ГУ-ГУ е л і к. 1. Кенеттен қайта-қайта гуілдеп шыққан дыбысты
бейнелейтін сөз. Қара тастың маңы гу-гу көк шыбындар құжынап жүр
(Ә.Кекілбаев, Дала.). Түйедей тастар қаңбақтай ұшып, әлдеқайда барып
түскен күйреген құздың орны өксігендей гу-гу аңтарыла құлап жатыр
(Ғ.Мұстафин, Шығ. жин.). 2. Жел, боран т.б. азынап, уілдеп соққан дыбысын
бейнелейтін сөз. Өзі жақ есіктің әйнегінен кеңірек ашып еді, гу-гу енген
дала желі самай шашын үрлеп, бетін жуып, сау-сау құйыла бастады
(М.Сәрсекеев, Туған жер.). 3. Жан-жақтан дабырлап, даурығып шыққан
дыбыстарды бейнелейтін сөз. Гүмпілдеген сөз, гу-гу өсек, қызыл көз
қулар сұмдығы – жандарал өткеннен кейін тозаңдай бұрқылдап, күлше
шашылады (Ж.Молдағалиев, Айналайын). Тағы да гу-гу, пыш-пыш
әңгіме қозғап, еріккен қызыл ауыздар жел сөздерді борандай боратып,
сыпсың өсек өрттей лаулап жүре берді (Б.Тілегенов, Көктем). Сұлусары
Қалдыбекті жетелеп, Қаншайымдарды ертіп, алтыбақан жаққа беттеді.
Алтыбақанды қоршап тұрған жастар гу-гу (С.Мыңжасаров, Қыр қыз.).
Гу-гу еткізді. Гуілдетті. Пысылдап ақырып, буларын гу-гу еткізіп
жіберіп паровоз өтеді (С.Сейфуллин, Тар жол.).
Гу-гу етті. Даурықты, дабырлады, шулады. Жұрт солай жүріп жатты,
ауыздары кеңесте. Көп адамның тұтасқан үні араның ұясындай гу-гу
етеді (С.Мұқанов, Өсу жол.). Жерошақ басында қазанға телмірген қатын-
қалаштың көздері отпен шағылысып жылт-жылт етеді. Үйде әңгіме гу-
гу етеді (Ғ.Мүсірепов, Дауыл.). Үйге кірсем, үзіліс жаңа ғана жарияланып,
коридорға шыққан жұрт гу-гу етеді (С.Мұқанов, Өмір мектебі). Лездің
арасында бір жылдан бері қаңырап иесіз тұрған Ырысбектің үйі гу-гу
еткен қызық думанға толды қалды (С.Мұратбеков, Жабайы алма).
ГҮЖ1 е л і к. Гүрілдеп шыққан дауысты, дыбысты бейнелейтін сөз.
Гүж етті. а) Гүжілдеп жуан дауыспен үн қатты. Біз өз полкымызға
қайтуымыз керек, жолдас майор, – деп гүж етті Дәурен (Т.Ахтанов,
Қаһарлы күн.). Мағжан гүж еткен оқыс дауыстан сескеніп қалды (“Қаз.
әдеб.”). Шофер моторын сөндіргенше болған жоқ: – Айналайындар,
206
келдіңдер ме?! – деген бір жуан дауыс гүж ете қалды (“Лен. жас”). Осы
бір тұстан ағындап өте шығармын-ау деген Көбеннің ойы болмады, ең
қауіптенген зәрезап жерден ұстап, гүж етті, Әлібек тура қотырдың
бетін тырнап алды (С.Жүнісов, Ақан сері). ә) Гүр етіп оталды. Жирен
шаш, көк көз шофер жігіт басын изеп сәлемдесті де, есік жабылар-
жабылмас моторды гүж ете түсірді, машина жүріп кетті (И.Салахов,
Көкшетау.).
ГҮЖ-ГҮЖ е л і к. Қайта-қайта гүрілдеген дыбысты бейнелейтін сөз.
Гүж-гүж етті. Гүрілдеп, гүр-гүр етіп жуан даусымен сөйледі. Қап-
қара күйе, батпақ жалаңаш етіне майлық шапан киген, тұтқыштай
мантышы, ұзын сирақты лағманшы гүж-гүж етеді (І.Жансүгіров, Шығ.).
Құдай тағала дауыс дегенді де аямай берсе керек. Өгіздей өкіре гүж-гүж
етіп сөйлегенін көрген кісі өңеші емес, труба шығар деп таңданғандай бар
(З.Жәкенов, Қайта айналып.).
ГҮМП е л і к. Суға құлағанда, сұйығы мол затты піскенде шығатын
дыбыс.
Гүмп берді [етті]. Суға бірден қойып кетті, құлады. Қожа бастаған көп
көпірдің жоқтығына қарамастан өзенге гүмп берді (Ғ.Сланов, Дөң асқан).
Машина көпірге келгенде бағытын өзгертіп, Нарын дариясының суына гүмп
берді (“Лен. жас”). Жақын жерде бір үлкен шағала гүмп етіп суға сүңгіп
кетті де, аузына күміс сырғадай жіңішке шабақ тістеп, қайта көтерілді
(Т.Жармағамбетов, Сентябрь). Кенет бір нәрсе құдық түбіндегі суға гүмп етті
(М.Сүндетов, Балық аула.).
ГҮМП-ГҮМП е л і к. Бірнеше адам не зат суға құлағанда не сұйығы
мол затты қайта-қайта піскенде шығатын дыбыс.
Гүмп-гүмп етті. Гүмпілдеді, бос кеңістікке қайта-қайта түскен түскен
күштің дыбысы. Жұман жабық пәуескенің гүмп-гүмп еткенненбасқа
қарсылығы байқалмаған соң, айналып келіп тағы да ұрды (Ғ.Мүсірепов,
Оянған өлке). Құзының қиясына баспаған жан, Болмаса биік ұшқан ұлар
мен аң. Талғарды шөл қандырар сабасында, Қайран көл гүмп-гүмп етіп
толықсыған (Қ.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
ГҮР е л і к. Оқыстан гүрілдеп шыққан жуан дауысты бейнелейтін сөз.
Гүр етті. а) Гүрілдеді, гүжілдеді. Мотордың гүр ете қалған даусынан
Дәурен мен Жариков екеуі бірдей оянды (І.Есенберлин, Айқас). ә) Гүрілдеген
жуан дауыспен сөйлейді. – Тиме, жібер! – деген зор дауыс гүр етті сырт
жағынан. Қайсар жалт қарады (Е.Өтетілеуов, Бос шелек). б) От лау
етіп, бірден жанды. Танкінің іші гүр етіп жана жөнелгенін де білемін
(Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). в) Ит ыр ете түсті. Сонау қарсы бет, биігірек
жарқабақтағы тоңқайма тастың тасасында жатқан сұр арлан гүр етіп
орнынан тұра берген (Н.Мұраталиев, Үміт).
207
ГҮР-ГҮР е л і к. Оқыстан қайта-қайта гүрілдеп шыққан жуан дауысты
бейнелейтін сөз.
Гүр-гүр етті. а) Ыр-ыр, ар-ар етті. Жауырын жүндерін үдірейтіп, тістерін
ақситқан балуан төбет гүр-гүр етеді (Ә.Көшімов, Жас аңшы). Бір көкжал
қасқыр әлі де өлмепті. Гүр-гүр етеді (М.Тиесов, Дала.). ә) Дауысы гүрілдеп
шықты. Қапсағай денелі қара жігіт гүр-гүр етеді: – Бәрін қойып, осы күнделікті
тұрмыс мәселесін неге айтпайсыңдар, – дейді ол аузына тістеген темекісін
құлшына сора түсіп (Ақ бидай). б) Су сарқырап, долдана қатты ақты. Ағыны
ерен, көкезу тау өзені гүр-гүр етеді (Ғ.Сланов, Шалқар).
ГҮРС е л і к. Нәрсеің кенет құлауынан я қарудың атылуынан шыққан
дыбыс, үн. Басы сұлқ түсіп, теңселіп тұрып қалған Исатайды тағы бір солдат
қайқайта келіп қылышпен ұрды. Исатай гүрс құлады (Б.Аманшин, Жар мұңы).
Гүрс етті. а) Қатты, тығыз, ауыр зат келіп соқтығысты, ұрылды. Қатты
екпінмен төгілген бетон гүрс етіп соғылған сәтте Юраның көздері күлімдеп,
рақаттанады (А.Жақсыбаев, Менің дос.). ә) Тарс етіп ашылды. Шәукенің ойын
мылтықтың гүрс еткен дауысы бөлді (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен). б) Ойламаған
жерден құлады. Тұяқтардан шаң ұшты шұбатылған, Аман қалу қиын бұл
сұрпылдан. Қабырғадан қадалып қанды жебе, Құлап гүрс етіп бірі атынан
(С.Мәуленов, Алыс кетіп.).
ГҮРС-ГҮРС е л і к. Бірнеше рет тарсылдаған, гүрсілдеген қатты
дыбыстарды бейнелейтін сөз. Вагоннан түсе бергенде-ақ тас кемерін гүрс-гүрс
сабалап жатқан теңізге тірелдік (Ғ.Мүсірепов, Достық.). Гүрс-гүрс ұрылған
тоқпақ дауысы жар жиегін жаңадан жаңғыртты (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).
Бөлімше шеберханасында гүрс-гүрс соғылған сом темірдің дүмпуі келеді құлаққа
(С.Омаров, Дала қызы).
ГҮТІР е л і к. Қатты нәрсені шайнағанда, уатқанда, сындырғанда
шығатын дыбыс.
Гүтір еткізді. Гүтірлетті, қытырлатты, шайнады. Ердос жалмауыздың
аузына тобылғы таяғын апарып еді. Ол гүтір еткізіп шайнап жіберді
(М.Етекбаев, Алтын.).
Гүтір етті. Шытырлады. Аспан гүтір ете түсті де, түстікте найзағай
жарқылдады (Б.Мұсабекова).
-Д-
ДАБЫР-ДАБЫР е л і к. Көп адамның улап-шулап сөйлегендегі дыбысы.
Дабыр-дабырмен әжем де оянып, самайын қасылап ауызүйге шықты
(Д.Исабеков, Тіршілік.). Мәжіліс тарады. Жұрт дабыр-дабыр сөйлесіп үйді-
үйіне қайтты (С.Бақбергенов, Адам.).
ДАБЫР-ДҰБЫР е л і к. Көп адамның дабырлап сөйлескендегі дыбысы.
Терезелерін ішінен жауып қойғанмен, шам жарығы жарқырап тұр.
Дабыр-дұбыр сөйлескен адам дауысы естіледі (Қ.Қайсенов, Жау тылы.).
208
Жұрт дабыр-дұбыр болып жатыр. Не айтып жатқандарын байқай алмадым
(Б.Майлин, Таңд.). Үйдің қасында әлденеге шұқыңдап жүрген кең етекті
ұзын көйлекті әйел дабыр-дұбырға елеңітіп бері қарады (Т.Тілеуханов,
Келешек.). Әуесхан қабылханадағы дабыр-дұбырдан кілт ойын жия қойды
(Қ.Ахметбеков, Жалаулы.). Мен ұйықтап кеткен екенмін. Ауызүйден
естілген дабыр-дұбырдан оянып кеттім (М.Сүндетов, Балық аула.).
ДАЛАҚ-ДАЛАҚ е л і к. Желбіреген жеңіл заттың желп-желп
етіп көрінуін бейнелейтін сөз. Ең алдымен ескі шекпенінің екі етегі екі
шалғайға кетіп, далақ-далақ шауып келе жатқан жылқышы Кенже екен
(Ш.Мұртазаев, Қызыл жебе). Екі етек екі жақта, далақ-далақ етіп, құланы
қос өкпеге тепкілеп аямай төпеп келеді (Т.Жақыпбайұлы, Асан.).
ДАЛП е л і к. Жалпақ заттың желден, желпуден т.б. болған бірреттік
қозғалысын бейнелейтін сөз.
Далп еткізді. Желп еткізді, желпітті. Ол түгі екі қолтығынан астында
ғана қалған көне, көк мақпал бешпентін кереге басынан жұлып ап, далп
еткізіп жайды (Ж.Нәжімеденов, Ақ шағыл.).
Далп етті. а) Үлкен қанатын желпіді, қақаты.Анда-сандаорман арасынан
тұра қашқан қояндарға, далп етіп ұшқан әредік құстарға селтілдеп,
пысқырып та қояды (С.Сейфуллин, Әңгім.). Осы сәтті пайдаланған Қалтай
оның мойнына тұзақты тастап жіберді. Қос қанат далп етіп, ителгі
жалп етті (Ә.Көшімов, Қарт аңшы.). ә) Жалп етті. Қатыш қастарына
келе, ыстанның бауын шешіп, бөксесін алды-артына изеңдеп, артқы етегін
лақтырып тастап, жапалақша далп етті (Ж.Аймауытов, Шығ.).
ДАЛП-ДАЛП е л і к. Жалпақ заттың желден, т.б. болған бірнеше
қайтара қозғалысын бейнелейтін сөз. Аспан қарауытып, биік сырғауылға
байланған ақ шүберек жоғарыда далп-далп желбірейді (С.Санбаев, Аруана.).
Далп-далп етті. Қанаттың немесе жалпақ басқа заттың қайта-қайта
желпілдеуі. Адуын мұзбалақ торға түскендей-ақ әлденеге бұлқына жұлқынып
далп-далп етеді (Ә.Көшімов, Екі бүркіт.).
ДАҢҒЫР-ДҰҢҒЫР е л і к. Даң-дұң еткен ашық дыбысты бейнелейтін
сөз. Күшікбайдың ойы – даңғыр-дұңғыр домбыра шертіп, күй шығарған
әулиесымақтардың ойы (Р.Сейсенбаев, Аңсау). Даңғыр-дұңғыр дауыс естілді.
Балайым қора есігінен шыға алмай жатқан секілді (Ж.Молдағалиев, Самал).
Даңғыр-дұңғыр етті. Даңғырлады, даңғыр-дұңғыр дыбыс шығарды.
ДАҢҒЫР е л і к. Шелек, күбі сияқты бос, темірден жасалған заттың
бір нәрсеге қатты соғылуынан шығатын немесе адам дауысының қатты,
бірақ анық емес ашық дыбысын бейнелейтін сөз. Оның ылғи сөзі даңғыр
келеді, Жырмен емес, айғайменен жеңеді (Ж.Саин, Самал). // Даңғырлаған үн,
шулаған дыбыс. Дабылды қаршығаны үйіне жібергенде, үйрек көтеріліп ұша
бергенде соғады. Үйрек дабылдың даңғырынан шошып, ілгері қарай қашады
209
(Ш.Айманов, Қыран.). Шағын ауылдың даңғыры, айқай-дабыры айқын
білініп, шаһардағыдан гөрі алыстан естіліп, улап-шулап жатқандай болушы
еді (О.Бөкеев, Өз отың.). Көшеде шыққан жолаушы арбасының даңғыры
естіледі (Ө.Қанахин, Дәмелі). // Беймаза, жағымсыз шуыл. “Соғыс” деген бір
суық сөз өзінің берекесіз, беймаза даңғырымен құлақтың тынымын күні-түні
дамылсыз алып тұрған (Ф.Дінисламов, Көл жағасы.). // Дағырлаған дыбыс
шығаратын құрал, аспап. Даңғыр, дабыл қақтырды кішміш, мейіз жегізіп
Шұбар атын бақтырды Неше дәулер, неше ерлер Қызметіне тақ ұрды
(Алпамыс).
Даңғыр етті. Бос шелектің соққыдан, бір нәрсеге соғылуынан
қаңғырлаған дыбыс шығаруы. Түн баласында бос шелектің даңғыр ете
қалған даусы біраз жерге естілген болу керек (Т.Жармағамбетов, Нәзік.). Бос
шелек даңғыр еткенде үшеуі де дір ете қалды (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).
ДАҢҒЫР-ДҰҢҒЫР е л і к. Бос, үлкен әрі жұқалау қатты заттан
жасалған затты басқа затпен соққанда шығатын қаңғыр-күңгір, салдыр-
сұлдыр еткен дыбысты бейнелейтін сөз. Теңге жерошақта асулы тұрған
қазандағы сүтті әдейі теуіп жіберіп төгіп, леген, шәугімдерді де бір-
біріне соққылап, даңғыр-дұңғырды көбейтіп, қиратып жүр (К.Оразалин,
Көктем.). Даңғыр-дұңғыр, күмбір-күмбір бір сазды, қоңыр үнді ертеден
бері тынымсыз соғып тұрған шіркеу қоңыраулары адамның еңсесін езіп,
жалықтыра мазасын алып тұр (Х.Есенжанов, Ақ Жайық).
Даңғыр-дұңғыр болды. Даңғырлап кетті, даңғырлаған шу басты.
Қарақатын… жолда тұрған қара құманды қағып кетті де, лақ еткізіп суын
ақтарып алды. Одан шелекке сүрініп, үй іші даңғыр-дұңғыр болды да қалды
(Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).
ДАҢ-ДҰҢ е л і к. Қаңғыр-күңгір, шаң-шұң дыбысты бейнелейтін
сөз. Сол кезде әйел-еркегі аралас көп адам даң-дұң дауыспен Итаяқ үйінің
маңына жинала бастады (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Боз көлдің айналасы
қиқу, даң-дұң, иіп тірескен ел, біреуді біреу біліп болмайды (С.Талжаов,
Ұлдай.). Төңіректе даң-дұң дауыс, көңілді күлкілер (Қ.Қараманұлы, Қайран
өткел). Тойға жиналған жұрттың даң-дұңымен Танабай ауылына жаңадан
рух кіріп, жаңа нұрланып жандатып тұр (Ж.Аймауытов, Шығ.).
ДАР 2 е л і к. Айырылып, жыртылған дыбысты бейнелейтін сөз.
Дар айырды. Дар еткізіп, қақ бөлді, жыртты. Аяқтап келгенде екі
санды екеуі [қасқырлар] ортасынан дар айырып жұлып-жұлып әкетісті
(М.Әуезов, Қараш.). Жаңыл Райханның сөзін арқаланды ма, бетінің қанын
етегімен сүрте салып, көйлегінің өңірін дар айырды (С.Жүнісов, Жапанда.).
Дар айырылды. Дар етті, қақ бөлінді, жыртылды. Үйге алқынып Ажар
кірді, көйлегінің бір жақ етегі өңіріне дейін дар айырылған (С.Жүнісов,
Өшпейтін.).
210
Дар еткізді. а) Қақ айырылтты, дарылдатып жыртты. Ол үстіндегі
көйлегін шешіп, дар еткізіп қақ бөлді де, екі таяқтың ұшына байлады
(Н.Баяндин, Құм асты.). ә) б е й п і л. Қатты жел шығарып қойды. Байқамай
дар еткізіп қойды (Ауызекі).
Дар етті. Қақ айырылып, дарылдап жыртылды. Ол шекесінен аққан
қанды қолымен сипап, басын сілкіп қалып еді, дар етіп жер дүние жарғақ
теріше қақ айырылып кеткендей болды (Б.Нұржекеев, Күтумен өт.). Қайық
түбі арамен кездескендей дар ете түсті (Ә.Сараев, Қараша.).
ДАРБАҢ е л і к. Арбаң. Дарбаң қимыл ебедейсіз.
ДАРБАҢ-ДАРБАҢ е л і к. Арбаң-арбаң. »Дарбаң-дарбаң жүрісінен
таныды (Ауызекі).
Дарбаң-дарбаң етті. Арбаңдап ебедейсіз қозғалды.
ДАР-ДАР е л і к. Матаны, киімді қатты, бірнеше рет жыртқанда
шығатын дыбыс. Бірін-бірі итерісіп, қатты жұлқысып қалғанда екеуінің
де жағасы дар-дар айырылып кетті (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен).
Қатын-қалашпен араласып кеткен жарым-жарты жұрт ұлықтардың
үйінде қалған киім-кешегін жұлып-жұлып алысып, талқандай тартысып
жеңін жең, бойын борша-борша қылып алып, дар-дар айырысып жатты
(М.Әуезов, Қилы заман).
Дар-дар етті. Дарылдаған дыбыс шығарып, қайта-қайта қақ айырылып
жыртылды. Үйден жыртылған кездеменің дар-дар еткен даусы сыртқа
естіліп жатты (С.Сейфуллин, Әңгім.).
ДЕЛБЕҢ е л і к. Желп еткен, ербең еткен қимылды бейнелейтін сөз.
Делбең етті. Желп етті, ербеңдеді. Нұртай қолын маған қарай соза
бергенде, делбең етіп, ат үстінен аударылып қалды (Н.Ғабдуллин, Қызық
дәурен). Құрдасы делбең етіп суға құлады (Н.Ғабдуллин Қызық дәурен).
Делбең қақты. Делбең-делбең етті, желпілдеді. Серегиннің көкшіл көзі
күлімсіреп, танауының желбезегі судан шыққан балықтай делбең қағады
(З.Шашкин, Теміртау). Осы сәт кең көйлегінің етегі делбең қағып, бие бау
жақтан бір әйел ұшып келеді (М.Әбдірахманов, Адасқан.).
ДЕЛДЕҢ1 е л і к. Желп еткен қимылды бейнелейтін сөз. Нұрлан делдең
қағып жүгіріп келді (Қаз. тілі. түсінд. сөздігі).
Делдең етті. Делдиді, делдеңдеді. Әбділәзиздің аяғы алыстан делдең
етіп көрінді (Д.Досжанов, Кісі.).
ДЕЛДЕҢ-ДЕЛДЕҢ е л і к. Қайта-қайта желпілдеген, делдеңдеген
қимыл-қозғалысты бейнелейтін өз. Оның жүрегі желді күнгі жапырақтай
дірілдеп, өкпесі көріктей көмпиісіп, танауы делдең-делдең етті (С.Мұқанов,
Таңд. шығ.).
ДЕЛЕҢ е л і к. Делеңдеп, желпілдеген қимыл-қозғалысты бейнелейтін
сөз.
211
Делең етті. Желпілдеді, делдеңдеді. – Жидек теріп келдік, әже, – деп Жамал
ақ көйлегінің етегі делең етіп, енесінің алдына билеп кеткендей бір дөңгеленді
(З.Ақышев, Жесірлер). Шатырдың арғы бұрышынан етегі дағарадай бір қамыс
қалпақ делең ете түсті (И.Салахов, Көкшетау).
Делең қақты. Желпілдеді, желбіреді, делдеңдеді. Басында біздің жақтың
үлкен жаулығы, көк шұбар кең көйлегі делең қағып апам екпіндей басып келеді
(Ғ.Мүсірепов, Қазақ солдаты).
ДОМАЛАҢ е л і к. Аласа, домалақ зат не адамның шапшаң домаланған,
қозғалған қимылын бейнелейтін сөз. Көзді ашып-жұмғанша “көк ит” қызыл
қошқарды домалаң асырды. “Қасқыр!”. Төлегеннің тұла бойы мұздап қоя берді
(Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.).
Домалаң ете қалды [түсті]. Домалап түсті, құлады. Басы қайтадан төсіне
домалаң ете қалды (Ш.Мұртаза, Мылтықсыз.). Қаға берісте біреуі шылтың
етіп артыла кеткенде, қу мүйіздің бірі жайқап қалса, домалаң ете түседі
(Ж.Аймауытов, Шығ. жин.).
Домалаң қақты. Аласа бойлы, толықша келген адамның қимыл-қозғалысына,
жүрісіне қатысты айтылады. Аға лейтенант орнынан тұрып әрлі-берлі
домалаң қағып жүрді (Е.Әкімқұлов, Перизат). Жерді тесіп жіберердей болып
талтайып тұрған Құрмаш: “Ақылыңа болайын, алжыған қақбас”, – деп бір
түкіріп, домалаң қағып машинасына отырған (Ж.Кәрменов, Түймеш).
ДУ-ДУ2 е л і к. Ұрғанда, ұялғанда, суыққа тоңғанда, ауырғанда т.б. болатын
денедегі қызудың әсерін бейнелейтін сөз. Гүлбанудың жанына отырдым.
Тақымым, үзеңгі бау қажаған сирағым ду-ду ашиды (С.Мұратбеков,
Жабайы.). Ол әңгімесін жалғады. Ертесіне жолға шықтым. Жұрттың бәрі
біліп қойғандай екі бетім ду-ду жанады (Б.Мұқаев, Аққу сазы). Басынан ба,
әлде көкірек тұсынан ба, әйтеуір қайдан басталып, қайдан біткені белгісіз,
рахат бір ыстық толқын өне бойын ду-ду аралап өтті (Б.Нұржекеев, Бір
өкініш.).
Ду-ду етті. Қыздырып, ысытып, шымырлатып әкетті. Алақаны
зырылдап қалған, ду-ду етіп күрек сабын өзіне жолатпайды (С.Шаймерденов,
Болашақ.). Осы сәт Қасымның беті алаулап ду-ду етті. Өзін билеген шым-
шытырық сезіммен арпалысуда (Ө.Қанахин, Мұрагер). Денесі суыған сайын,
тыныс алған сайын, екі алақаны ду-ду етеді (Р.Әутәліпов, Алтын.).
Ду-дуұрды. Алақандары қызғанша қол соқты. Әлгінде сөзден жеңіліп,
төменшіктеп қалған қыздар мырс-мырс күліп, мәре-сәре болып алақайлап,
ду-ду ұрып жатыр (С.Балғабаев, Құм.).
ДҮБІР-ДҮБІР е л і к. Дүбірлеп, дабырлап қозғалған қимылды
бейнелейтін сөз. Дәліз есігінің сыртында дүбір-дүбір, күтір-күтір естіледі
(М.Тиесов, Дала.). Сәл лепке қайтып оралған қаздар дүбір-дүбір қанат
қағып, жағаға барып қонады (“Қаз. әдеб.”).
212
ДҮҢГІР-ДҮҢГІР е л і к. Шектеулі, көлемі аз кеңістіктің ішінен қатты
шықпай, даңғырламай естілетін дыбысты бейнелейтін сөз. Аспанның
дүңгір-дүңгір еткен құлағы ештемені де естімейтін сияқты (С.Ғабассов,
Серпер.) Түбірдегі аттың доғасына ілген үлкенді кішілі үш қоңырау, бәрі де
жез қоңырау, әсем күмбірлеп, табиғат дүлейін зор оркестор десек, мыналар
соның ішіндегі сыбызғы үнді скрипкаларға ұқсайды; сыңғыр-сыңғыр,
дүңгір-дүңгір, шылдыр-шылдыр (Ө.Қанахин, Жас дәурен).
ДҮҢК 1 е л і к. Ауыр заттың жұмсақ затқа соқтығысуынан, не
құлауынан шығатын дыбысты бейнелейтін сөз. ≈ Дүңк еткен дыбыс.
Дүңк еткізді. Сарт еткізді, ұрып кеп қалды – Әй, кәрі бура, жыныңды
шашып құтырмай тек отыр, – деп Сақина да сол бүйірінен дүңкдегізді
(Ш.Құмарова, Қос шынар).
Дүңк еткізді. а) Гүрс еткізіп атты. Бір қияның кертешіне барғанда,
мылтығын жоғары қаратып Қайырбек дүңкеткізді (Ғ.Сланов, Шалқар).
ә) Бірден айтып салды. Мен енді осы сөзін Мендештің көзінше дүңкеткізе
ме деп қыпылықтап жүрдім (Б.Аманшин, Жар мұңы). Сәлім өзінің бұл сөзі
Бейсеннің көңіліне келеді деген жоқ, ойланбай ойындағысын дүңкеткізіп
айтып салды (М.Дүйсенов, Гүлжан.). Галя өз ойымен алаң болып, қасындағы
жігіттің сөзін де ден қойып тыңдамады. Кенет Бөшек түйеден түскендей:
– Мен сені сүйемін, – деп дүңк еткізді (Т.Ахтанов).
Дүңк етті. а) Тарс етіп құлады, гүрс етіп түсті. Жанып келе жатқан
тас әйтеуір біздің үстімізге құламай, он қадамдай асып барып, дүңкете
түсті (Т.Сүлейменов, Жұлдыз.). Жер еденге дүңк етіп қойылған ауыр
шелектің сылдыры естілді (“Лен. жас”). ә) Дүңк-дүңк етті. Төрт-бес
адам шауып келіп, үйдің сыртына дүңкетіп түсті де, аттарын байлар-
байламастан асыға үйге кірді (“Қаз. әдеб.”). б) а у ы с . Күтпеген жерден
сөз болып, жан-жаққа өрбіп тарады. Кенесары қолы Көкшетау жақты
шауыпты деген хабар келесі күні-ақ бүкіл Сарыарқаға дүңк ете қалды.
(І.Есенберлин, Қаһар). “Тымақ кепті даладан... Ұшып кепті қаладан...”
деген хабар дүңкетті, Тымақ біткен күңк етті, Шуылдасты, жиылды,
Алласына сиынды (Ж.Аймауытов, Шығ.). “Патша қазақтан солдат алады-
мыс” деген хабар дүңкете түсті (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). г) Қорс
етті, мыңқ етті, бірден айтып салды, қойып кеп қалды. – Е, қызықсың ғой
өзің, біреу бүлдіріп жатса, үндемей отыруым керек пе? – деп дүңкетті
Батырбай (М.Иманжанов, Менің махабб.).
Достарыңызбен бөлісу: |