Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет132/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   146
Конструктивті сын 
– жаман нәрсені меңземей, қалай дұрыс жасауға 
болатыны турасында айтылатын сын.
Көзқарас 
– әлдекімге немесе әлденеге қарым-қатынасына байланыс-
ты бір нәрсеге көзқарасы немесе ұстанымы.
Көкейтесті ақпарат
– қазіргі кездегі құнды ақпарат. 
Көлдер 
– құрлықтың мұхитпен араласпайтын, ерекше тіршілік 
жағдайлары мен ерекше ағзалары бар, ақпайтын немесе аз ағатын суы 
бар ішкі суқоймасы. Көл суының көлемі 278 мың км
3
немесе гидросфера 
суының жалпы көлемінің 0,016%-ы. Өзендермен салыстырғанда, көлдер 
баяу су алмасатын су тоғандары.
Көлік
– табиғи-шаруашылық жүйе элементтерінің арасындағы байла-
нысты қамтамасыз ететін инфрақұрылым негізі. Көлік жүйесі (КЖ) көліктің 
әр алуан түрін біріктіреді: автокөлік, теміржол, теңіз, ішкі су көліктері, құ-
быр жүргізу, авиациялық, дәстүрлі емес.
Көлік желісі 
– көліктің барлық түрлерінің (теңіз көлігінен басқа) 
жиынтығы. Тығыздығымен, ұзындығымен, өткізу қабілетімен (белгілі бір 
уақыт ішінде осы телім арқылы өтетін жүктің барынша мүмкін болатын 
мөлшерімен) сипатталады. Көлік желісіне көлік магистральдары – өн-
дірістік-аумақтық байланыс жүйесінде үлкен маңызға ие негізгі көлік 
жолдары кіреді. Оның даму деңгейі көлік торабының – көліктің бірне-
ше түрлерінің (темір және тасжолдар келіп тірелетін өзен порты) жолы 
қиылысатын пункттерінің бар болуымен сипатталады.
Көмір өнеркәсібі 
– көмірді өндіру және байытуды іске асырады, жерас-
ты (шахталық) және ашық (қима) көмір өндірісі, жартылай дайын өнім-
дерді (көмірбрикеті) байыту және өндіру кәсіпорындарын біріктіреді.
Көпшілік алдында сөз сөйлеу 

 
белгілі аудиторияға бағытталған ті-
келей қарым-қатынас жасау жағдайында сөз сөйлеу ісінің айрықша түрі; 
шешендік сөз.
Күн райы
– дәл қазіргі сәттегі белгілі бір аумақтағы атмосфера күйі. 
Күн райы метеоэлементтердің жиынтығымен сипатталады: температу-
рамен, қысыммен, ылғалдылықпен, жауын-шашынмен, бұлттылықпен. 
Күн райы құбылмалылығымен, алуан түрлілігімен және қайталанатын-
дығымен ерекшеленеді.
165
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет