Жылыжай эффектісі
– атмосфераның төменгі қабаттарының жылы-
нуы, бұл оның Жерге Күннің қысқа толқынды
сәулеленуін өткізу және
Жердің ұзын толқынды сәулеленуін жұту қабілетінен туындаған.
З
ерттеудегі ақпараттық технологиялар
–
тәжірибе барысында
алынған мәліметтерді жинау, талдау және өңдеудің ақпараттық-компью-
терлік әдіс-тәсілдер жиынтығы.
Зерттеу
– жаңа білімдер алу немесе фактілерді анықтау мақсатындағы
жүйелі түрдегі тексеру жұмысы.
Зерттеу әдісі
– күрделі және көпфункционалды нысандар мен құбылыс-
тарды шынайы зерттеу мүмкіндігін беретін теориялық және практикалық
амалдар кешені.
Зерттеу кезеңдері
– зерттеу жүргізудің ретті (жүйелі) кезеңдері.
Зерттеу нәтижелерін ресімдеу стандарттары
–
зерттеу нәтиже-
лерін ресімдеудің көпшілік мақұлдаған ережелері.
Зерттеу тақырыбы
– берілген зерттеуде арнайы зерттелетін мәселе
немесе жекелеген сұрақ.
Зерттеу тәсілін жақсарту амалы
– барынша нақты нәтиже беретін
зерттеудің баламалы тәсілін іздеу.
Зияткерлік
(интеллектуалдық) меншік
– шығармашылық қызмет-
тің нәтижесі болып табылатын өнімдерді меншіктену.
Достарыңызбен бөлісу: