ТАРИХИ ГЕОЛОГИЯ
●
ПАЛЕОНТОЛОГИЯ
●
ГЕОТЕКТОНИКА
●
МИНЕРАЛОГИЯ
●
ПЕТРОГРАФИЯ
●
ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ
●
ПЛАТФОРМАЛАР
●
ТАУ ТҮЗІЛУ
Сабақтың мақсаты:
●
жергілікті құрамдас бөлшектерді қоса алып, Қазақстанның геология-
лық тарихы мен тектоникалық құрылымын анықтау.
Мақсатқа қол жеткізу үшін:
●
жердің даму кезеңдері және әрбір кезеңде қандай процесс орын ала-
тындығын;
●
тау жыныстары ның жасын анықтау тәсілдерін;
●
Қазақстан аумағы мен өзің тұратын аймақтың геохронологиялық
даму тарихын білу керек.
Заманауи жер бедері құрылысының айырмашылығын түсіну үшін
оның құрылым тарихын білу қажет. Күн жүйесі тәрізді, Жердің де
даму тарихының ұзақ жылдарға созылған геологиялық дамуы зама-
науи жер бедерін қалыптастырды. Жердің даму тарихы
планетарлық
(ғарыштық)
және
геологиялық
кезең деген екі негізгі кезеңге бөлін-
ген. Планетарлық кезеңде күн жүйесі ғаламшарлары тәрізді, Жер-
дің құрылымы және бастапқы литосфера, бастапқы атмосфера және
бастапқы гидросфера құрылымдары түзілді. 4,5 млрд жыл бұрын Жер
дамуының жаңа геологиялық кезеңі басталды. Жердің даму тарихы
мен оның құрылымын
Достарыңызбен бөлісу: