3. Ороним пішініне қарай.
Кейбір таулар мен жекелеген шыңдар-
дың аттарының шығу тегі олардың пішін ұқсастықтарына байланыс-
ты:
Сандықтау
(сандыққа ұқсайды),
Сауыр
(аттың сауырына ұқсайды),
Жал
(аттың жалына ұқсайды).
4. Белгілі бір өсімдіктің болуымен байланысты қойылады
–
Белсексеуіл, Қайыңды, Сарымсақты, Жуалы, Жалаңаш, Қотыр.
5. Жануарлардың нақты сол жерде мекендеуімен анықта-
ла ды
:
Үлкен Борсық, Кіші Борсық, Бұғылы, Арқарлы, Текелі, Қасқыржол,
Қояндытау, Доңызтау
.
6. Түске байланысты оронимдер
. Түске байланысты оронимдер
әрқашан түске байланысты бола бермейді.
Айрықша қолданыстағы
түс ерекшеліктері «ақ», «қара», «көк», «сары», «қоңыр»:
Ақтау, Қара-
тау, Көктөбе, Сарыарқа, Қоңыртау.
7. Бойында пайдалы қазбалардың болуы:
Теміртау, Жезді,
Жезқазған.
8. Сандық көрсеткіші бар оронимдер:
Үшқоңыр, Бестөбе,
Жетіжол.
9. Мемориалдық оронимдер
белгілі бір тарихи оқиғаларды білді-
реді. Сонымен қатар зерттеуші,
ірі ғалым, қоғам қайраткерлерінің
құрметіне олардың есімдері беріледі:
Жоңғар қақпасы, Ордабасы, Абай
шыңы, Бектауата
.
Достарыңызбен бөлісу: