Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет40/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   146
салыстырмалы
және
 
абсолютті 
тәсілге жүгінді

51
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Тау жынысының салыстырмалы жасы тау жыныстарының қат-қа-
бат болып орналасуына сәйкес анықталады. Егер төменгі қабатында 
теңіз жәндіктерінің сүйектері табылса, демек, ол сулы орта дәуірі ке-
зеңіне жатады. Егер жоғары қабатында балықтардың сүйегі болмаса, 
ол қабатта құрлық кезеңі қалыптасқан. 
Радиоактивті элемент уран – тау жыныстарының 
абсолютті жа-
сын 
анықтайтын өлшеуіш. Ол жер қойнауында қорғасын мен гелийге 
бөлінеді. Өз кезегінде, гелий – инертті газ. Ол тез ұшып кететін болса, 
қорғасын қалып қояды. Ғалымдардың есептеуінше, 75 млн жыл ішінде 
100 грамм ураннан 1 грамм қорғасын пайда болады.
Қазақстан аймағының геохронологиялық даму тарихын қарасты-
райық. Өте ерте заманда Қазақстанның батыс бөлігінен басқа ай-
мақтарын толықтай теңіз суы алып жатты. Палеозой эрасының басын-
да бұл платформаны жайымен су алып, теңіз суы басып қалды. Осы 
уақыт аралығында жиналған шөгінді жыныс қорлары, қазіргі таңда 
платформаның беткі қабатын құрайды.
Палеозой эрасында таудың түзілуіне қатысты 
каледон
және 
гер-
цин
қатпарлығы атауларымен белгілі өте маңызды екі процесс орын 
алды. 
Каледон тау түзілу қатпарлығында Қазақстан аймағында құрлық 
телімдері пайды болды. Атап айтсақ, Сарыарқаның солтүстік-батыс 
және солтүстік Тянь-Шань аймақтары. Тау жыныстары мен пайдалы 
қазбалардың пайда болуының бір дәлелі – жанартаудың атқылауымен 
байланысы. Дегенмен пайдалы қазбалар жанартау атқылауынан ғана 
болмайды. Темір, магний тәрізді тағы басқа элементтерге бай магма 
жарықшақтар арасынан жоғары көтеріліп атқылайды. Осы арада теңіз 
түбінен Батыс–
Еуропалық платформа
көтеріліп шыққан

Герцин тау түзілу қатпарлығында Сарыарқаның батыс және орта-
лық бөліктері, Алтай, Тянь-Шань және Мұғалжар тауларының батыс 
жоталарының түзілуі аяқталды

Мезозой
эрасында Сарыарқаның бойына жазылған теңіз суы көп-
теген шығанақтарды түзе отырып, Қазақстанның тек қана батыс ай-
мағын алып жатты. Бұл шығанақтарға өзеннің ағынды суымен келген 
шөгінді материалдардың қорлары жиналды. Осы уақыт аралығын-
да тектоникалық қозғалыс біршама бәсеңдеп, таулардың түзілуінен 
бүлінуі басым болды. Тау жыныстарының бұл сынықтары терең ой-
паттарға жиналып, Қазақстан аймағында Батыс-Сібір және Тұран 
жас платформалары пайда болды. Осылайша жас платформалардың 
түзілу тарихын палеозой эрасының түзілімдері құрады. 
Мезозой эрасы-
ның 
соңында Қазақстан аймағы біркелкі тегістелді.
52
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Тектоникалық қозғалыстар 
кайнозай
эрасының неоген дәуірін-
де орын ала бастады. Теңіз сулары таяздап, Қазақстанның солтүстік 
және оңтүстік-батыс аймақтарынан су кетіп, құрғай бастайды. Неоген 
дәуірлерінің соңына қарай болған күшті жер қыртысының қозғалы-
сы альпілік таулардың түзілуіне жол ашты. Нәтижесінде жер қыртысы
көтеріліп және төмендегендіктен жарылып, Қазақстанның батыс және 
оңтүстік-батыс аймақтарында биік қатпарлы-тасжақпарлы таулы жер-
лердің түзілуіне әкелді. Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар)
Алатауы және Тянь-Шань таулы аймақтарында жер қыртысы екінші 
рет көтерілді.
Тектоникалық құрылымдар
деп айтарлықтай тұрақты және қозғал-
малы жер телімдерінен тұратын жер қыртыстарын атайды. Қазақстан 
аймағындағы маңызды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет