Алматыкiтап баспасы


екі тектоникалық құрылымды



Pdf көрінісі
бет41/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

екі тектоникалық құрылымды
атап көрсе-
туге болады, олар –
 платформалар
(ежелгі – Шығыс-Еуропалық және 
жас – Батыс-Сібір мен Тұран) және
қатпарлы аймақтар 
(Сарыарқа, 
Мұғалжар, Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы және Тянь-Шань).
Геодерек. 
2007 жылы Торғай аумағынан өлкетанушы-зерттеуші 
Дмитрий Дея google earth программасында ғарыштық түсірілімдерді 
зерттеді. Осының нәтижесінде жұмбақ геоглифтерді тапты. Оларға 
«Үштоғай шаршысы» және «Торғай трикветрі» (Торғай үшсәулелі свас-
тикасы) деген атау берілді. Геоглифтер – периметр бойынша топы-
рақты үйіп не топырақтың жоғарғы қабатын қазу не ағаштар отырғызу 
арқылы жерге салынған геометриялық немесе пішінді өрнектер. 
Көптеген геоглифтердің үлкендігі соншалық, оларды ұшар биіктен 
ғана көруге болады. Оларды 2008 жылы кешенді зерттеу үшін turgay 
Discovery ғылыми-зерттеу жобасы құрылды. 
ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА
1.
Қазақстан жер бедерінің құрылымы неліктен күрделі?
2.
Сулы орта мен құрлық дәуірлерінің алмасу себебін түсіндіріңдер. 
Құрлық дәуірі Жердің даму тарихының қай кезеңіне сай келеді?
4.
Қазақстан аймағында тау түзілу процесінің аяқталмағанына қан-
дай себеп дәлел бола алады?
5.
Өз аймақтарыңда жер қыртысының қандай түрлері бар?
53
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


ОРОГРАФИЯЛЫҚ НЫСАНДАР

ЖАЗЫҚ

ҮСТІРТ

АЛАСА ТАУЛЫ ОБЛЫС

ҰСАҚ ШОҚЫ

ОЙПАТ 
Сабақтың мақсаты: 

Қазақстанның басты орографиялық нысандарына сипаттама беру.
Мақсатқа қол жеткізу үшін:

Қазақстанның жер бедерінің өзіне тән ерекшеліктерін;

ел аумағындағы жазықтық пен таулардың географиялық орналасуын;

жазық пен тау қойнауындағы табиғи байланыстарды адамдар қа-
лай пайдаланатындығын білу керек.
Жер бетінің сипаттамасы бойынша Қазақстан екі бөлікке бөлінеді: 
10%-ын биік таулар алып жатыр, олар еліміздің шығысы мен оңтүстік-
шығысында орналасқан, ал қалған бөлігі жазық пен ұсақ шоқылардың 
үлесіне тиеді. Қазақстанның қазіргі жер бедері – жердің ұзақмерзімді сырт-
қы және ішкі өзара байланыстарының нәтижесі. Бұл даму барысында 
климат пен тектоникалық қозғалыс тар бірнеше мәрте өзгерді. Қазақстан-
ның оңтүстік-шығысындағы неогенде басталған тау түзілу процесі қазіргі 
күнге дейін жалғасуда



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет