Мұқитанов Наурызбай Кішібайұлы
(1941-
1999 ж.) – философия ғылымдарының докторы,
профессор. Ол теориялық географияның дамуына,
геогра фияның идеялары мен мағлұматтары түсіні-
гіне өлшеусіз үлес қосты. Әлемдік деңгейдегі гео-
граф-ғалымдардың қатарына кіреді. Н.К. Мұқита-
нов – дүниежүзінің 9 тілінде жазылған 100-ге тарта
жарияланымдардың авторы. Негізгі еңбектері:
«Географиялық мәліметтерді теорияландырудың
методологиялық мәселелері», «Физикалық гео-
графиядағы бүтінділік мәселесі», «Географияны теорияландырудың
24
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы
методологиялық мәселелері», «Страбоннан біздің күнге дейін: Геогра-
фиялық түсініктер мен идеялар эволюциясы».
Н.К. Мұқитанов өз еңбектерінде география ғылымында алғаш рет
теориялық географияның негізгі тұжырымдамасына жан-жақты тал-
дау жасайды; әлеуметтік географияға дәлел келтіреді және оны бар-
лық географиялық мағлұматтармен органикалық түрде байланыс-
тырады; көне заманнан бастап географиялық ой қалай қалыптасқан-
дығына, заманауи география экологиямен және басқа ғылымдармен
қалай өзара қатынасатынына, география заманауи ғылымдар жүйе-
сінде қандай орын алатынына жауап береді.
Двоскин Бениамин Яковлевич
(1923-1991 ж.) –
экономик-географ, география ғылымдарының док-
торы, Қазақстандағы экономикалық география
ғылымын ұйымдастырушылардың бірі. Зерттеу-
лерінің негізгі бағыттары – Қазақстан өнеркәсібінің
географиясы. Ол республиканың өндірістік күшін
дамыту және орналастыру мәселелерін, қара ме-
таллургияның және өнеркәсіптің басқа да салала-
рының шикізат базасын зерттеді. Еліміздің нақты
ресурстарын экономикалық бағалауға, экономи-
калық-географиялық аудандастырудың теориялық негіздеріне, ай-
мақтық экономикаға және аймақтық жоспарлауға көп көңіл бөлді. Ол
халық географиясы, еңбек ресурстарының пайдаланылуы, көлік-эко-
номикалық байланыстарды дамыту және үлестіру мәселелерін зерде-
леді, аумақтық-өнеркәсіптік кешендерге жіктеу жасады. Қазақстанның
өнеркәсіптік кешендері мен тораптарын қалып тастыру және дамыту
мәселелерін егжей-тегжейлі зерттеді.
400-ден астам жарияланымның, оның ішінде «Қазақ КСР эконо-
микалық аудандастыру мәселелері», «КСРО өнеркәсіптік тораптарын
дамыту мәселелері (Қазақстанды мысалға ала отырып)», «Қазақ КСР»,
«Шығыс Қазақстанның өндірістік күші», «Қазақстанның аймақтық эко-
номикасының мәселелері», «Қазақстанның өнеркәсіптік кешендері»,
«Аумақтық-өндірістік кешендерді дамытудың экономикалық мәселе-
лері», «Қазақстанды экономикалық-географиялық аудандастыру» мо-
нографияларының авторы.
Қазақстанда география ғылымының гидрология, гляциология,
геоморфология, ландшафттану, картографиялау, топонимика тәрізді
бағыттары халықаралық деңгейде дамыған. Қазақстанның география
ғылымының дамуына үлес қосқан танымал ғалымдар 2-кестеде берілген.
25
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы
2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |