қалайтындығыңызды ойлап, оның бағасын біліп, мақсатыңыздың
орындалуына қадамдар жасаңыз.
* Әр мақсатқа ӛзінің уақытын тағайындап, мақсатты сол кезде
орындауға тырысыңыз. Мерзімі жоқ мақсат сол бетінше кейінге қала
береді.
Ҥшінші -- мақсатыңыз қол жетерлік болуы керек. Яғни, Сіздің
қазіргі жағдайыңыз бен мҥмкіндігіңізге қарай алған мерзіміңіз дҧрыс
па? Әлде мерзімін созу керек пе? Немесе, жалпы алғанда
қол жетерлік
мақсат па?
Тӛртінші -- мақсатыңыздың релеванттығы, яғни осы мақсат Сіздің
ӛміріңіздің басқа салаларымен ҥйлесе ме? Басқа мақсаттарыңызбен
ше? Орынды ма?
Бесінші мақсат кҥш беретін болуы керек. Яғни мақсатыңызды
ойлаған сайын жҧмыс істегіңіз келіп кететінде, ҧйқыңыз шайдай
ашылып кететіндей болуы керек
Осы сҧрақтарға нақты жауаптар алғанда, Сіз ӛз мақсатыңызды
100пайызға тҥсінесіз. Ал, біздің табиғатымыз сол -- тҥсінген
«нәрсемізді» оңай да тез іске асырамыз. Мақсатты
іске асырмастан
бҧрын, ӛзіңізге мынадай сҧрақ қойыңыз -- бҧл мақсаттың мен ҥшін
қандай маңызы бар? Осы мақсаттарға жетсем ӛмірім қалай ӛзгереді,
Осы сҧрақтарға жауап беру арқылы ӛзіңізді оятып, мақсатқа тезірек
жетуге деген мотивация байда болады.
Менің айтарым, Сіздің уақытыңыз ӛлшеулі, сол себепті сол алтын
уақытыңызды біреудің «арманын» орындауға ысырап етуден аулақ
болыңыз! Сізге не керек, Сіздің жаныңыз нені қалайды тек Сіз ғана
біліңіз. Сондай мақсаттарды орындауға атсалысыңыз,
сонда ғана Сіз
мақсатқа жеткеніңізден рахатқа бӛленесіз. Мен Сізге тек қана сәттілік
тілеймін! Армандарыңыз кӛп болсын, ҥлкен болсын! Белгілі ақын
Мҧхтар Шахановтың:
Мәңгі лаулап жану ҥшін ғаламда,
Ҥлкен бақыт табу ҥшін ғаламда,
Ҥлкен болып қалу ҥшін ғаламда,
Ҥлкен арман керек екен адамға, -- деген әдемі ӛлең шумақтары
осы тақырыпқа сай келіп тҧрғандай. Мақсат – ҥлкен болуы керек.
Байқайсыз ба, қай қалаға барсаңыз да кіре беріс жолда жол-кӛлік
оқиғасы кӛп болады. Неге деп ойлайсыз? Ӛйткені әлгі апатқа
ҧшыраған кӛліктің жҥргізушісі межеленген қалаға кірген бойда ӛзін-ӛзі
бос ҧстайды, «Уф, жеттім-ау!» деген нәрсе миға әсер етіп, кӛлік тізгінін
босаңсытып алады. Апаттың қалаға немесе ауданға кіре беріс жолда
жиі болатыны міне, осы себептен.
Адамның мақсаты да осындай.
Егер алға қойған мақсатыңыз
кішкентай, оп-оңай қол жеткізетін болса, бойыңызды «Болдым,
толдым!» деген ой билеп алуы мҥмкін.
Тағы бір мысал ретінде 30-дан асқан азаматтарды алайық,
солардың ішінде: «Уф, Аллаға шҥкір, бала-шағам бар. Ҥй салып
алдым. Болдым, толдым», -- деп қолдарын қалтасына салып алып,
қарынға май байлап шіреніп жҥредер бар. Олар неге ӛйтеді? Ӛйткені
олар әу баста мына нәрсені кӛздеген: «Машина алам, ҥй алам,
ҥйленем, бала-шағам болады». Міне, кӛрдіңіз бе, мақсаты кіп-
кішкентай, қолжетімді болған соң, ӛздерін-ӛздері «тастап» жіберді.
Ал
енді қыздарды айтайық, кӛбі: «Тҧрмысқа шықсам, бала
тапсам, жақсы бір жҧмысқа орналасып алсам», -- деген мақсат қояды
алдарына. Тҧрмысқа шығады, бала табады, жҧмысына орналасады,
бітті! Сосын жастары 40-тан асқан шақта: «Не қарап жҥрмін, ертең
мына бала-шағаның жағдайы қандай болады?» -- деп «ояна»
бастайды. Ал егер әлгі қыз алдына: «Мен мынадай азаматқа шығамын,
пәлен балам болады, оларға мынадай жағдай жасаймын. Біздің
отбасымыз мынадай болады. Тҧрмыс жағдайымыз мынадай болады»,
--
деп алдына ҥлкен әрі нақты мақсат қойса, әлдеқайда ҥлкен
жетістікке жеткен болар еді. Ӛйткені мидың
қабілетін толық қолдану
ҥшін, миға ҥнемі тапсырма беріп отыру қажет.Ал, мидың кҥшін ӛмірдің
соңына дейін толыққанды қолдамнамын десеңіз Сізде ӛміріңіз
жетпейтіндей мақсаттар болуы шарт!
Сондықтан ӛмір мағынаға толы болу ҥшін, ҥнемі ізденісте жҥру
ҥшін, тынбай еңбек ету ҥшін, жақсы нәтижеге қол жеткізу ҥшін
мақсатты ҥлкен етіп қою керек. Кем дегенде алдағы 10 жылға мақсат
қойыңыз! Тағы да қайталап айтамын, мақсат нақты әрі қағазға
жазылған болсын! Біз не нәрсені қатты ойласақ, міндетті тҥрде ол
нәрсе шындыққа айналады. Яғни ӛміріміз мән-мағынаға толы болсын
десек, онда ойымыздағы арман-тілек, алдымызға қойған мақсат мәнді-
мағыналы болуы тиіс. Іске сәт! Алдыңызға Алатаудай биік мақсат
қойыңыз!
Достарыңызбен бөлісу: