Сабақтың мақсаттары: ●
географиялық нысандар мен құбылыстардың номинациясының ар- тықшылықтарын анықтауды үйрену; ●
қазақ халқының халықтық географиялық терминдерінің мағынасын түсіндіру. Мақсатқа қол жеткізу үшін: ●
ұғым мен терминнің не екенін; ●
топонимдер, олардың класы мен қызметі туралы білу керек. Географиялық терминдер мен ұғымдар. Әр ғылымның өз
ұғымдар мен терминдер жүйесі болады, ол оның зерттейтін нысанда-
рының ерекшеліктерін көрсетеді және оны басқа ғылыми бағыттар-
дан немесе мектеп пәндерінен ажыратады.
Ұғым – бұл өзіне тән қандай да бір бел-
гілері бойынша затты немесе құбылысты
ойша жалпылау және осы түсінікті сурет-
тейтін сөз немесе сөз тіркесі. Жер бетінің те-
гіс емес екендігін байқаған адамдар оның
бүкіл жиынтығын
жер бедері деп атады
(1-сурет) . Оның биіктеу жерлерін
тау деп
атады, ал төмен және тегіс жерлері
жазық деп аталды.
Барлық осы ойша жалпылаулар – ұғым,
яғни адамдар түрлі нысандардың, құбы-
лыстар мен процестердің ерекшеліктерін
түсінуге және оларды белгілі бір топтарға жинақтауға ұмтылды.
Термин – бұл ұғымды айқындайтын сөз немесе сөз тіркесі. Егер
ұғым қалыптастыру кезінде адамдар ұқсас нысан, құбылыс пен про-
цестерді жинақтаған болса, онда термин оларды бөліп тастайды.
Көбінесе көпмағыналы болатын ұғымнан айырмашылығы – термин-
дер, әдетте бірмағыналы келеді. Терминмен айналысатын барлық ға-
лым мен мамандар нысанның нақты ерекшелігін айқын көрсетуі тиіс.
Халық арасында жер бедерінің көбіне тегіс түрлерін жазық деп атау
қабылданған. Бұл – ұғым. Ал «ойыс», «қырат», «үстірт», «таулы қырат»,
«шоқы» тәрізді сөздер – терминдер. Олар абсолюттік биіктікті және
нақты бір жазық беттің сипатын айқын көрсетеді.