Алматыкiтап баспасы


Көмір.  Жалпы геологиялық қоры



Pdf көрінісі
бет59/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Көмір. 
Жалпы геологиялық қоры
 
162 млрд тоннадан астам.
Қазақстан аумағында таскөмір мен қоңыр көмірдің 10 бассейні шо-
ғырланған және 300-ден астам кен орыны барланған. Көмір кен ор-
нының көп бөлігі Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан 
және Түркістан облыстарында орналасқан. Көмірді шахталық және 
ашық (карьерлік) деген екі тәсілмен өндіреді.
Қарағанды көмір бассейні 
Қазақстанның ұсақ шоқылы (Сарыарқа) 
жерінде 3600 км
2
алаңды алып жатыр. ТМД елдері арасында Кузбасс 
(Ресей) және Донбас (Украина) кен орындарынан кейін 3-ші орынға 
ие. Көмір қыртыстарының таяз жерде жатуы және олардың жоғары 
қуаттылығы арқасында, өнім құны басқа мемлекеттердің алап құ-
нымен салыстырғанда төмен болатын 
(27-сурет)

Бұл кен орнын алғаш қойшы бала Аппақ Байжанов ашқан бола-
тын 
(28-сурет)
. Ол 1833 жылы жер бетіне шығып қалған таскөмірді
27-сурет. 
Қарағанды көмір бассейнінің шахтасы
28-сурет. 
А. Байжанов
72
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


тауып алады. Мұндай қара тастар жанғанда өте жақсы жылу бөлетінін 
білген ол, өз туған ауылын ғана емес, көршілес ауылдарды да көмір-
мен қамтамасыз ете бастады. 
Қарағанды көмірі жоғары сапалы және кокстелгіш, сондықтан ол –
көршілес мемлекеттердің металлургиялық зауыттарының шикізат 
базасы.
1886 жылы Сындар Абылайхан ашқан 
Екібастұз көмір бассейні 
Павлодар облысында орналасқан. Бұл аймаққа 1893 және 1896 жыл-
дары орыс және француз инженерлері басқарған іздеу топтары 
жіберіледі. Кен орнын игеру 1895 жылы қолға алынды.
Екібастұз разрездерінің құры лысы Екінші Дүниежүзілік соғыстан 
кейін 1948 жылы басталып, 1-ші, 2-ші, 3-разрездер іске қосылды. Ең 
қуатты болып саналатын «Батыр» 
(29-сурет)
разрезі 1964 ж. (жобалық 
қуаты жылына 50 млн), «Восточный-Шығыс» (жобалық қуаты жылына 
30 млн.) разрезі 1979 жылы басталды. 
29-сурет. 
«Батыр» көмір разрезі
Екібастұз көмірі – күлі көп көмір (40% астам) және құрамында қоспа-
лар басым. Бұл кен орнының көмірі көптеген жағдайларда ЖЭС және 
металлургиялық комбинаттарда қолданылады.
Павлодар облысында қазіргі таңда жоғары сапалы қоңыр көмірді 
игеріп жатқан ірі кен орны – Майкүбен орналасқан. Өндіріс жұмыс-
тары ашық түрде жүргізілуде, көмірдің күлі – 22%. Көмір тұрғындардың 
коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне қолданылады.
Алакөл және Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Кендірлік 
(жылына 300 мың тонна), Жамбыл облысындағы Құланкетпес (жылы-
на 500 мың тонна), Ақмола облысындағы Сарыадыр (жылына 1 млн 
тонна), Қостанай облысындағы Торғай бассейні (жылына 500 мың 
тонна) тәрізді кен орындары – келешекке арналған жобалар.
73
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Қазақстан қара және түсті металдарға бай: темір, қорғасын,
мырыш, хром, алтын, алюминий, марганец, т.б. Сонымен қатар фос-
фор, асбест, тұз тәрізді бейметалл пайдалы қазбалардың орасан зор
қоры бар.
Темір
. Темір кенін өндіру жұмыстары 12 кен орындарында жүргізі-
луде. Қостанай облысында Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, т.б. 
кен орындары бар. Сонымен қатар Қарсақбай, Қаражал (Қарағанды 
облысы) және Кенді Алтай (Шығыс Қазақстан облысы) аймақтарында 
да қара металл кен орындары бар.
Қазақстан қойнауы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет