Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет102/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА
1.
Кішігірім зерттеу жүргізіп, атаулардың мағынасын айқындаңдар: 
– Ертіс, Есіл, Жайық (Орал), Сырдария, Тобыл, Іле, Шу, Торғай, Ойыл, 
Сарысу өзендері;
– Каспий, Арал, Алакөл, Зайсан, Сілетітеңіз, Сасықкөл, Құсмұрын, 
Марқакөл, Сарықопа, Шағалалытеңіз көлдері.
2.
Олардың орыс, қазақ (латын әліпбиі) және ағылшын тілдеріндегі 
транслитерациясын жазыңдар.
Зерттеу нәтижелерін әлеуметтік желілерге салынатын жазба тәрізді 
мақала түрінде көрсетіңдер. Жазбаның көлемі – 300–500 сөз.
Ұсыныс.
Атаудың мағынасын айқындаған кезде халықтық эти-
мологияны қолданбаңдар. 
Халықтық этимология
бұл лингвис-
тикалық заңдар мен тарихи шарттарды есепке алмай, атаулардың 
мағынасын олардың қандай да бір сөзбен кездейсоқ ұқсастығы (үн-
дестігі, ұйқастығы) негізінде түсіндіру. Мысалы, халықтық этимоло-
гия 
айна, көз
тәрізді гидронимдер құрамындағы терминдерді 
айна 
немесе 
адамның көзіне
, ал 
қара 
және 
қызыл
терминдерін – бұл екі су 
көзінде су әрқашан мөлдір болса да, ондағы судың түсіне ұқсастыра 
түсіндіруі мүмкін.
3.
Оронимдер, метеонимдер мен гидронимдер құрамындағы түстік 
семантика сәйкес келе ме? Ақ, қара, сары, қызыл, көк түстерінің 
мағынасын салыстырыңдар. Нәтижесін салыстырмалы кесте түрінде 
көрсетіңдер.
133
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Су ресурстарын бағалаудың қажеттілігі.
Өзінің шаруашылық, 
тұрмыстық қызметінде адам баласы үнемі суды қолданады. Су іс жүзін-
де экономиканың барлық салаларында қолданылады. Сондықтан су 
ресурстарын бағалау – өзекті мәселе. 
Бағалауға су ресурстарының келесі сипаттамалары алынады:
1. Су нысанының морфометриялық және морфологиялық көрсет-
кіштері.
2. Су массасының сандық көрсеткіштері.
Осы көрсеткіштер негізінде төмендегілер есептеледі:
• 
суды жалпы қажетсіну;
• 
сумен қамтамасыз етілу;
• 
өндірістің су сыйымдылығы;
• 
су нысанының белгілі бір шаруашылық мақсаттар үшін жарам-
дылығы;
• 
су нысанындағы судың сапасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет