Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет32/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   146
ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА
1. 
Компьютерде терілген 1–2 бет мәтін көлемінде географияны оқып 
үйренген кезде академиялық хат жазу дағдысын игеру қажеттігі 
туралы эссе жазыңдар. Өз беттеріңше осы бағытта бірегей тақырып 
қалыптастырыңдар.
40
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Менің географиялық жетістіктерім
5
1. 
Көрнекті қазақстандық географ, академик Ә.С. Бейсенованың 
жазған мақаласынан берілген үзіндіні оқыңдар. Мақаланың тақыры-
бы бойынша оны оқымай жатып, мазмұны не туралы екенін білуге 
бола ма?
Орталықтың қайда болғаны дұрыс
(астананы Ақмолаға көшірудің экономикалық-географиялық 
қыры туралы 
Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Рес-
публикасының астанасы туралы» Жарлығы шықты. Бірден айта йын, 
мен астананың Ақмолаға көшкенін қолдаймын. Ғалым ретінде өз ұста-
нымымды дәлелдеуге тырысайын.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа мұндай шешім қабылдау оңай 
болмады деп ойлаймын. Тіпті астананы көшіру өте көп мөлшерде 
материалдық шығынды талап ететіні үшін. Бірақ біздің респубиканы 
дамытудың, оның болашағының мүддесін қозғап отырғанымыз дау-
сыз. Экономиканы табысты дамытудың болашағы, Қазақстан тұрғын-
дарының хал-ахуалын жақсарту көп жағдайда біздің ауқымды шаруа-
шылығымызды басқарудың тиімділігіне, оның барлық салаларының 
өзара айқын әрекет етуіне байланысты. Сондықтан басқарманы орна-
ластыру үшін оңтайлы жер таңдау үлкен маңызға ие. Сонымен бірге 
астананы көшіру бірқатар стратегиялық мәселелерді шешуге мүмкін-
дік береді: мемлекеттік шегарадан қашықта болу астананың қауіпсізді-
гін қамтамасыз етеді және сыртқы экологиялық әсерлерден төнетін 
қауіпті төмендетеді.
Жаңа жер астана үшін және аумақтық орналастыруға, сонымен 
қатар республиканың өндірістік күшін дамытуға пайдалы әсер береді. 
Сонымен бірге астананың көшуіне пайда әкеле қоймайтын мәселе-
лер де туындауы мүмкін. Сондықтан оларға жауап беру үшін, осы екі 
қалаға бірнеше қырынан салыстырмалы сипаттама беру қажет, олар-
дың ішінде экономикалық және әлеуметтік сипаттамасына маңызды 
орын беріледі.
Астананы Ақмолаға көшірудің пайдасы жөнінде түрткіжайттар
мыналар: Алматы қаласы орналасқан ауданның сейсмикалық, сел 
жүру қаупі жоғары, апатты тасқын, көшкін туындау мүмкін екендігі 
қауіп төндіреді, қытайлық Лоб-Нор ядролық сынақ алаңының жақын-
дығы, нашарлаған экологиялық жағдай.
Алматы бірнеше қауіпті күндерді бастан өткерді. 1921 және 1973 
жылдары Кіші Алматы өзенінің арнасында қауіпті сел жүріп өтті. Жер 
41
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


сілкінісі туралы да дәл осыны айтуға болады, ол да бұрынғы өткен 
уақыттарда аз болмаған. Апатты жер сілкіністерінің қатарына 1887 
және 1911 жылдардағы жер сілкіністері жатады. Лоб-Нор ядролық 
сынақ алаңында жасалған ядролық сынақтардың Алматы қаласы 
орналасқан аймаққа да зияны көп. Әсіресе Қытайда іске асырылған 
ядролық жарылыстан кейін, маусым айында, жел біздің жаққа қарай 
соққан кезде жауатын қышқылды жаңбырлар қауіпті.
Қазір Ақмола – дамыған құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ 
өнеркәсіптерінің орталығы. Облыста (Ақмола облысы – авт.) өндіруші 
өнеркәсіп, электр энергетикасы, ауылшаруашылығының мәшине-
лерін жасау, астық егіншілігі, сүт және ет, жүн бағытындағы мал-
шаруашылығы дамуда.
Мұнда балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер, жалпы 
білім беретін мектептер, он алты ОКТУ (орта-арнаулы кәсіби техника-
лық училище – авт.), төрт жоғары оқу орны, басқа да мәдени-ағарту 
мекемелері бар. 
Ақмоланың табиғи және климаттық жағдайлары жаңа астана са-
луға қолайлы. Оның аумағының жер бедері – негізінен ұсақ төмпешік-
ті жазықтық. Ақмола қаласының ландшафтысы мен топырағы биік 
таулы жерлерге қарағанда әлдеқайда төзімді. Және де осы төзімділік 
оларға өздігінен тазаруға мүмкіндік береді. Оған климаттық (жел, 
жауын-ашын, температура) және геофизикалық (жерасты сулары, 
топырақтың қышқылды қалпына келу мүмкіндіктері) түрткіжайт тары 
жағдай туғызады. 
Теміржолдардың ұзақтығы (Ақмола облысында – авт.) 1180 км-ді 
құрайды, негізгі теміржол магистральдері Петропавл – Қарағанды – Шу,
Магнитогорск – Павлодар, т.б. Автомобиль жолының ұзындығы 5,8 мың 
километрге жетеді, оның ішінде темір құйматастан құйылғаны – 4,9 мың 
км жол. Ақмола әуе желісі арқылы Қазақстан мен ТМД-ның көптеген 
елдерімен байланысқан. 
Мұның барлығы Ақмоланы астана ретінде одан әрі дамытуға не-
гіз бар екендігін білдіреді. Әрине экономикалық және экологиялық 
сипаттағы қиындықтар онда да бар. Бірақ Алматыдағы тәрізді айқын 
көрініс беріп тұрған жоқ.
Жекелеген елдердің (мысалы, Ресей, Бразилия, т.б. бірқатар басқа
елдер) тәжірибесі көрсеткендей, оларда басты екі қаланың – бұрынғы 
және жаңа астананың бар болуы – білім беру, ғылым мен мәдениетті
дамытуға (Санкт-Петербург және Мәскеу) қолайлы әсер береді. Қазақ-
станның жаңа астанасы, біздің ойымызша, халықтар арасындағы дос-
тықты нығайтуға, республика халқын әлдеқайда жоспарлы, шынайы 
табиғи-тарихи түрде орналастыруға мүмкіндік беруі тиіс.
Казахстанская правда. 1995 ж., 20 қыргүйек
)
42
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


2. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет