Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет128/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Деректерді ұйымдастыру 
– зерттеу қызметі барысында алынған 
мәліметтерді жүйелеу.
Деректер қоры
– ақпараттық-компьютерлік технологиялардың 
көмегімен табылып, өңделетіндей жүйеленген жекелеген материалдар 
(мақалалар, есеп-қисап, нормативтік актілер, статистикалық мәліметтер 
және осы тектес материалдар) жиынтығы.
Депопуляция 
– белгілі бір аумақта халықтың азаюы немесе мүлде 
жойылуы. Туудың азайып, өлім-жітімнің көбеюі.
Диаграмма
– бірнеше шаманың арақатынасын тез бағалауға мүм-
кіндік беретін бейнелеу, сурет, сызба, графикалық деректер кескіні.
Дүниежүзілік мұра
– 
ЮНЕСКО тарапынан бекітілетін, адамзат үшін 
ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңызы бар деп таныла-
тын табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандар.
Дүниежүзілік мұхит 
– үздіксіз су қабығын құрайтын мұхит және 
теңіз суымен көмкерілген Жер кеңістігі. «Дүниежүзілік мұхит» атауын
Ю.М. Шокальский ұсынды. Оның құрамына мұхиттар, теңіздер, шыға-
нақтар мен бұғаздар кіреді. 
Дүниежүзілік мұхиттың ресурстары 
оларға теңіз суы; мұхит 
түбінің минералдық ресурстары (әсіресе қайраңының – мұнай, табиғи 
газ, қатты қазбалар); энергетикалық ресурстар (толысу энергиясы, су 
қозғалысының энергиясы, жылу энергиясы); биологиялық ресурстар (мұ-
хиттың биомассасы – 35 млрд т) жатады.
Дүниежүзінің саяси картасы 
– жер шарының картасы, онда мемле-
кеттер, астаналар, ірі қалалар, т. б. көрсетіледі. Кең мағынада, аумақтың 
162
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


мемлекетке тиесілілігі туралы мәліметтер жиынтығы, саяси геогра-
фияның зерттейтін пәні. Дүниежүзінің саяси картасы – мемлекеттік түзі-
лістердің географиясы, түрлі саяси-экономикалық белгілері бойынша 
мемлекеттерді аудандастыру жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет