Алматыкiтап баспасы


Мақсаты:   ● Қазақстандағы минералды ресурстарға баға беру. Мақсатқа қол жеткізу үшін



Pdf көрінісі
бет66/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Мақсаты:
 

Қазақстандағы минералды ресурстарға баға беру.
Мақсатқа қол жеткізу үшін:

пайдалы қазбаларды барлауға кеткен шығындарын;

өндіру тәсілдерінің пайдалы қазбаларды игеру проблемаларына ықпа-
лы, шикізатты өндіру аймақтарындағы бедердің антропогендік 
пішіндері және экологиялық жағдайы, сонымен қатар мұның бәрінің 
адам денсаулығына әсерін;

аталмыш мәселелерді дүниежүзілік деңгейде шешу тәсілдерін білу керек.
ҮЙІНДІ

ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

ҚАЙТА АЙНАЛУ
Минералды ресурстарды игерумен 
байланысты мәселелер
15
82
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


орнықтылығын анықтауда жіберілген қателіктер және кеніштегі тіре-
уіштердің тау-кен геологиялық шарттарға сай келмеуі салдарынан, 
бұрғылау кезінде тау жынысында орналасқан шахталарда қабырға-
лар опырылып құлауы мүмкін. Мұндай оқиғалар салдарынан шахтёр-
лердің өміріне қауіп төнеді.
Пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу жұмыстары аймақтың 
экологиялық жағдайына әсер етеді. Біздің еліміз – дамыған кен игеру 
өнеркәсібі бар, пайдалы қазбалардың көптеген түрімен қамтамасыз 
ететін шикізат базасы. Бұл процестер Жер бетінің литосфера, атмос-
фера, гидросфера, биосфера тәрізді барлық салаларын қамтиды.
Минералды ресурстарды игерудің кез келген тәсілі жер қыртысын 
бұ зады. Нәтижесінде жер қыртысының опырылып құлауы, жарылуы не-
месе жер көшкіні болуы ықтимал. Осылайша биіктігі 300 м және ұзын-
дығы 50 км-ге тең жер бедерінің антропогендік пішінді карьер, үйінді,
террикон, жыралар пайда болады. 
1.
Жер бедерінің антропогендік пішіндерінің пайда болуымен бай-
ланысты экологиялық проблемаларды шешу үшін не істеу керек?
2.
Экологтер шикізатты қайта өңдейтін кәсіпорындарды қалай ор-
наластыру керектігін ұсынып отыр. Мұндай орналастырудың 
тиімділігі жайлы 2 мысал келтіріңдер.
3.
Шикізат қорларын үнемді пайдалану жолдары туралы ұсыныс 
жазыңдар. 
Өндірілген кендерді қайта өңдеу барысында ауаға метан, тотық, 
күкірт, көміртек, ауыр металдардың ауқымды мөлшері бөлініп шығады. 
Көбінесе, бұл үйінділер жанып кетеді және нәтижесінде атмосфераға 
зиянды газдар, атап айтсақ, көмірқышқыл газ, күкіртті газ, тұншықтыр-
ғыш газ және ауқымды мөлшерде шаң-тозаң шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет