тарылды (О.Әубәкіров,
Жасыр.). Ордабай Сандыбай жаққа қолын сермейді, шамасы соған ғана
келетін сияқты... Басқалар да бырс етіп жарылып кеткендей түгел күліп
жіберді (Ғ.Мүсірепов, Шығ.).
203
БЫРТ е л і к. Сынған, үзілген, жұлынған кезде шығатын қысқа дыбысты
бейнелейтін сөз.
Бырт ете қалды [етті]. а) Кенеттен бырт деген дыбыс шықты, бырт етіп
үзілді. – Тағы да мына қыз әндеткен шығар. – Жоқ, тәте, өзінен-өзі бірдеңесі
бырт ете қалды (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай). ә) Домаланып, кілт үзілу т.б.
Кеңірдегін сығып жібергенде, Жамалханның көзінен жасы бырт ете қалды
(Б.Нұржекеев, Күтумен өт.).
Бырт еткізді. Бырт еткен дыбыс шығартты, үзіп алды. Әдеп қиярды бырт
еткізіп жұлып алды да, шалбарына үйкеп жіберіп, қомағайлана жеуге кірісті
(М.Гумеров, Хазірет.).
БЫРТ-БЫРТ е л і к. Күрт-күрт, сырт-сырт еткен дыбысты
бейнелейтін сөз. Есік жақтағы байлаулы қозы, лақ, бұзау бырт-бырт
күйсейді (Б.Майлин, Шығ.). Қаздар сүп-сүйір тұмсықтарымен нәзік
көк шөпті бырт-бырт үзіп, бірімен-бірі бәсекелескендей бас көтермей
жайылуда (Б.Соқпақбаев, Аяжан). Енді байқадым, ол қолындағы
дирижерлік таяқшаны бырт-бырт сындырып, құшырлана майдалап отыр
(И.Жақанов, Қайта орал.). /101 б/
БЫРШ е л і к. Кенет тырс, пыш етіп жарылғанда шығатын дыбсты
бейнелейтін сөз.
Бырш еткізді. Кенет кірш еткізді. Тентек Кенжебек тісін қайрап
кіжіне түседі де, менің бетіме істікті бырш еткізіп сұғып алуға сәл-сәл-
ақ қалғанда қолын тартып алды (Р.Райымқұлов, Бұрылыстар).
Бырш етті. Кенет шырт етіп шашырады. Адымдай беріп арт
жағында әлдененің бырш ете қалғанын естіді (Б.Нұржекеев, Күтумен
өт.). Алма, өрік, жүзім, қауын-қарбыз, былтырғы әлгі бырш етіп
бетіме шашырайтын дәмі жаман помидор... т. т. көздің жауын алады
(Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).
БЫТ-БЫТ е л і к. Бырт-бырт етіп үзілген дыбысты бейнелейтін
сөз. “Қандай рақат” деп сүйсінді. Қойлардың өткір тісімен көдені быт-
быт үзгені естіледі шопанға (Н.Ғабдуллин, Өмір күйі).
Быт-быт болды. Тоз-тозы шықты, ыдырады; быт-шыт болды. Оқ
тиіп Барзуға да жеті жерден, Күш-қайрат қайткенменен кетті ерден.
Сауыт пен саймандарды быт-быт болып, Сары ала киімдері болды терден
(Т.Ізтілеуов, Рүстем.). Аспандағы быт-быт болып ыдыраған бұлттар
қиырсыз теңіз жойқынында жазғытұрым бытыраған сеңдер сияқты
қалқысады (С.Сейфуллин, Әңгім.). Кетті Мамет быт-быт болып, Тіл
де қатпай қаруласпай. Майдан үсті шыңға толып, Бес шоқы боп қатты
тастай (С.Бегалин, Өлеңд.). /103 б/
БЫТЫР е л і к. Қатты заттың кенет күтір етіп сынған дыбысын
бейнелейтін сөз.
204
Бытыр етті. Қытырлаған дыбыс шықты, күтірледі. Еламан қолын
енді бір салғанда қаттырақ бірдеме ілікті. Оны ауызға салып жіберіп
шайнап қалып еді, бытыр ете түсті (Қ.Тайшықов, Окт. ұшқыны). Босаға
бытыр ете түсті. Алақаны ысып кеткен соң, Әтіке арқанды қоя бере салды
(Б.Нұржекеев, Күтумен өт.).
БЫТЫР-БЫТЫР е л і к. Бырт-сырт, қатыр-құтыр еткен дыбысты
бейнелейтін сөз. Бір жұмысшы көк тасты күрекпен тастайды, ауыз
бытыр-бытыр шайнайды да, өзінен төменгі ауызға береді (Ғ.Мұстафин,
Көз көрген). Бытыр-бытыр шайнады. Босанды да тап берді, Тап бергенде,
шап берді. Бірді белден тістеді (М.Жұмабаев, Шығ.).
Бытыр-бытыр еткізді. Бытырлатты, күтір-күтір еткізді. Қарсыбек
әкелген жан торсықтарды Ушаков дереу столдың үстіне қойып,
әрқайсысынан бірер уысын бытыр-бытыр еткізіп төкті (Ғ.Мүсірепов,
Оянған өлке).
Бытыр-бытыр етті. Бытырлады, күтір-күтір етті. Асқар көшеде
бірдемелер бытыр-бытыр еткенде селк ете түсіп, құлақ түре қоймады
(С.Мұқанов, Ботагөз).
ГӘККУ е л і к. 1. Аққудың шығаратын дыбысын бейнелейтін сөз. 2.
муз. э т н. Қазақтың киелі құсы, махаббат символы саналатын, әндерінде
қайырулар ретінде жиі қолданылатын аққу үнінің еліктеуіш сөзі. Жүрсең де
жұлдызым боп, мақтаным боп. Алдына күнде келіп жатқаным жоқ. Гәккудің
әуеніне тербелгенмен, Аққудың көгілдірін атқаным жоқ (Т.Молдағалиев,
Шақырады көктем). 3. а у ы с. п о э т. Елдің мақтанышы, сәні мен әні. Даңқы
шыққан Рахышев, Талай озған жарыста. Еңбек ері Түсінім, Атағы кеткен
алысқа. Қалекеңді айтайын – гәккуі елі Арқаның (Қ.Әміров, Қызыл гүл). 4.
поэт. Теңеу, еркелету мәнінде қолданылатын махаббат, сүйіктісі деген
мағынадағы сөз. Қоштасты соңғы рет гәккуімен, Өткізген Кәкимамен шат
күнімен. Есінде қалды елдің өлместей боп, Ең соңғы ақын айтқан аққу-өлең
(С.Мәуленов, Алыс кетіп.). Аттанып бара жатыр аққу-қаздар, Қош енді, қош
болыңдар, гәкку-наздар! Кеудемде күңіренген дастан қалды, Киелі қанатымен
аққу жазған (М.Мақатаев, Шығ.).
ГУ е л і к. Кенеттен гуілдеп шыққан үн, дыбысты бейнелейтін сөз. Штаб
қызу ұстаның іс үйіндей, Екпін мен рух көріктің гу үніндей (С.Сейфуллин,
Шығ.).
Гу еткізді. Гуілдетті, пысылдатты. Сол кезде ол екі танауын гуеткізіп,
терең бір дем алады да, аяғыма асып қойған қолын бейнебір әлдене айтқысы
келгендей қозғап-қозғап қояды (Д.Исабеков, Қара шаңырақ).
Гу етті. а) Жапа-тармағай дүр етіп ұшты. Бір топ қараторғай гу етіп
ұшып өтті. Тобын жазбай көкте қалқып жүр (Б.Тәжібаев, Қараторғай). ә)
Жел, боран т.б. азынады, уілдеді. Күркеге жел гу ете қалды (С.Мұқанов,
205
Аққан жұлдыз). Жел оны елеген жоқ, кеменің қарсы алдынан гу ете қалды.
Кемені ұршықтай үйіріп, кейін қарай қуа жөнелді (Мың бір түн). б ) Жан-
жақтан дабырлап сөйлесті, даурықты. Сасқалақтаған жігіт сырықтай
ұзына аяқтарын ебедейсіз тарбитып, қораптан сырғып түсе бергенде, бір
аяғында туфлиі жоғын көріп жұрт тағы гу ете қалды (Ә.Сараев, Бозқырау).
Ортаға кілем үстіне өңшең сәнді киінген қылқандай уыз жас жігіттер
шыға келгенде жұрт тағы бір гу етті (Ә.Кекілбаев, Дала.). в) Гулеген дыбыс
шығарып лаулады, тез жанды. От тиген қамыс гу ете түседі де, түтіндете
түседі (А.Тоқмағамбетов, Фельетон). Жан-жаққа мен көріп-білмеген от
тасқыны, жарық тасқыны гу ете түсті (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).
Достарыңызбен бөлісу: |