35-сурет.
Өндірістің технологиялық тізбегі
Кен
өндіру
КБК-да
байыту
Қара темірді
балқыту
Тазартылған
темірді (таза)
балқыту
Прокат
Түсті металлургия өндірісі өнімдерінің технологиялық тізбегі
35-суретте көрсетілген.
Кен құрамында күкірттің болуы – ауыр металдардың ерекшелік-
терінің бірі, сондықтан балқыту кезеңінде уландырғыш күкіртті газ
пайда болады. Ол өз кезегінде өңделіп, күкірт қышқылына айнала-
ды. Түсті металдардың тағы бір ерекшелігі – құрамында пайдалы
құрамдастар аз болады. Сондықтан балқытатын зауыттар шикізат
алынатын кен орындарында орналасады.
Полиметалл өнеркәсібі орналасқан негізі аймақ –
Кенді Алтай
. Бұл
3 орталықтан тұрады: концентраттар өндіретін Алтай және Риддер,
Мырыш өндірісі көп энергияны талап ететіндіктен өңдеу жұмыстары
Өскеменде («Казцинк») жүргізіледі. Өндіріс жұмыстары арзан электр
қуатын беретін Бұқтырма СЭС-іне жақын орналасқан және қорға-
сын шығаруды қоса меңгеруге бейімделген. Қаратау жотасынан өн-
дірілетін кенді өңдейтін тағы бір қорғасын комбинаты Шымкент қала-
сында («Южполиметалл» АҚ) орналасқан.
36-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: