36-суреттегі картадан ауыр металдар өндірілетін жерлерді табыңдар.
Мыс – адамдар арасында техникалық
мақсатта қолданылған
алғашқы металл. Ең ірі мыс кен орындары
Орталық Қазақстан ай-
мақтарында шоғырланған: Жезқазған, Қоңырат, Саяқ, т.б. Мыс кенін
өңдеу мақсатында Балқаш және Жезқазған («Қазақмыс» АҚ) қалала-
рында мыс қорытатын комбинаттар салынған.
1.
36-суреттегі картадан еліміздегі мыс кен орындарын тауып көр-
сетіңдер.
2.
Шаруашылық мысты қандай мақсатта қолданатындығын анық-
таңдар.
Түсті металл кендерінде пайдалы
құрамдастар біршама басым,
дегенмен оларды өңдеу көп
электр қуатын талап етеді
(37-сурет)
.
1 т алюминийді балқыту үшін сағатына 21000 кВт электр қуаты қажет
болса, титанды балқытуға сағатына 40000 кВт электр қуаты қажет.
Осы себепті жеңіл металл өндіретін зауыттар арзан электр қуаты бар
мекендерде шоғырланған.
Алюминийді өндіру үшін қажет шикізат
боксит
деп аталады және
ол Қостанай облысындағы Амангелді, Краснооктябрь кен орындарын-
да өндіріледі. Глинозем өндіретін зауыттар Павлодар қаласында орна-
ласқан.
37-сурет.
Жеңіл түсті
металдар
80
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы
1. 37-суретке қарап, титан кен орындары
қай жерде шоғырланғанын
анықтаңдар.
2. Титан-магний комбинаты қай қалада салынған және комбинаттың дәл
сол қалада орналасуы қандай қағидаларға бағынады?
3. Бұл кәсіпорынға шикізат тағы қай жерлерден келіп түседі? Нелі ктен?
Достарыңызбен бөлісу: