Қ айраң – материктер мен аралдардың су астындағы жиектерінің аз
сулы (әдетте 200 м-ге дейін) бөлігі, салыстырмалы түрде беті тегістелген
және көбінесе материктік типтің қыртысынан түзілген болмашы ылдила-
ры болады.
Қала маңындағы шаруашылық (қала маңында ауылшаруашылығы-
на мамандану) – максималды қарқындылыққа ие және ереже бойынша
трансаймақтық сипатқа ие агломерацияның айрықша қажеттіліктеріне
бағытталған шаруашылық жүргізу түрі.
Қалдықтардың тұтастанбауы – өнеркәсіптік өндіріс пен адамзат
іс-әрекеті қалдықтарының өңдеудің келесі кезеңіне қайта оралуы, мыса-
лы, екінші қайтара қағаз бен қатырмақағаз әзірлеу үшін макулатураның
жиналуы.
Қарқын –
бір нәрсені жүзеге асырудағы, қандай да бір істі, тапсырма-
ны орындаудағы жылдамдық дәрежесі.
Қара металлургия – ауыр өнеркәсіп саласы, мәшине жасауды және
басқа да көптеген салаларды дамыту базасы. Қара металл (темір) мен
прокат өндіру де жатады.
Қауіпсіздік техникасы – оқушылар мен жұмысшылардың өздерінің,
сонымен қатар оларды қоршағандардың тіршілігі мен денсаулығына қа-
уіпті оқиғалардың алдын алуға бағытталған, оқушылар мен жұмысшы-
лардың мінез-құлқына және олардың өздерінің оқу және жұмыс функция-
ларын орындауына қойылатын талаптар.
Қоғам дамуының экономикалық тарихын кезеңге бөлу – қоғам
дамуының айтарлықтай маңызды кезеңдерінің әрқайсысында экономи-
каның жетекші саласы туындаған, ол кейіннен өзінің айналасында өзіне
тән салаларды қалыптастырған. Қоғамның барлық белгілі «технология-
лық» тарихын бірқатар ірі кезеңдерге бөлуге болады (аграрлыққа дейінгі,
аграрлық, индустриялық, индустриялықтан кейінгі), олардың әрқайсы-
сына адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының сипатын қағида
түрінде өзгерткен өзіндік технологиялық толқыны және одан туындаған
қоғамның аумақтық ұйымдарының түрлері сәйкес келді.