суды пайдаланушы. Ол судың күші есебінен келетін су энергия сын су
көтеретін (суқойма) бөгет құрылысы немесе деривациялық гидро-
құрылыстар арқылы пайдаланады. Сонымен бір мезетте су электрстан-
сылары (СЭС) өзендердің су ресурстарын ластамай пайдаланады.
Қазақстан Республикасының гидроәлеуеті жылына шамамен
170 млрд кВт сағатты құрайды. Сонымен бірге технологиялық пай-
далануға жарамдысы 62 млрд кВт. сағ, экономикалық жарамдысы –
27 млрд кВт. сағ, оның қазіргі күні жылына 8,8 млрд кВт сағаттан аста-
мы пайдаланылады.
Суды коммуналдық-тұрмыстық және ауызсу қажеттіліктері-
не пайдалану.
Тұрғындардың ауызсумен және тұрмыстық қажеттілік-
терін қамтамасыз ету – суды пайдаланудағы басым бөлігі. Су жинау
көлемі шамамен 800–900 млн м
3
-ді құрайды.
Еліміздегі шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге іс жүзінде са-
лыстырмалы су қолданысы қаланың бір тұрғынына орташа есеппен
167 л/тәул., ал ауылдық елді мекеннің бір тұрғынына 68 л/тәул. құрайды.
Ел тұрғындарының орталықтандырылған құбыр арқылы тар-
тылған сумен қамтамасыз етілуі 75,2%-ды, орталықтандырылмаған су
көздерінен алынатын сумен қамтамасыз етілуі 21,0%, ашық суқойма-
ларымен 1,6%, түрлі су көздерінен тасып әкелінетін сумен қамтамасыз
етілуі 2,2%-ды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: