1.
Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, 14-кестеде кел-
тірілген қазақтың халықтық географиялық терминдері қолданылған
топонимдердің толық тізімін жасаңдар. Қандай терминдер жиі, ал
қайсысы сирек қолданылады?
Бұл атаулар еліміздің қандай аймақтарына тиесілі?
Г
ЕОДЕРЕК
.
Түркі дүниетанымында жер жүзінің түкпірлері түрлі түс-
термен белгіленіп, мынаны білдірді: Солтүстік – қара (түн, қыс),
оңтүстік – қызыл (күндіз, жаз), шығыс – көк/жасыл (таңертең, көктем),
батыс – ақ (кеш, күз). Орталығы, нақтырақ айтқанда, аспан биігі – тас
төбе алтын/сары түспен белгіленген. Ақорда, Көкорда, Алтынорда
(түркі халықтарында), түріктерде Ақтеңіз (Жерорта теңізі), Қаратеңіз
атаулары осындай мағынада айтылған болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: