Қоршаған ортаның өзіндік тазаруы
– ластағыш заттардың физика-
лық, химиялық, биологиялық процесс әсерінен табиғи ыдырауы.
Қорық
– аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашы-
лыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер
не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді
бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арнал-
ған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қорықша
–
жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман,
жер нысандары қорғалатын және табиғи ресурстары шектеулі түрде пай-
даланылатын аумақ. Ол мемлекеттің табиғи қорық қорының бір немесе
бірнеше нысандарын сақтауға және толықтыруға арналады.
Құбыр желісі көлігі
– газ, мұнай, су, көмір және газ тәрізді, сұйық және
қойыртпақ тәрізді басқа да жүктерді тасымалдайды. Жерүсті көлігі түр-
лерінің ішіндегі айрықша тиімдісі.
Құнарлылық
– топырақтың өсімдіктерді сіңімтал құнарлы заттармен
және сумен қамтамасыз ету және өнім алуға жағдай жасау мүмкіндігі; та-
биғи және тиімді болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: