Қашықтан барлауды арнайы аспап –
сезбек
арқылы жүзеге асы-
рады. Олар пассивті және белсенді болуы мүмкін. Пассивті сезбектер
(датчик) шағылған немесе шығарылған табиғи сәулеленуді түсіреді.
Белсенділері қажетті белгіні өзі сәулелендіріп, нысаннан түскен оның
бейнесін жазып алады.
Пассивті сезбектерге оптикалық және сканерлеуші құрылғылар жа-
тады. Олар шағылған күн сәулесінің диапазонында, ультракүлгін, кө-
рінген және жақын инфрақызыл диапазондармен бірге әрекет етеді.
Белсенді сезбектерге лазерді сканерлеуші,
радарлы құрылғылар,
қысқа толқынды радиометр, т.б. жатады.
Қашықтан барлаудың негізгі нысандарына мыналар:
– күн райы мен климат (жауын-шашын, бұлт, жел, турбуленттілік,
сәуле шығару);
– қоршаған орта элементтері (аэрозоль, газ,
атмосфера электрі,
тасымалдау, яғни атмосферада сол немесе басқа субстансыны қайта
үлестіру);
– мұхиттар мен теңіздер (теңіз толқыны, ағыс, су көлемі, мұз);
– жер беті (өсімдік, геологиялық зерттеулер, ресурстарды зерттеу
жатады.
Қашықтан барлаудың түрлі нысандары түрлі электрмагниттік сәу-
ле шығарады. Адамдар электрмагниттік спектрдің (көрінетін жарық)
тек аздаған бөлігін ғана қабылдай алатын болса, спутниктік тетіктер
электрмагниттік сәулеленудің, инфрақызыл жарық, ультракүлгін сәу-
лелену, радиотолқындар мен тіпті қысқа толқындар тәрізді басқа тип-
терін қолданады. Тау жыныстары, топырақ, су, өсімдік электрмагниттік
толқындарды түрліше шағылыстырады және жұтады. Тетіктер осы сәу-
леленуді тіркейді. Сәулеленудің тіркелген бейнесін ғарыштық түсірілім
немесе ұшу аппаратына байланысты аэрофототүсірілім деп атайды.
Жекелеген аэрофототүсірілім – тегіс сурет. Одан түсірілген
телімнің
үшөлшемділігін көру қиын. Онда бейнелер анық көрінбейді.
ЖҚБ құралдарында электрмагниттік сәулеленудің әр түрінің өзі-
не тән белгілі бір түсі бар, сондықтан ғарыштық түсірілімдер әдеттегі
фотосуреттерге ұқсамайды
(3-сурет).
3-сурет
. Аэрофототүсірілім және ғарыштық түсірілім (солдан оңға қарай)
45
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы