Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Тілдің қызмет етуі мен дамуына әсер ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет52/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105
3.6 Тілдің қызмет етуі мен дамуына әсер ететін факторлар
Кез келген әкімшілік аумақтың белгілі бір уақыт кеңістігіндегі 
тілдік жағдаятын қарастырғанда оған әсер етуші әлеуметтік фак-
торлар назарға алынуы тиіс.


91
Ел-елде немесе бір елдің өз ішіндегі түрлі аумақтық бөліктерінде 
қалыптасатын тілдік жағдаятқа екі түрлі сипаттағы факторлар 
ықпал етеді. Оның біріншісі – объективті факторлар да, екін-
шісі – субъективті факторлар деп аталады. Бұл факторлардың 
алғашқысына адам санасынан тысқары әсер ететіндерді 
жатқызамыз да, соңғысына адамның саналы қызметімен байланы-
сты болатындарды айтамыз. Енді осыларға жекелей тоқталайық.
Объективті сипаттағы факторлар:
1.Тарихи фактор. Этностардың сол аумақта қоныстану 
ұзақтығы, материалды және рухани мәдениеттерінің бірлігі неме-
се өзгешелігі т.б.
2.Жағырапиялық фактор. Елдің немесе оның жекелеген 
бөлігінің физика-жағырапиялық бет-бейнесі, өзге елдермен, же-
келеген аймақтармен өзара тілдік қатынаста болуға ықпал ететін 
кедергілерінің барлығы не жоқтығы. Ел, аймақ аумағында қоныс-
танған этностардың сипаты, сол аумақтағы тілдердің не олардың 
өмір сүру формаларының таралу деңгейі және геосаяси жағдайы.
3.Уақыт факторы. Елдің немесе аймақтың белгілі кезең-
деріндегі тілдік жағдаяттың сипаты.
4.Этникалық фактор. Тіл – этностың лингвистикалық бел-
гісі. Сондықтан сол аумақтағы әрбір этностың демографиялық 
жағдайы ескерілуі тиіс, яғни аумақтағы тұрғындар саны, олардың 
этникалық құрамы, олардың жалпы ел, аумақ көлеміндегі барлық 
тұрғындар ішіндегі үлес салмағы қамтылуы керек.
5.Лингвистикалық фактор. Аумақтағы тілдер саны, олардың 
өзара жақындық немесе алшақтық дәрежелері, тілдердің өмір сүру 
формаларының (әдеби тіл, диалекті т.б.) лингвистикалық тұрғы-
дан зерттелгендігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет