Кен орындарын барлау
– жер қойнауындағы минералдық шикізат
қорын анықтау және геологиялық-экономикалық бағалау; алдын ала
және егжей-тегжейлі анықтау сатыларынан тұрады.
Кесте
– мәліметтерді құрылымдау тәсілі. Біртипті жолдар мен баған-
дар бойынша деректердің орналасуын білдіреді.
Климат түзуші түрткіжайттар
– климат түзуші процестердің ерек-
шелігін және ағысының жылдамдығын анықтайтын географиялық
жағдайлар. Оларға: күн радиациясы, төсеніш бет (мұхит және материк
климаттарының типтері; батыс және шығыс жағалауларының климаты-
ның типтері), ағыс, жер бедері, адамдардың іс-әрекеттері.
Достарыңызбен бөлісу: