Алматыкiтап баспасы


Су ресурстарының пайдаланылу жағдайы



Pdf көрінісі
бет105/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   146
Су ресурстарының пайдаланылу жағдайы. 
Қазақстан
 
Респуб-
ликасының экономика салаларының жылдық орташа су тұтынуы ша-
мамен 20–24,8 км
3
-ді құрайды. XX ғасырдың 90-жылдарының басын-
да бұл көрсеткіш шамамен 36,1 км
3
-ді құраған. Оның төмендеуі су 
көлемінің жағымсыз кезеңдеріне, сонымен қатар еліміздің экономи-
касында орын алған құрылымдық қайта құруларға байланысты.
Қазақстан Республикасындағы су тұтынушылардың негізгі топта-
рына мыналар жатады: ауылшаруашылық, өнеркәсіп және коммунал-
дық-тұрмыстық шаруашылық.
Гидроэнергетикалық ресурстардың пайдаланылуы.
Су тұтыну-
шылардан (суармалы егіншілік, өнеркәсіптік-коммуналдық және ауыл-
шаруашылықты сумен жабдықтау) айырмашылығы – гидроэнергетика 
137
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


суды пайдаланушы. Ол судың күші есебінен келетін су энергия сын су
көтеретін (суқойма) бөгет құрылысы немесе деривациялық гидро-
құрылыстар арқылы пайдаланады. Сонымен бір мезетте су электрстан-
сылары (СЭС) өзендердің су ресурстарын ластамай пайдаланады. 
Қазақстан Республикасының гидроәлеуеті жылына шамамен
170 млрд кВт сағатты құрайды. Сонымен бірге технологиялық пай-
далануға жарамдысы 62 млрд кВт. сағ, экономикалық жарамдысы –
27 млрд кВт. сағ, оның қазіргі күні жылына 8,8 млрд кВт сағаттан аста-
мы пайдаланылады.
Суды коммуналдық-тұрмыстық және ауызсу қажеттіліктері-
не пайдалану.
Тұрғындардың ауызсумен және тұрмыстық қажеттілік-
терін қамтамасыз ету – суды пайдаланудағы басым бөлігі. Су жинау 
көлемі шамамен 800–900 млн м
3
-ді құрайды.
Еліміздегі шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге іс жүзінде са-
лыстырмалы су қолданысы қаланың бір тұрғынына орташа есеппен
167 л/тәул., ал ауылдық елді мекеннің бір тұрғынына 68 л/тәул. құрайды.
Ел тұрғындарының орталықтандырылған құбыр арқылы тар-
тылған сумен қамтамасыз етілуі 75,2%-ды, орталықтандырылмаған су 
көздерінен алынатын сумен қамтамасыз етілуі 21,0%, ашық суқойма-
ларымен 1,6%, түрлі су көздерінен тасып әкелінетін сумен қамтамасыз 
етілуі 2,2%-ды құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет