Алметов Н. Ш.,* Смаханов Т. С. п.ғ. д., доцент М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ., Қазақстан «Педагогика және психология»



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата02.12.2023
өлшемі350,07 Kb.
#131808
  1   2


ОӘЖ 37.014.68: /313/ 
Алметов Н.Ш.,* Смаханов Т.С.
п.ғ.д., доцент М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ., Қазақстан 
«Педагогика және психология» мамандығының 1-курс магистранты
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ., Қазақстан 
 
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КОНТЕКСТІ 
 
Автор корреспондент: 
n_almetov@mail.ru
  
 
Түйін: 
Мақалада рухани жаңғыру бағдарламасы жоғары оқу орындарында 
болашақ мұғалімдердің педагогикалық ойлауын қалыптастыру мәселесі қарастырылған. 
Қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани жаңғыру үрдістерінің педагог санасына әсері, дер 
кезінде педагогтар санасын жаңғыртудың қоғамдағы рухани жаңғыру үдерістері ықпалына 
назар аударынлған. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтар 
студенттерінің педагогикалық ойлауын қалыптастырудың формалары, әдістері мен 
тәсілдері анықталған. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық ойлауын рухани жаңғыру 
міндеттері аясында қалыптастырудың психологиялық - педагогикалық шарттары 
айқындалған. 
 
 
Кілттік сөздер: 
болашақ мұғалім, педагогикалық ойлау, рухани жаңғыру, 
қалыптастыру, педагогтардың жаңыртылған санасы, жоғары оқу орындары, оқу-тәрбие 
үрдісі.
 
 
Қазіргі Қазақстандағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру» бағдарламалық мақаласында анықталған қоғамдық сананы жаңғырту үдерістері 
жас ұрпақ тәрбиесімен тікелей шұғылданатын білім саласы қызметкерлерінің 
педагогикалық ойлауын дамытудың өзектілігін арттырады.
Қазіргі мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің мазмұны мен сипаты үздіксіз 
өзгерсітерге толы. Мектеп педагогы бастамашылдық, жауапкершілік, өзіндік кәсіби 
білімдері мен икемділіктерін ұдайы жаңғыртатын, жаңашыл, инновациялық шешімдерді 
батыл қабылдап, оларды оқу-тәрбие үдерісінде тиімді енгізуге даяр болуы тиіс
[1]

Педагогикалық сана педагогтың ойлауында көрініс табады. Мұғалімнің 
педагогикалық ойлауы педагогикалық іс-әрекеттің танымдық- функционалдық
құрамдасы. Педагогикалық ойлау арнаулы оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған.
Мұғалімнің педагогикалық ойлауы дегеніміз – бұл педагогикалық идеялар іздеу 
және табу, яғни оқу-тәрбие үдерісін өзгерту, жақсарту үдерісі. Педагог танымының 
нысаны - педагогикалық шындық, ол дер кезінде педагогикалық үдерістің мазмұны, 
формалары мен әдістері, педагогикалық жағдаяттар және құбылыстарды кірістіреді. 
Педагогикалық шындық оқушылар тұлғасы мен тәрбиелеуші ұжымды да кірістіреді. 
Е.К.Осипованың пайымдауынша, педагогикалық ойлау педагогикалық 
міндеттерді шешу үдерісі түрінде тіршілік етеді. Мұғалім күнделікті педагогикалық іс-
әрекет барысында көптеген ірі немесе кіші педагогикалық міндеттерді шешеді. 
Педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық ойлаудың бірнеше сапалары ажыратып 
көрсетіледі, олар – көп функционалдық, иерархиялылық, эвристикалылық, көптеген 
құрамдас бөліктерді қамтуы [2].
Автор мұғалім ойлауын дамытудың бірнеше жолдарын анықталғандығын атап 
көрсетеді, мысалы : 
- функциональды-операциональдық (студенттерге болашақ кәсіби-педагогикалық 
қызметтің негізгі құрамдас бөліктеріне сәйкес бөлектенген жеке педагогикалық міндеттер 
ұсынылады). Мысалы, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің гностикалық, конструктивтік, 


ұйымдастырушылық, 
коммуникативтік, 
жобалаушы 
құрамдас 
бөліктеріне 
сай 
педагогикалық міндеттерді шешу ұсынылуы мүмкін); 
- конструктивті-әдістемелік (болашақ мұғалімдер нақты әдістемелік мәселелерді 
шешеді, мысалы математиканы оқыту әдістемесі бойынша педагогикалық міндеттерді 
шешуі мүмкін, мұнда студенттердің әдістемелік ойлауы қалыптасады); 
- мәселелік- әдістемелік (студенттер оқу-тәрбие жұмысында пайда болатын 
үлігілік сұрақтарға жауап іздейді, тәжірибелік іс-әрекеттің нақты жағдайлары үшін 
шешімдерді шығармашылық әзірлеу қабілеттерін дамытады). 
Сондай-ақ, 
ғылыми-педагогикалық 
әдебиеттерде 
болашақ 
мұғалімдердің 
педагогикалық ойлауын дамытудың мынадай тәсілдері тиімді деп есептелінеді: 
-
педагогикалық жағдаяттарды модельдеу; 
-
конструктивтік міндеттерді шешу; 
-
педагогикалық ойындар өткізу 
[3]

Педагог шешетін негізгі міндеттер – бұл идеялық-адамгершілік, еңбек, эстетикалық, 
дене тәрбиесі т.б. тәрбие бағыттары мен міндеттерін шешу. Бұл міндеттердің әрбірі жеке 
міндеттерден тұрады. Мысалы, идеялық-адамгершілікке тәрбиелеу - оқушылардың 
қоғамдық санасын қалыптастыру, мінез-құлық пен іс-әрекетті қалыптастыру және
ынталандыру міндеттерінен тұрады. Бұл міндеттердің өзі оқушыларда адамгершілік 
білімдер мен түсініктер, көзқарастар, сенімдер мен идеалдарды, мінез-құлық
таптауырындары мен әдеттерді қалыптастыру міндеттерін қамтиды. 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында педагог санасын жаңғырту бірінші кезекте 
жаңа педагогикалық ойлауды қалыптастыруды көздейді. Сондықтан, ғылыми-
педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдау негізінде «жаңа педагогикалық ойлаудың» 
ерекше сипаттарын айқындауға әрекет жасаймыз. 
ТМД 
елдерінде 
әйгілі 
ресейлік 
педагог-ғалымдар 
Н.Д.Никандров 
мен 
В.А.Сластениндердің [4;5] еңбектерне сүйене отырып, жаңаша педагогикалық ойлаудың 
өзіндік ерекшеліктерін сипаттау мүмкін. Жаңа педагогикалық ойлау қарама-
қайшылықтар нәтижесінде пайда болады: Ескірген, әдетке айналған, педагогикалық 
шындықтың бұрынғы жағдайларында қалыптасқан педагогикалық ойлардың жаңа 
жағдайларға және қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келмеуі. Мысалы, Жаңа әлемдегі 
Жаңа Қазақстанның қазіргі қарқынды дамуы, мектете білім берудің жаңартлыған 
мазмұнына көшу, сөзсіз жаппай және жеке педгогикалық санада қалыптасып қалған ескі 
түсініктер, құндылықтардың педагогикалық шынайылықтың жаңа талаптарына қайшы 
келеді. Қалыптасқан ескі таптаурындар (стереотиптер) педагогикалық іс-әрекеттің жаңа, 
жоғары сапалық деңгейге өтуіне кедергі болады.
Жаңа педагогикалық ойлау шығармашылық, инновациялық ойлардың ескі 
педагогикалық шындық стандарттарының тосықтарын жеңіп өтуі арқылы қалыптасады. 
Мұнда педагогтың санасы өз күшін, маңыздылығын жойған, педагогикалық шындық пен 
тәрбиелік-дидактикалық өзара әрекеттесулерді шырмаған, дамуға бөгет болған 
пікірлерден арылады. Жаңа педагогикалық ойлау педагогтың және оқушылардың рухани, 
зияткерлік күштерін азат етеді. Енді педагогтың күші жаңа өзгерістерге сәйкес келетін, 
негізді, тиімді педагогикалық жүйелерді әзірлеуге, тұғырлар, құырылымдар, әдістер, 
тетіктер және әдістерді ізденуге жұмсалады.
Мұғалімнің педагогикалық ойлауының ұдайы жаңаруына педагогика ғылымында 
жаңа теориялық тұжырымдардың пайда болуы және негізделуі, жаңа әдістемелік 
жүйелердің және технологиялық үдерістердің ашылуы оң әсерін тігізеді. Қазіргі таңда 
педагогикалық іс-тәжірибені жаңғыртудың негізгі көзі - педагогикалық инновациялар 
болмақ, ал оның негізінде ғылыми-педагогикалық зерттеулер жататындығы құпия емес.
Рухни жаңғыру міндеттері аясында педагогикалық ойлауды жаңғырту оның алты 
бағытына сәйкес педагогикалық міндеттерді іске асыруды қажет етеді. Дегенмен, мұның 
үшін, бірінші кезекте қазіргі таңда жаппай және жеке тұлғалық деңгейде педагогтар 
санасында қалыптасып қалған, дағдыға айналған мынандай «шаблондардан»» арылу 


қажет: 
-
оқушы тұлғасы дамуында қоғамдық әсерлердің рөлін көтермелеу, баланың жеке 
дара табиғи мүмкіндіктерін елемеу; 
-
балалар ұжымының әсерін жоғары қойып тұлғаның дамудағы рөлін мойындамау, 
немесе өзіндік белсенділікті жоғары бағалап, ұжымдық тәрбиеге жеткілікті мән бермеу; 
-
педагогикалық басшылықты жоғары сатыға қойып, мұғалім мен оқушының өзара 
әрекеттесуін жете бааламау; 
-
сабақты мектепте оқытудың негізгі формасы деп жариялау, оқу үрдісін мұғалім 
мен оқушылар өзара әрекеттесуінің әртүрлі формалары жүйесінен құрайтындығына жете 
мән бермеу; 
-
жеке тұлғаның жан-жақты дамуын таяз түсіну, оны индивидтің барлық мәндік 
күштерінің қарқынды дамуы ретінде қабылдамау; 
-
оқушы тұлғасының дамуындағы іс-әрекеттің тұғырдың түпкі мағынасын қате 
қабылдау, оның тұлғаның іс-әрекет, қарым-қатынас және қатынастарда дамуына назар 
аудармау; 
-
тәрбие жұмысына функционалдық қатынас, тұтас тәрбие үрдісін бөліктерге 
ажыратып жүзеге асыру; 
-
тәрбие мен оқыту әдістерін тек оқушыларға әсер етудің тәсілдері ретінде 
қолдану, олардың өзіндік білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу дағдылары мен икемділіктерін 
қалыптастырудағы өзара әрекеттестік, қатынастар әлеуетін толық пайдаланбау[4;5]. 
Рухни жаңғыру міндеттері аясында педагогикалық ойлауды қалыптастырудың
кейбір бағыттарын нақты мысалдар арқылы көрсетеміз: 
Бәсекелестік қабілет бағытында болашақ мұғалімдер болашақта ұлттық білім беру 
жүйесінің аймақтық және халықаралық нарықта дамуы педагогтардың, мектептің 
бәсекелік қабілетімен анықталатындығын пайымдауы, білім, педагогикалық қызмет, 
педагогикалық шығармашылық өнімдері немесе білімді педагог мамандарға деген 
қажеттілк өте жоғары болатындығын түсінулеріне, сенулеріне қол жеткізу керек. 
Сондықтан, жоғары оқу орныныда кәсіби-педагогикалық білім беру мазмұнының 
студенттердің жаңаша педагогикалық ойлауын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін кеңейту 
мәселесі туындайды. Бірінші кезекте, педагогикалық пәндер мазмұны арқылы білім 
саласындағы аймақтық, халықаралық бәсекелесітк, мамандардың сапалы білім мен сапалы 
білім беру қызметінің мәні, мағынасы, мазмұны туралы білімдер ғана емес, пайымдар, 
сенімдер, көзқарастарды қалыптастыратын әдістерді қолдану керек. Мысалы, 
педагогикалық модельдеу, педагогикалық жобалау, кейс-стади, проблемалық мәселелерді 
шешу, пікірталастар, реал педагогикалық іс-тәжірибе үлгілерін презентациялау және 
талдау әдістері студенттердің педагогикалық ойлауын қалыптастырудың пәрменді 
тетіктері болып табылады.
Прагматизм бағытында студенттер перспективалық және ағымдағы «ақылды 
мақсаттар» қою, мектептің білімдік ресурстарының хал-күйін талдау және синтездеу 
негізінде оқу-тәрбие үдерісі сапасын арттырудың оқу жобаларын әзірлеуі, нақты 
педагогикалық жағдаяттарда нақты дидактикалық, тәрбиелік және дамытушылық 
міндеттерді шешудің алгоритмдерін жасау, мұғалімнің кәсіби тұрғыдан өзін жетілдіруі 
нұсқаларын дайындау, саламатты өмір салтын ұстану, жалып кәсіби-педагогикалық
қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыруда барлық ресурстарды ұтымды пайдалану 
бойынша педагогикалық міндеттерді шешуге кірістіріледі. 
Сананың ашықтығы бағытында педагогикалық пәндердің кейбір бөлімдері немесе 
элективті пәндерді ағылшын тілінде өту, басқа жоғары оқу орындары немесе шет елдік 
құрдастары, профессор-оқытушылар мен онлайн-тәртіпте пікір алмасу, әртүрлі 
педагогикалық жаңалықтарды оқып-үйрену, оларға өз көзқарастарын білідіру және
иновацияларды мектеп практикасына ендірудің схемаларын құруды ұсыну мүмкін. 
Студенттер педагогикалық жаңалықтарды оң қабылдауға, оларға бейімделуге даяр болуы 
тиіс.


Қорыта келе, болашақ мұғалімдердің педагогикалық ойлауы педагог санасын 
қалыптастырудың жалпы теориялық-әдіснамалық ережелері іргетасында, «Рухани 
жаңғыру» бағыттары аясында қалыптасуына қол жеткізу қажет. Педагогтар санасындағы 
дамуға кедергі жасайтын «шаблондардан» арылу, педагогикалық шындықты тануға, оң 
жағына өзгертуге деген талпынысты мотивациялау бүгінгі таңда студент, ал ертең мұғалім 
болып қызмет атқаратын тұлғаның педагогикалық ойлауын қалыптастырудың басымдық 
бағыты болады, деп есептейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет